Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет78/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128
Сөз құдіреті

Онда қуанып оянушы едім... Адамның көңілі тоқ, төрт 
құбыласы түгел болса, ұйқы мен ояудың арасында сондай 
бір тәтті сәттер болады. Оны бірден сілкіп тастап, ұшып 
тұруға дәтің бармайды. Тек мені елегізіткен бір нәрсе оң 
жағым ойсырап жатыр. Ойбай-ау, Қасымбек менен бұрын 
тұрып кетіпті. Күйеуінің өзінен бұрын тұрғаны – жас 
келіншекке жараспайтын-ақ нәрсе. Егер елде, ауылда болсаң, 
жас келіннің әр қадамын баққан, сумаңдаған әйелдердің сүйір 
тіліне ілінер едім. Мұндай жағдайда мен үшін бір тәуірі 
біз елден алыста – Батыс Белоруссияда жүрміз. Күйеуім 
Қасымбек – әскери адам, аға лейтенант. Ал әскер дегеннің 


183
заңы өзіне басқа бо лады екен, күн демейді, түн демейді, кез 
келген уақытта жөнеле береді. Әрине, енді жай уақытта мен 
бұрынырақ оянушы едім, бірақ соңғы кезде Қасымбек менен 
бұрын тұратын әдет тауып алды... (6-бет).
Бұл – романның алғашқы беттерінен алынған микромәтін. 
Ең соңғы беттерінен келтірсек, мұнда да сөйлем құрылысы, 
мәтін түзімі бүкіл шығарманың өн бойындағыдай: сөйлемдер 
қысқа, көбінесе жай сөйлемдер, бірақ соншама ақпаратты, 
әңгіме желісі үзілмей тартылған:
Бірақ менің осал жерім көп екен. Вагонға бір орыс әйелі кірді. 
Қолына түйіншек ұстап келе жатыр ма десем, кішкентай 
қызын жетелеп келеді. Бес-алты жасар қыздың басына үлкен 
түбіт шәлі тартып, оның ұшын беліне екі қайыра орап бай-
ланып, кішкене қыз кіре сала орамалды шеш деп қыңқылдай 
бастады... Неден шошынғанымды білмеймін, тұла бойым дір 
ете түскендей болды... Көз алдыма кішкентай Па раша келіп 
тұра қалды... (366-бет).
Міне, бұл келтірілген екі үзінді (мысалдар) Тахауи Ахта- 
новтың «Шырағың сөнбесін» («Жазушы» баспасы, Ал маты, 
1981 жыл) кітабынан алынды (Әр мәтін бөлігінен соң осы 
кітаптың беті ғана көрсетіледі). Екеуінің де синтаксистік 
суреті бірдей. Және осынау бір үзіктерден Нәзираның тек 
сөз үрдісі ғана емес, жеке өз басының ұлттық психологиясы 
анық көрінеді. Ауылда тәрбиеленген қазақ қызының сана-
сында үлкенді сыйлау, ер азаматты қадірлеу сияқты ұлттық 
дәстүр сіңіп қалған. Оны Нәзира келте-келте қайырылған 
сөйлемдерімен ғана емес, ойбай-ау деген одағайдың аузынан 
қалай шығып кеткенімен де, жараспайтын-ақ нәрсе деп өзін 
өзі тәртіпке шақыруымен де көрсетіп тұр. Ал екінші үзіндіде 
Нәзираның нәзік жанын фашистер көз алдында атып тастаған 
алты жасар Параша балапанның өлімі өмірі көз алдында 
тұратын ауыр халін көреміз.
Максим Горький А.П.Чеховтың шығармашылығын сөз ет-
кенде, «Чеховтың жазғанында сөздің өзінен оның мазмұны 
көп» деген екен, яғни шағын бір микромәтінде, бір абзацта
кейде, тіпті, бір сөйлемде жазушы бірнеше идеяны (ойды, 
тақырыпты) қамтып кететіні болады. Т.Ахтанов кейіпкерінің 


184
аузымен берілген бір шағын мәтін үзігінде де әрі сол кейіп- 
кердің (айтушының) мінездемесі, алған тәрбиесінің – мораль- 
дық құндылықтарының сипаты, ішкі жан тебіренісі, ой қорыту 
машығы – қысқасы, біреу емес, бірнеше мазмұн жатыр.
Роман тілінің «жеңілдетілген синтаксисін» өз алдына жеке 
зерттеу нысаны етуге болады. Бұл жерде біздің көңіл ауда-
рып отырғанымыз және әрі қарайғы талдауларымыздың кілті 
– «Шырағың сөнбесін» романының кейіпкер аты нан баян-
далатын тілі ауызекі сөйлеу мәнеріне (үніне), яғни орысша 
«разговорная тональность» дегенге жататындығы және оның 
сөз қолданысынан бастап, сөйлем құрылысы, мәтін түзімі, 
әңгімеші автор мен кейіпкерлер тілінің жақындықтары мен 
алшақтықтары барын есте ұстап отыру болды.
Көркем шығарма тілін әңгіме еткенде, ең алдымен, көңіл
аударатын тұсы – лексикалық сипаты, яғни автордың сөз таң- 
дауы. Нағыз көркемсөз иесі, жазушылық талантты «Құдай- 
дың өзі берген» қаламгер қай шығармасында да «Сөз таңдау» 
дегенге бой ұрады, қай жерде қай сөзді қандай мақсат көздей 
қолдануға үлкен мән береді. Ал бұл туындысында сөз таңдауда 
Тахауи Ахтановтың иығына түскен жүк екі есе ауыр болғаны 
даусыз, алдымен, ол өзінің қалам иесі – жазушы екенін, 
екіншіден, өзі сөйлетіп отырған «кіші автор» – кейіпкер екенін, 
ол «автордың» ауылда өскен жап-жас қазақ қызы екенін бір сәт 
естен шығармауы керек.
Автор – Нәзира ұзын-сонар (бүкіл роман бойына) әңгімесін 
өзінің тілі шыққаннан машықтанған сөйлеу дағдысымен ба-
яндайды. Сондықтан мұнда күнделікті сөйлесуде, жай әңгіме 
айтқанда, «қызыл сөзге» көп жуымайды. «Қызыл сөз» деп 
отырғанымыз – кекесін, жағымсыз мәндегі термин емес, 
керісінше, эпитет, метафора, әсірелеу, кейіптеу сияқты көріктеу 
элементтеріне, үн гармониясына, яғни ұйқасты, аллитераци-
ялы, ассонансты қайталама қатарлы көріктеу құралдарына 
қатысты сөз орайы. Автор оларға өте сирек барады. Бұл – жал-
пы ауызекі сөйлеу тілінің нормалық сипаты. Міне, осы стильдік 
талапты жа зушы қатаң ұстаған. Роман тілінде әсем эпитет, ме-
тафора дегендер жоққа тән. Теңеулер негізінен аналитикалық 
амалмен, яғни суреттеме сөздермен беріледі және түгелге 


185
жуық қазақтың этномәдени сипатын танытатын үлгілер бо-
лып келеді. Нәзира бала күнінен көріп өскен, өзі білетін заттар 
мен құбылыстарды алып, соларға ұқсатып теңейді. Мысалы, 
Николай Топорков өзінің жан досы – «подругасы» – Светаның 
күйеуі – «сопақ бет, аласа шот мандай, су ішуге мойнын созған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет