181
жазушының
шеберлік стиліндегі ерекше тетіктерін оның
айтпақ идеясына бағындырылған тұстарынан іздеу керек.
Әдетте көркем туынды не автордың өз атынан, не кейіпкердің
атынан беріледі (баяндалады). «Шырағың сөнбесін» кейіп-
кердің аузымен берілген. Сөйлеп отырған – Нәзира. Бастан-аяқ
сөз де – соныкі, ой да – сонікі, таным- түйіндер де – Нәзиранікі.
Демек,
оқиғаларды баяндап, адамдардың ішкі-сыртқы
бейнесін беріп отырған – мектепті кеше ғана бітірген, тұрған
жерінен ұзап аттамаған, Қамқа әжесінен басқа адамдармен
көп «сырласпаған», Дариға жеңгесінің жеңгетайлығы мен
бастамасының арқасында ғашық болған-болмағанын өзі де
білмеген, жағасында төрт бұрышты екі кубигі бар командир
жігіт –
Қасымбектің етегінен ұстап, аяқ жетпейтін түу-түу
алысқа, Белоруссияға, жат ортаға кете барған Нәзира. Сон-
дықтан романның тілі де бастан-аяқ Нәзираның сөйлеу үрдісі,
сөз машығы болуы керек. Міне, тілге
келгенде, жазушыдан
күтетін шеберлік те, қиындық та, ерекшелік те осы жерде
көрінеді.
Қазақ көркем сөз дүниесінде
мәтіні кейіпкер атынан ұсы-
нылатын шығармалар аз емес. Автордың өзі баяндайтын
әңгіме, повесть, романдарға қарағанда, кейіпкердің аузымен
баяндалатын туындыларды жазу, меніңше, оңай емес. Бұған жа-
зушы әдейі барады, таңдап, барша ерекшелігі мен киындығын
біліп алып барады. Бұл жерде шығарма қандай кейіпкердің
атынан беріліп тұр – осының мәні зор. Ол кейіпкер жоғары ин-
теллект иесі, мәдениетті, жоғары білімді адам ба, ол еркек пе,
әйел ме, жас па, кәрі ме немесе мүлде сауатсыз не шала сауатты
ауыл адамы ма (мұндай жандар XX ғасырдың орта тұстарында
өмірде болды ғой), өмір жолын енді аттаған, орта мектепті
бітірер-бітірместегі (Нәзира сияқты) балғын жас па, қысқасы,
сөйлейтін кейіпкердің кім болатынының мәні – сол туындының
тілдік-стильдік шырайын танытады.
Әсіресе шығарманың
«заңды авторы» – жазушы таңдаған «қосалқы (әңгімелеуші)
авторының» әйел не еркек, жас не жасамыс болып келуінің
мәні орасан зор. Автор ер адам, ал «қосалқысы» әйел болса,
әсіресе таза қазақы ауыл адамы болса, «әйелше» сөйлей (жаза)
білуі керек. Ал әйелше, әйел балаша сөйлеу үшін әйел затының
182
психологиясын, ой түйіндеу қабілетін (ерекше лігін), тіпті
сөйлеу үстінде жиі қолданатын сөздері мен сөз түйдектерін де
жақсы білуі керек. Әйтпесе әңгіме нанымсыз шығады.
Т.Ахтанов Нәзираны сөйлетеді, кітаптың 367-бетінде баян-
далған оқиғалар мен суреттелген адамдар, оларға берілген
бағалар Нәзираның «аузынан шыққан». Жоғарыда айттық,
сөйлеуші кейіпкер 19 жасар, орысшасы мәз емес, «қазақша да
көп сөйлей бермейтін» Нәзира мен жазушы Ахтановтың (егер
осы романды Тахаң жазушы атынан баяндаса) сөз бен сөйлеу
машығына келгенде, аралары алшақ жатыр. Сондықтан жа-
зушы роман тілін Нәзираға икемдейді. Бірақ икемдеу деген –
шығарманы таза ауыл қызынша, «түк көрмеген» жасөспірімше
тым қарапайым, тым жұпыны, тым «ауылша» сөйлетіп жазу
емес. Белгілі орыс жазушылары, «сондай-ақ дүние жүзіндегі
ең шебер өзге жұрт жазушылары» сияқты жазушы Ахтанов та
сөйлеудің фото (ксеро) көшірмесін бермейді, тым қарапайым
күнделікті сөйлеу элементтерін,
жергілікті ерекшеліктерді
көп қоспай-ақ кейіпкерін түсінікті, көңілге қонымды, құлаққа
жағымды, «әдеби тілге» ұқсас түрде сөйлеуге икемдейді. Со-
нымен қатар ауызекі сөйлеу үрдісіне тән одағай, қыстырма
сөздерді, сөзін (ойын) дәлелдей түсетін мақал-мәтелдерді,
ретімен келіп тұрған кейбір қарапайым, тіпті тұрпайылау
сөздерді беріп отыруы – Нәзира әңгімесін шынайы етіп
шығарған. Фактілер келтірелік.
Баяндау мәнері – кәдімгі әңгіме айту стилі:
сөйлем дер,
негізінен, шұбалаңқы емес, жинақы:
Достарыңызбен бөлісу: