Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет79/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
Сөз құдіреті

аттың басы сияқты иегі ілгері ұмсынып біткен» (19-бет) жігіт. 
Ал Света сияқты сұлу келіншекке ұрлана көз тіккен командир 
еркектер «май ұрлаған мысықтай, көздері жалтырап шыға 
келеді» (110- бет). Ал Нәзира өңкей орыс әйелдерінің ішінде 
өзін «мен оларға орамалдың шетіне бөлек түйген түйіншек 
сияқты шығармын» деп сезінеді (165-бет). Қысқасы, осы 
тақылетті теңеулерді біраз теріп алуға болады.
Нәзира тіліне оралған эпитет-сипаттамалар да ауызекі тілге 
тән. Әйел – ақылды, тұрмысқа бейім, барлығына төзімді де-
ген сияқты осындай эпитеттердің орнына «әйел деген халық, 
айналып кетейін, жақсы ғой» (11-бет) деп 4-5 сөзбен бір-ақ си-
паттайды. Жақсы ғой деген екі-ақ сөз айналып кетейін деген 
қыстырма бағамен келгенде, әйел затқа қарата айтуға болатын 
небір әсем, әсерлі эпитеттерді басып кетеді.
Шығармада бас кейіпкер-автор Нәзира сөйлеп отырған- 
дықтан, жалпы сөйлеу (әңгіме айту) актісіне тән және бір белгі 
– сөйлеушінің әңгіме өзегі болып отырған адамдарға, болып 
жатқан оқиғаларға, өткенге не болашаққа қатысты көзқарасын, 
пейілін, бағасын т.т. білдіріп отыруы. Ол үшін әр алуан көңіл 
күйін (таңдану, аяу, жек көру, сөйлесу т.б. сияқты) білдіретін 
сөздерді (одағайлар т.б.) қыстыра сөйлейді. Келіншегінің аяғы 
ауыр екенін ескеріп, күйеуі ерте тұрып шай қойғанда, Нәзира: 
Қой құрысын, ұят-тағы, – дейді. Светаның күйеуі Николай 
туралы айтқанда: «Байғұс жаман жігіт емес» (110-бет), – деп 
баға береді. Мұндағы байғұс деген бір сөздің өзі қаншама 
эмоциялық реңк беріп тұр: жақсы досының күйеуі болған соң 
кеміткісі келмеген. Бірақ мүсіркеушілікке, әйтеуір көңілі, тол-
майтын пейілі де, қысқасы, бір байғұс сөзінің дәл осы жерде 
таңдап, оның қолданылуы, оның Нәзираның аузына салынуы 
– автор Тахаңның қалам шеберлігі.
Бейбіт кезде үлкен командирдің әйелі болған соң Ели завета 
Сергеевна соғыстың ең алғашқы күндерінде елге қайтуға бет 


186
алған әйелдер тобына күйеуі сияқты бастық болғысы келетінін 
оның қылығынан, іс-әрекетінен, қысқасы, жаңа жағдайдағы 
«тәртібінен» байқап қалған сезімтал Нәзира оны: «Бастық 
болғысы келіп... соншама тыштаңдаған, тыраш нәрсе» (114-
бет), – деп сынайды. Бұл жердегі тыштаңдаған деген сөз – 
күнделікті сөйлеуде қолданыла беретін бағалауыш сөздердің 
бірі. Оны әдетте қарапайым, тіпті дөрекілеу сөз деп танып 
жүрміз. Мұндай сөздердің экспрессивті бояуы өте қою болады. 
Нағыз жағымсыз баға, тыштаңдаған, тыраштанған, тыраш 
әйел демей, нәрсе деудің де стильдік сыры (жүгі) көрініп тұр: 
адамды нәрсе дей салу бір қарағанда, ауызекі сөйлеуде кетіп 
жататын жаңсақтық, ағаттық болып көрінуі мүмкін. Бірақ жа-
зушы Нәзираның аузымен осылайша айтқызғанда, осынау бір 
жағымсыз кейіпкерге әншейінде бас командирдің әйелі екенін 
әдейі көрсетіп, өзгелерге ақыл айтып, тіпті саяси үгіт-насихат 
жүргізіп жүретін, бірақ бастарына қиын күндер туғанда, 
мүсәпір кейпін көрсеткен Елизавета Семеновнаға деген 
жеккөрінішті қатардағы өзі сияқты адам санатына қоспайтын 
таным Нәзираға осылай айтқызады. Міне, көркем дүние тілі 
үшін сөз таңдаудың «көкелері» осындай және оларды бұл 
романның тілінен «күреп алуға» болады.
Нәзира-автор – өте нәзік жанды, сезімтал, көріп білгеніне 
өз бағасын бере алатын іштей «білімі жоғары» жан. Әсіресе 
ол адамдарды танығыш, бұл өскен орта – әке-шеше тәрбиесін 
көрген, әжесінің ақылы мен сөздерін құлағына құйып өскен 
орта болғандықтан, кәрі-жас әрбір адамға өз көзімен қарап та-
нып дағдыланған. Нәзира қиыр шетте, қиын жағдайда жүргенде 
де айналасын тани жүруден көз жазбайды. Жан досы (подру-
гасы) – Светадан бастап, өзі бірге соғыс өртінен (елге жету 
үшін) қашып келе жатқан әйелдердің барлығының дерлік бет-
бейнелерін, мінездерін, сөйлесу мәнерлерін аз сөзбен дәл та-
ныстырып отырады; балапандарын шұбыртқан тауықтай, төрт 
кішкентай баласы бар, бірақ сабырлы, асып-сасуды білмейтін 
Ираида Ивановна, хрусталь вазасын шүберекке орап, кеудесіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет