103
шығарма жеке оқиғаларды автор атынан баяндаудан гөрі, сол
оқиғаларды кейіпкерлердің ойымен,
еске алуымен, болжау-
ымен беретіндіктен, романның синтаксистік бітімін осыған
сәйкестендіру әрекеті көзге түседі.
Мысалы, Тевкелевтің «орыс қағаздарын» – архивті ақтарып
отырып, Ноғай ордасының,
Алтын Орданың тарихтарымен
танысқан тұсын суреттегенде, сол тарихты лепті және сұраулы
сөйлемдермен баяндайды, өйткені баяндаушы автор болған-
мен, таным – Тевкелевтікі, сондықтан «Бір кезде күндей күр-
кіреген, Алтын Орданың ақырғы билеушісі – Тоқтамыс бол-
ғанда, Тоқтамыстың түбіне барлас Темір жетпеуші ме еді!..
Барлас Темірдің қанжығасына Тоқтамысты тоқтыша өңгеріп
беретін маңғыт Едіге ғой! Сонда Темір күні
кеше одақтасы
Едігенің өзіне қарсы шықпай ма? (Әрі қарай бір бетке жуық
осылайша кілең не сұраулы, не лепті сөйлемдер жалғасады –
221-222).
Бұл – диалог не монолог болып келген кейіпкер Тевкелевтің
сөзі емес, ойы, тарихты тануы. Әдетте тарих ты баяндау-
да етістіктің -
ды жалғаулы өткен шақ тұлғасы
(барды, келді,
атысты, шайқасты деген сияқты) жиірек қолданылуға тиіс.
Ал біз тілін әңгіме етіп отырған шығармадағы етістік баян-
дауыштардың тұлғасы түрліше болып келіп отырады.
Сайрамдағы жиынға қонған
ауылдардың қай-қайсысының
да үстінен күні-түні топыр
тарамас-ты. Төрткілдеп қазған
жер ошақтарда жабағы мен бағылан бүлк-бүлк
қайнар-ды
(57) (әрі қарай бірнеше сөйлем баяндауышы -
ады қосымшалы
осы тұлғамен келеді де келесі сөйлемдер
будақтап жатқан,
маздап тұрғаны сияқты баяндауыштармен аяқталып отыра-
ды. Бұлардың барлығы да – өткен оқиғаны суреттегенімен,
автордың жай баяндауы емес, Әбілқайырдың еске түсіруі
сияқты ракурстен (қырынан) баяндалған оқиғалар.
Тевкелев-
тің архив материалдарымен танысқаннан кейінгі ойымен
көрсетілген тарихи оқиғаларды суреттеуде де етістік баянда-
уыштар
шығады, басқарады деген сияқты дағдылы тұлға-
да емес,
шықпай ма, басқармай ма деген болымсыз көсемше
мен сұраулық шылаулы тіркеспен келген. Әрине,
бұл айтыл-
ғандардан
барды, келді, барған,
келген, барыпты, келіпті
сияқты өткен шақ тұлғаларындағы баяндауыштар жоқ деген
104
тұжырым шықпайды, олар да бар, тіпті өте көп,
бірақ автор
тұтас бір абзацты (кітаптың тұтас бетін не бірнеше бетін)
жоғарыда көрсетілгендей өзгеше тұлғалармен келген етістік не
есім баяңдауышты сөйлемдер етіп береді. Бұл – грамматикалық
тұлға-тәсілдердің осы шығарманың баяндау стилінің жалпы
тонына (үніне) сәйкес берілуі болып танылады.
Сөйтіп, роман тексінде аса күрделі, көп құрамды, ұзақ
сөйлемдер жиірек кездесетіндігі көзге түседі.
Сонымен қатар, әрине, қысқа, тақ-тұқ сөйлемдер де
баршылық. Оның қолданылу тұсы да шығарма сюжетімен
үндесіп жатады. Мысалы, автор кейіпкердің жүріс-тұрысын,
қимыл-қозғалысын өз атынан баяндағанда, сөйлемдері келте-
келте болып құрылады:
Достарыңызбен бөлісу: