Қр ст 615-1-2011 Қазақстан республикасының мемлекеттік стандарты


Өрттен қорғау жабынының гигроскопиялығын анықтау бойынша сынақтар



бет3/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#169970
1   2   3   4   5

9.4.4 Өрттен қорғау жабынының гигроскопиялығын анықтау бойынша сынақтар

9.4.4.1 Сынау әдісінің мәні



Сынау әдісінің мәні өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабынының ылғалдың сіңіруіне төзімділігін анықтауда.

9.4.4.2 Сынау құралдары:



- 0 °C - 60 °C дейін температурасының ұсталып тұруын қамтамасыз ететін кептіргіш камера;

- қылқаламдар, шпательдер;

- таразылар (дәлдіктің ІІІ класы) ГОСТ 29329 бойынша;

- 1 сағ бойы өлшеу қателігі 10 с артық емес секунд өлшегіш;



- шыны сынапты термометр ГОСТ 13646 бойынша;

- ағаш үлгілерінің ылғалдығын анықтау үшін 7 % - 22 % дейін өлшеу шегі болатын «ЭВ-2К» типті электр ылғал өлшегіш;

- өлшеу қателігі 2 % артық емес, ауаның ылғалдығын анықтауға арналған құрал;

- металл өлшеу сызғышы ГОСТ 427 бойынша;

- бүріккіш әдісімен өрттен қорғау құралдарын түсіруге арналған құрылғы;

- ағаш үлгілерін сіңіруге арналған ыдыс ГОСТ 25336;

- эксикатор ГОСТ 25336 бойынша;

- зертханалық сүзгіш қағаз ГОСТ 12026 бойынша;

- 6-сулы (Zn(NO3)26H2O) азот қышқылы мырышы ГОСТ 5106 бойынша;

- тазартылған су ГОСТ 6709 бойынша;

- күкірт қышқылы ГОСТ 4204 бойынша;

9.4.4.3 Сынақты өткізуге дайындау



Үлгілер көлденең қимасы 30 мм × 60 мм және талшық бойының ұзындығы 150 мм тік үшбұрышты қайрақша түріндегі көлем салмағы 400 кг/м3 - 550 кг/м3, ылғалдығы 8 % - 15 % болатын түзу қабатты ауа – құрғақ қарағай ағашынан дайындалады, бұл ретте өлшемінен ауытқу 1 мм аспауға тиіс.

Ағаш үлгілерінде көрінетін тесіктер, шайыр қоспалары болмауға және ГОСТ 2140 талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Үлгінің бүйір беттері сүргіленіп, бүйірлері егеуленуге және тегістелуге тиіс

Сынақты өткізу үшін өрттен қорғау құралымен өңделген төрт негізгі үлгі және өрттен қорғалып өңделуі жоқ төрт бақылау үлгісі дайындалады.

Өрттен қорғау құралын түсірер алдында негізгі ағаш үлгілері (23 ± 5) °C температурасы кезінде 6-сулы азот қышқылы мырышының ерітіндісін қаныққан эксикаторда кондицияланады.

Сынақты өткізу үшін:

- сіңіру және қиыстырылған өрттен қорғау құралдары шел қабығынан жасалған ағаш үлгілерін пайдаланады;

- басқа да өрттен қорғау құралдарын шел қабығы немесе ядродан жасалған ағаш үлгілерін пайдаланады.



Терең (автоқалау) сіңіру тәсілімен өнеркәсіптік жағдайда өңделген ағаш үлгілері өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуін жүргізетін дайындаушы – кәсіпорынның техникалық бақылау бөлімі сынақ жүргізу үшін ұсынылады.

Ағаш үлгілерінде көрінетін тесіктер, шайыр қоспалары болмауға және ГОСТ 2140 талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Өрттен қорғау құралын түсірер алдында ағаш үлгілері (23 ± 5) °C температурасы кезінде 6-сулы азот қышқылы мырышының ерітіндісін қаныққан эксикаторда кондицияланады.

24 сағаттан соң өткізілген екі кезеңді өлшеу арасындағы үлгі салмағының өзгеруі 0,2 г артық емес болса, кондициялау тоқтатылады, нәтиже 0,1 г дейін жуықталады.

Кондицияланған ағаш үлгілеріне барлық жақтан сыналатын өрттен қорғау құралының қабаттары түсіріледі және кептіріледі.

Су негізінде дайындалған антипирен ерітіндісін өрттен қорғау объектісін беттік сіңіру кезінде ағаш үлгілері сіңіру ерітіндісіне жүктеледі, бұл ретте жемірілуге төзімді материалдан жасалған ыдыс пайдаланылады, оны үлгінің жоғары қырында ерітінді қабатының қалыңдығы 5 мм - 10 мм дейін құрайтындай етіп салады. Ерітінді температурасы өрттен қорғау құралының нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген температураға сәйкес келуге тиіс.
Ескертпе Қылқаламмен немесе өрттен қорғау құралының нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамада белгіленген технология бойынша бүрку тәсілімен сіңіру құрамын (антипирен ерітіндісінің) түсіру рұқсат етіледі.
Су негізінде дайындалған өрттен қорғау құралымен беттік сіңіргеннен кейін үлгілерді кептіру (45 ± 5) °C температурада кептіргіш камерада іске асырылады.

Өрттен қорғау құралының шығыны, түсіру, үлгілерді кептіру шарттары мен уақыты өрттен қорғау құралының нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген температураға сәйкес келуге тиіс.

Ағаш үлгілеріне түсірілген өрттен қорғау құралының жалпы шығыны әрбір қабатты түсіргеннен кейінгі шығындарды қосумен анықталады және өрттен қорғалып өңделу тәсіліне байланысты беттік ауданына немесе үлгі көлеміне жатады.

Әрбір өрттен қорғалып өңделгеннен кейін өрттен қорғау құралының шығыны өрттен қорғау құралын түсіргенге дейін және түсіргеннен кейін үлгі салмағының айырмашылығы бойынша таразылау әдісімен анықталады.

Өңделген үлгілерді сіңіру құрамымен өлшеу (антипирен ерітіндісімен) сіңбеген ерітінді бетінен ағысты тоқтатқаннан кейін жүзеге асады, бұл ретте үлгі бүйірінің ерітінді қалдығы сүзгіш қағазбен алынуға тиіс.

Сынақ алдында өңделген және кептірілген ағаш үлгілері (23 ± 5) °C температурада 6-сулы азот қышқылы мырышының қаныққан ерітіндісімен эксикаторда кондицияланады.

24 сағаттан кейін өткізілген екі кезеңді өлшеу арасындағы үлгі салмағының өзгеруі 0,2 г артық емес болса, кондиция тоқтатылады, нәтиже 0б1 г дейін жуықталады.

9.4.4.4 Сынақты өткізу



Сынақтар мына жүйелікпен өткізіледі:

а) тығыздығы 1,195 г/см3, күкірт қышқылын пайдаланып екі эксикаторда, ауаның салыстырмалы ылғалдығы (75 ± 5) % құрайды.

Әрбір эксикаторға екі бақылау және екі негізгі үлгі салынады.

Үлгілер бір - бірімен жанасу және эксикатор қабырғасымен жанасуын болдырмау үшін қабырғада орнатылады.

Орнатылғаннан кейін эксикатор үлгілері негізгі үлгілердің өрттен қорғау жабынының жағдайына кезеңді бақылаумен 30 күн ішінде қалыпты климаттық жағдайда қымтылып жабылады және ұсталады.

Сынақ аяқталысымен үлгілер эксикатордан алынады.

Үлгіде пайда болған конденсат сүзгіш қағазбен алынады.

Бақылау және негізгі үлгілердің гигроскопиялығы (7) формула бойынша анықталатын Гайн ылғалдың сіңіруі бойынша анықталады.
(m2 – m1) ·100

Гайн = , (7)

m1
мұндағы, Гайн – үлгінің ылғалды сіңіру, %;

m1 – сынаққа дейін үлгінің салмағы, г;

m2 – сынақтан кейінгі үлгінің салмағы, г.
Сынақ нәтижелері белгіленеді.

б) тазартылған суды пайдаланып екі эксикаторда, ауаның салыстырмалы ылғалдығы (95 ± 5) % құрады.

Әрбір эксикаторда қалған екі бақылау және екі негізгі үлгі орналастырылады.

Үлгілер бір - бірімен жанасу және эксикатор қабырғасымен жанасуын болдырмау үшін қабырғада орнатылады.

Орнатылғаннан кейін эксикатор үлгілері негізгі үлгілердің өрттен қорғау жабынының жағдайына кезеңді бақылаумен 30 күн ішінде қалыпты климаттық жағдайда қымталып жабылады және ұсталады.

Сынақ аяқталысымен үлгілер эксикатордан алынады.

Үлгіде пайда болған конденсат сүзгіш қағазбен алынады..

Бақылау және негізгі үлгілердің гигроскопиялығы (7) формула бойынша анықталатын Гайн ылғалдың сіңіруі бойынша анықталады.

Сынақ нәтижелері белгіленеді

9.4.4.5 Сынақ нәтижелері



Өрттен қорғау құралы:

- өрттен қорғау құралымен өңделген негізгі үлгілердің гигроскопиялық мәні бақылау үлгілерінің гигроскопиялық мәнінен аспаса;

- 5.4.2 талаптары сақталса, сынақтан өтті деп саналады.
9.4.5 Өрттен қорғау жабынының адгезиясын анықтау бойынша сынақтар

9.4.5.1 Сынақ әдісінің мәні



Сынақ әдісінің мәні ГОСТ 15140 бойынша торлы кесіктер, өрттен қорғау жабынына түсіргенде.

Сынақтан 4 а), б), в) және д) бойынша нақты түрлерді өрттен қорғау құралымен өңделген өрттен қорғау жабыны өтеді.

9.4.5.2 Сынақ құралдары 9.4.1.2 және ГОСТ 15140 (2.1 тармағы) бойынша.

9.4.5.3 Сынақты өткізуге дайындық 9.4.1.3 және ГОСТ 15140 (2.2 тармағы) бойынша.

9.4.5.4 Сынақты өткізу ГОСТ 15140 (2.3 тармағы) бойынша.

9.4.5.5 Сынақ нәтижелерін бағалау ГОСТ 15140 (2.4 тармағы) бойынша.

9.4.5.6 Сынақ нәтижелері



Өрттен қорғау құралы:

- өрттен қорғау құралымен өңделген үлгі кертіктері шеттері тегіс болады, бұл ретте, өрттен қорғау жабынының қатпарлану белгілері болмаса,

- 5.4.3 талаптары сақталса, сынақтан өтті деп саналады.
9.4.6 Өрттен қорғау жабынының ылғал әсеріне төзімділігін анықтау бойынша сынақтар

9.4.6.1 Сынақ әдісінің мәні су әсерінен кейін өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабынының өрттен қорғау тиімділігінің сақталуын анықтауда.



Сынақтан ауаның салыстырмалы ылғалдығы 70 % артық жағдайда пайдалануға арналған атмосфераға төзімді өрттен қорғау жабыны өтеді.

9.4.6.2 Сынақ құралдары 9.4.1.2 бойынша.

9.4.6.3 Сынақты өткізуге дайындау 9.4.1.3 бойынша.

9.4.6.4 Сынақты өткізу



Сынақтар алты үлгіде өткізіледі.

Үлгілер үлгілерді қажет етілетін түрде ұсталатын құрылғы көмегімен сулы эксикаторға 72 сағат тік ұстайды.

Сынақ процесіне өрттен қорғау жабынының жағдайына тұрақты көзбен шолу арқылы бақылау өткізіледі.

Сынақ аяқталысымен үлгілер сулы эксикатордан алынады.

Үлгілер (23 ± 5) °C температурада 6-сулы азот қышқылы мырышының қаныққан ерітіндісімен эксикаторда кондицияланады.

24 сағаттан кейін өткізілген екі кезеңді өлшеу арасындағы үлгі салмағының өзгеруі 0,2 г артық емес болса, кондиция тоқтатылады, нәтиже 0,1 г дейін жуықталады.

9.4.6.5 Сынақ нәтижелері



Өрттен қорғау құралы:

- 5.4.4 талаптары сақталса және өрттен қорғау жабыны бар үлгілерде сызаттар, қатпарлар, қабыршақтар, үрленген және басқа да бұзылған жерлер болмаса;

- 5.3.1 және 5.3.2 талаптары сақталса, сынақтан өтті деп саналады.
9.4.7 Өрттен қорғау жабынының атмосфералық әсерге төзімділігін анықтау бойынша сынақтар

9.4.7.1 Сынақ әдісінің мәні атмосфера әсерінен кейін өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабынының өрттен қорғау тиімділігінің сақталуын анықтауда.



Сынақтан ауаның салыстырмалы ылғалдығы 70 % артық жағдайда пайдалануға арналған атмосфераға төзімді өрттен қорғау жабыны өтеді.

9.4.7.2 Сынақ құралдары 9.4.1.2 және ГОСТ 6992 (2-бөлім) бойынша.

9.4.7.3 Сынақты өткізуге дайындау 9.4.1.3 және ГОСТ 6992 (3-бөлім) бойынша.

9.4.7.4 Сынақты өткізу

Сынақты өткізу үшін кемінде үш үлгі және бақылау үшін бір үлгі дайындалады.

Сынақтар ГОСТ 6992 (4-бөлім) талаптарына сәйкес өткізіледі.

Өрттен қорғау жабындары үшін ГОСТ 6992 (2-қосымша) сәйкес бұзылу түрлері белгіленеді.

ГОСТ 6992 бойынша сынақ аяқталғаннан кейін үлгілер (23 ± 5) °C температурада 6-сулы азот қышқылы мырышының қаныққан ерітіндісімен эксикаторда кондицияланады.

24 сағаттан кейін өткізілген екі кезеңді өлшеу арасындағы үлгі салмағының өзгеруі 0,2 г артық емес болса, кондициялау тоқтатылады, нәтиже 0,1 г дейін жуықталады.

Өрттен қорғау тиімділігі тобын анықтау бойынша сынақтар 9.4.1.4 бойынша өткізіледі.

9.4.7.5 Сынақ нәтижелері



Өрттен қорғау құралы:

- 5.4.5 талаптары сақталса және өрттен қорғау жабыны бар үлгілерде сызаттар, қатпарлар, қабыршақтар, түсінің өзгеруі, үрленген және басқа да бұзылған жерлер болмаса;

- 5.3.1 және 5.3.2 талаптары сақталса, сынақтан өтті деп саналады.
9.4.8 Өрттен қорғау жабынының иілгіштігін анықтау бойынша сынақтар

9.4.8.1 Сынақ әдісінің мәні өрттен қорғау құралымен боялған пластиналар өрттен қорғау жабынының механикалық бұзылу қабаттарын туғызбайтын бүгілу, металл цилиндр стерженінің минималды диаметрін анықтауда.



Сынақтан 4 а), б), в) немесе д) бойынша нақты түрлерді өрттен қорғау құралымен өңделген өрттен қорғау жабыны өтеді.

9.4.8.2 Сынақ құралдары ГОСТ 6806 (1-бөлім) бойынша.

9.4.8.3 Сынақты өткізуге дайындау ГОСТ 6806 (2-бөлім) бойынша.

9.4.8.4 Сынақты өткізу ГОСТ 6806 (3-бөлім) бойынша.

9.4.8.5 Сынақ нәтижелері

Өрттен қорғау құралы:

- өрттен қорғау жабынының иілгіш мәні өрттен қорғау құралының нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келетін болса;

- 5.4.6 талаптары сақталса, сынақтан өтті деп саналады.
9.4.9 Соққы кезінде өрттен қорғау жабынының беріктігін анықтау бойынша сынақтар

9.4.9.1 Сынақ әдісінің мәні өрттен қорғау жабыны бар пластинка бетіне көрінетін механикалық зақымдарды туғызбайтын белгілі бір салмақты жүк түскен кезде максималды биіктікті анықтауда.



4 а), б), в) немесе д) бойынша нақты түрлерді өрттен қорғау құралымен өңделген өрттен қорғау жабыны сынақтан өтеді.

9.4.9.2 Сынақ құралдары ГОСТ 4765 (1-бөлім) бойынша.

9.4.9.3 Сынақты өткізуге дайындық ГОСТ 4765 (2-бөлім) бойынша.

9.4.9.4 Сынақты өткізу ГОСТ 4765 (3-бөлім) бойынша.

9.4.9.5 Сынақ нәтижелері

Өрттен қорғау құралы:

- өрттен қорғау жабынына механикалық зақымдар келтірмейтін белгілі бір салмақты жүк түскен кезде максималды биіктік мәні өрттен қорғау құралының нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келетін болса;

- 5.4.7 талаптары сақталса, сынақтан өтті деп саналады.
9.4.10 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын анықтау бойынша сынақтар

Осы сынау әдісі өрттен қорғау объектісінің (орындалған өрттен қорғау жұмыстары) өрттен қорғалып өңделуі сапасын бақылау мақсатында жүргізіледі және өнімнің сәйкестігін растау процедурасы кезінде қолданылмайды.

9.4.10.1 Сынақ әдісінің мәні

Сынақ әдісінің мәні газ шілтерінің жалын әсері нәтижесінде өрттен қорғау өңдеуінен өткен өрттен қорғау объектісінің (тұтану белгілері бойынша) өрттен қорғау қасиеттерін бағалауда.

9.4.10.2 Сынақ құралдары:

а) мынадай негізгі бөліктерден тұратын «ПМП-1» кіші габаритті жылжымалы құралы:

- корпус;

- газ шілтері;

- бұрылу қақпағы;

- қысқыш құрылғы;

б) 1 сағ бойы өлшеу қателігі 10 с артық емес секунд өлшегіш;

в) шыны сынапты термометр ГОСТ 13646 бойынша;

г) өлшеу қателігі 2 % артық емес, ауаның ылғалдығын анықтауға арналған құрал;

д) металл өлшегіш сызғыш ГОСТ 427 бойынша;

«ПМП-1» кіші габаритті құралы сызбанұсқасы Ж қосымшасының Ж.1 суретіне сәйкес қабылданады.

Газ шілтер ретінде тұрмыстық газ оттығын (жалын биіктігі реттелетіні дұрыс) пайдалану ұсынылады.

«ПМП-1» кіші габаритті құралының гибариттік өлшемдері (бұдан әрі мәтін бойынша - құрал) 135 мм × 50 мм × 50 мм аспауға тиіс.

Құрал салмағы 0,25 кг аспауға тиіс. .

9.4.10.3 Сынақты өткізуге дайындау

Үлгілерді іріктеу алдында сыртқы түрінің өрттен қорғау құралының нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен өңделген өрттен қорғау объектісін қарау өткізіледі.

Үлгілерді іріктеу өрттен қорғау объектісінің ауданы бойынша біркелкі орналасқан, құрылыс құрастырылымдарының әр түрлі типтері болатын (тіреуіштер, торлар және т.б.) жерлерде, сондай-ақ өрттен қорғалып өңделу сапасы күмән туғызатын жерлерде өткізіледі.

Үлгілерді іріктеу үшін қолжетімді кесетін құрал пайдаланылады.

Үлгілерді іріктеу орны мен үлгінің өзі таңбаланады.



Үлгілерді іріктегеннен кейін құрылыс құрастырылымының ашық учаскелері қолданылатын өрттен қорғау құралының өрттен қорғау тиімділігін толынан төмен емес өрттен қорғау тиімділігі тобы болатын, өрттен қорғау құралының нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келетін технология бойынша өрттен қорғау құралымен жабылады.
Ескертпе Үлгілерді іріктеу кезінде өрттен қорғау жұмыстарын өткізу кезеңінде жұмысты орындаушы (мердігер) дайындаған өрттен қорғалып өңделуінің бақылау үлгілері пайдалануға рұқсат етіледі. Бақылау үлгілері құрылыс құрастырылымның әр түрлі типтеріне өрттен қорғау объектісінің ауданы бойынша біркелкі орналасқан жерлерде орналасады, бұл ретте бақылау үлгілері өрттен қорғау құралымен өңделген құрылыс құрастырылымына құрастырылады.
Үлгі жоңқа түрінде өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғау жабынының бөлігін білдіреді және мынадай өлшемдер болуға тиіс.

- ұзындығы 50 мм - 60 мм дейін;

- ені 25 мм - 35 мм дейін;

- қалыңдығы 1,5 мм - 2,5 мм дейін.


Ескертпе Алынған жоңқа өлшемі қажет етілетін өлшемінен ауытқыған жағдайда өрттен қорғау өңдеуінен өтпеген жағынан үлгі бөлігін егеу арқылы қажетті қалыңдықты алғанға дейін өлшемдерді жеткізуге рұқсат етіледі.
Үлгілерді іріктеу нәтижелері бойынша акт құрылады, онда әрбір үлгінің іріктеу орны көрсетіледі.

