Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет11/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128
Сөз құдіреті

Қаралы күй Қарагөз өмірінің қалпы болған... Қарагөздің 
қаралы жаулығы салынып, қызулы базар есігін жапқанына 
алты жыл болды... Қарагөзді қаралы қылып, каңғыртып кет-
кен... Күздің айсыз қараңғы түнінде түн қатып жүрген жолау-
шы ұзақ қараңғылыққа қалай мойындап бағынса...
Мұнда қара сөзі қара бұлт деген тіркесте келіп, «траге дия» 
деген ауыспалы мағынада жұмсалады. Мұнда күн де, түн де 
қаралы: қаралы күндер, қаралы түн.
Сондай-ақ қаралы тор, қара жылан, дегенде де қара сөзі 
образ үшін келіп, бірі кейіпкердің күйі, екіншісі бойын биле-
ген нәпсі сезімін атайды: қаралы тор тұтқыны... қара жылан 
(Қарагөз бұл сезіміне осындай ат қойған) дүние қарауытып, 
айналып бара жатқандай болды. Жар құшағын аңсаған жас 
әйелдің сезімін де автор қараңғылық деп бейнелеп атайды:
Төсекке жатысымен, қараңғылық қайта айналды. Құмар- 
лықтың өзі жай сезілмейді, қарауытып шығып, жүз толқытады.
Бұл повесте қара сөзін «ойната» түсу үшін жазушы оның 
фонына көк (көк шалғын, ашық көк аспан), ақ (ақ денесі) 
сияқты түс атауларын да келтіреді.
Бір шығарма тексінде немесе оның период (абзац) сияқты 
бөліктерінде тақырыптас, мағыналас, модальдық реңктес сөз- 
дерді қолдану – көркем әдебиет тілінің бір белгісі. Сондықтан 
«Қаралы сұлудың» өн бойында қаралы күйге үндес сөздердің 
келуі орынды әрі әсерлі.


30
Қара жел үзілмей соққан күздің суық күніндей қуарған, 
жүдеу жылдар... Маңайын тұлдыр, құлазыған жалғыздық... 
қайғылы сұлу... қайғылы түйін, қаралы күңгірт көңіл...
Мұндағы суық, қуарған, жүдеу, тұлдыр, құлазыған
қайғылы, күңгірт сияқты сын есімдер де повесть оқиғасын 
суреттеп тұрған қара, қаралы, қараңғылық сөздерінің жалпы 
модальдық бояуына үндеседі.
Жазушы «Қорғансыздың күнінде» де қара сөзін (және одан 
туындаған сөздерді) бір абзацта шоғырлап келтіріп, оларға 
стильдік жүк артады.
Үйдің іші қараңғы. Бұрыш-бұрышында аяздаған қар
қабырғасы қара балшықпен сыланған кір. Төбесіне жапқан 
сырғауыл қарайған, түгел ыстан қап-қара...
Мұнда да қара сын есімі – азаматы өлген, кедей үй ішінің 
мекенжайының сыртқы картинасын ғана емес, аса жүдеу 
тұрмыс ахуалын, тіпті қорғансыздық күйін танытатын қосымша 
нышан.
Әрине, бұл амал өте сирек ұшырасады, ол кез келген сәт- 
те жұмсала бермейді. Бұған оқиғаның немесе шығармада су- 
реттелетін жеке бір ситуацияның оқырман сезіміне қатты 
әсер ететін, сол оқиғаның бір бояуына (тонына) жа зушы ерек-
ше екпін түсіре көрсеткісі келген мақсаты себепкер болады. 
Мұндайда көбінесе ақ, қара, сары, көк, сұр сияқты түс атаула-
рына немесе кейбір сын есімдерге, кейде үстеулерге стильдік 
жүк артылады.
Сөзқолданыста, сондай-ақ сөз таңдауда (бұл екі талап 
көбінесе қосылып та кетеді, өйткені жазушы таңдап алғаннан 
кейін, оны қолданады немесе, керісінше, белгілі бір мақсатта 
қолдану үшін сөзді таңдайды) айрықша әңгіме ететін тұс – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет