24
Сөз таңдауы дегенде өз баяндауына (автор тіліне), сондай-
ақ кейіпкер тіліне қажет лексика топтарын д ұ р ы с ,
орынды,
шебер қолдануына назар аударылады. Бұл ретте жазушының
этнографизмдерді, тұрмыстық сездерді, жергілікті немесе
кәсіби сездерді, көне және сирек жұмсалатын сөздерді алғашқы
проза
жанрында қалайша таңдағаны, жұмсағаны айтылмақ.
Сөз қолданысы деген мәселе – көркем шығарма тілін
танытудың ең бір өзекті тұсы, мұнда стильдік-шеберлік жайт-
тары сөз болмақ (мысалы, сөздердің бір
тақырыптылығы,
модальдық бояуларының біркелкілігі, бір сөздің
қайта-
лануы, белгілі бір тұлғалардың жиі (актив), не
сирек (пассив)
қолданылуы,
синонимдердің қолданысы дегендерге барып
тіреледі).
Ал сөз әрлеу дегенде жазушының көріктеу
құралдарын
жұмсауы,яғни поэтикалық-көркем тілі сөз болмақ.
Бұлардың барлығы тіркеу (регистрация), түгендеу (фик-
сация) мақсатымен емес, көркем әдебиет стилінің алғашқы
прозалық үлгілеріндегі сипатты белгілерінің көрінісі тұрғы-
сынан зерделенбек.
Жазушының сөз таңдауын
немесе жазушы әңгімелерінің
лексика-фразеологиялық бітімін талдағанда, алдымен, су-
реткер шеберлігіне, даралық (өзіндік) мәнеріне тән сипаттар-
ға назар аударылады. Жазушы табиғат суретін беруде (М.Әуе-
зовтің 20-жылдардағы әңгімелерінің дені жаз, қыс, көктем, күз,
ертеңгілік, кешкілік кездеріндегі табиғатты әсем суреттеуден
басталады), кейіпкерлер портретін көрсетуде, оқиға барысын
баяндауда, қысқасы, осылардың баршасы үшін қазақ тілінің
сөздік қоймасын кеңінен ақтарады. Кез келген қазақтың аузы-
на түсе бермейтін сөздерді түсінікті етіп (контекст арқылы),
орнымен жұмсайды. Мысалы,
қадаулы қоналқылық... бие
байлау
науқаны... тау ішінің ықтыртыны жоқ,
ысқаяқ... қа-
лың қарағайды
құндыздап жүру... Көксеректің сайды
жал-
былап қашуы... тәрізді сөздерді жазушы қолдан жасамаған,
олар тіліміздің мол сөздік қазынасының «бұйымдары» екені
даусыз, соларды 20-дан жаңа асқан жас жазушы жалықпай
ізденіп, таңдап, талғап жұмсаған. «Қолдан жасаған» демекші,
көркем сөз шебері
суреттеп отырған құбылысты, оқиғаны,
25
адамдарды дәл атау үшін кей-кейде өзі де «сөз жасампаз»
болып кетуі мүмкін. Мысалы, қазақ бұрын қолдан отырғызыл-
ған қалалық бақ (парк) дегендерді білмеген, сондықтан сол
бақта жүретіндердің орныққан атаулары да жоқ. Мұхаң
бұларды «Кінәмшіл, бойжеткен» әңгімесінде
сейілшілер деп
атайды.
Сол сияқты жазылғанның үстіне өз пікірін білдіре салатын
қысқаша жазудың (орысша приписка) да қазақша бұрын ар-
найы аталуы болмаған, осыны Мұхаң
түртінді (түрте салған,
жаза салған) деп береді:
[Мейірхан] Жұмағұлдың
кішкене хатының (бұл да
за писка
дегеннің баламасы ретінде әр тұста әртүрлі
аталып келген
варианттардың бірі) үстіне «Бармаймын, тойың құрысын!» деп
қысқа
түртіндісін қондыра салып, отырып қалды («Оқыған
азамат»).
Өзі жасамағанмен,
қыдырмашы («ауыл-ауылдардан кел-
ген бөтен
қыдырмашылар жоқ» – «Оқыған азамат»),
соғымшы
сияқты сөздер де жаңадай сезіледі.
Осы жерде бір нәрсені ескертуге болады. Ол – қай жазушы-
ның болмасын, көркем шығармаларында жасанды сөздерді
кемде-кем ұсынатындығы. Мұның, сірә, бірнеше себебі болу
керек. Алдымен, зәрулік (ғылыми
терминдер жасаудағы
сияқты) онша зор болмайды, екіншіден, жаңа ұғымды, соны
танымдарды көркем шығармада бір сөзбен атамай-ақ, сурет-
теп (аналитикалық тәсілмен)
беруге бо лады, суреттеме атау
әрі түсінікті, әрі әсерлі, бояулы бо лып шығады. Үшіншіден,
жаңа тұлға өзінің бейтаныстығымен, жасандылығымен көркем
тігіске жатық түспей, шырық бұзып тұруы мүмкін. Сондықтан
жазушының қай-қайсысында да өзі жасаған жаңа сөздер
жүздеп емес, бес-ондап қана саналады. Ал Мұхтар Әуезовтей
сөз қазынасын түгел игерген, әрбір сөзге ерекше мән бере
білген, әр нәрсені атауға, суреттеуге, баяндауға келгенде, тілді
икемдей алған қас шебер жасандылыққа көп бармаған.
Тілді икемдей білу дегенде (бұл да – «сөз таңдау»-дың бір
амалы) М.Әуезов әңгімелерінде көзге түсетін даралық (ин-
дивидуалдық) мәнердің бірі – мағыналас (синоним), кейде
тіпті тақырыптас сөздерді қосарлап келтіру. Мыса лы: 20-жыл-