Іріктелген үлгілер саны өңделген өрттен қорғау объектісінің әрбір 1 мың.м2 іріктелген кемінде төрт болуға тиіс.


Ескертпе Егер өрттен қорғалып өңделуі ауданы 1 мың м2кем болса, төрт үлгі іріктеледі.
Сынақ өткізер алдында үлгілер 10 °C - 30 °C температурада және (60 ± 10) % ауаның салыстырмалы ылғалдығында (1,0 ± 0,1) сағат бойы тең ашық бетте ұсталады.
Ескертпе Шикі жоңқалары бар үлгі сынақтарын өткізуге рұқсат етіледі.
Сынақ өткізер алдында құралдарды мына түрде реттейді:

- газ шілтерін күйдіреді және жалын өзінің жоғары бөлігімен (өткір жағымен) үлгі ұстағышының қысқыш рамкасының ішкі жиегіне нүктелі жанайтындай етіп, жалын биіктігін реттейді.

- газ шілтер сөндіріледі;

- үлгі өңделген бет газ шілтерде бұрылатындай етіп қысқыш құрылғыға орнатылады.

9.4.10.4 Сынақты өткізу

Сынақтар мынадай жүйелікпен өткізіледі:

- газ шілтері күйдіріледі;

- жалын өзінің жоғары бөлігімен (өткір жағымен) үлгі ұстағышының қысқыш рамкасының ішкі жиегіне нүктелі жанайтындай жағдайда бұрылу қақпағы орнатылады;

- үлгі (40 ± 2) с бойы жалын әсеріне ұсталады;

- газ шілтері сөндіріледі;

- үлгі және құрал (23 ± 5) °C температураға дейін термикалық тұрақтандырылады.
Ескертпе Сынақты өткізу кезінде ауа ағындары шілтерінің жалынға әсері рұқсат етілмейді.
Сынақты өткізу кезеңінде үлгіні көзбен шолу бақылауы өткізіледі және белгіленеді:

- түсінің өзгеруі, тұнба, кебу, қисаю, шірік және т.б;

- тұтану белгілерінің пайда болуы (газ шілтер жалыны әсер ауқымынан тыс жалынды жану);

- газ шілтерін сөндіргеннен кейін үлгінің өздігінен жануы;

- саңылаудың пайда болуына дейін үлгінің өтпелі жануы;

- газ шілтер жалыны әсер ауқымында барлық тереңдікте үлгінің күлденуі

- құралдың қысқыш құрылғысы рамкасымен шектелген ауданда өрттен қорғау құралымен өңделген үлгі бетінің толық немесе толық емес күлденуі;

9.4.10.5 Сынақ нәтижелерін бағалау:

а) егер сынақты өткізгеннен кейін мына құбыластардың біреуі белгіленсе, үлгі сынағының нәтижелері теріс болып саналады:

- газ шілтерін сөндіргеннен кейін өздігінен жану;


Ескертпе Газ шілтер жалыны әсерінің ауқымында газ шілтер сөндіргеннен кейін 5 с аспайтын локальды жанудың болуы рұқсат етіледі.
- саңылаудың пайда болуына дейін үлгінің өтпелі жануы;

- қысқыш құрылғы рамкасымен шектелген барлық аудан бойынша үлгі жағының өңделген ОС күлденуі;

- құралдың қысқыш құрылғысы рамкасымен шектелген ауданда өрттен қорғау құралымен өңделген үлгі бетінің толық күлденуі;

б) егер барлық көрсетілген құбылыстар байқалмаса, үлгінің сынақ нәтижелері оң болып саналады.

9.4.10.6 Сынақ нәтижелері

Барлық іріктелген үлгіде оң сынақ нәтиже алған жағдайда өрттен қорғау құралының өрттен қорғалып өңделуі сапалы болып саналады.

Өңделген өрттен қорғау объектісінің әрбір 1 мың.м2 ауданынан немесе ауданы кемінде 1 тыс.м2 барлық өрттен қорғау объектісінің іріктелген екі үлгіде сынақ нәтижесі теріс болған жағдайда, сынақ қайтадан өткізіледі.

Қайталау сынақты өткізу үшін үлгі мөлшерін екі еселейді.

Қайталау сныақты өткізуге арналған үлгілер теріс нәтиже алынған жерлерде іріктеледі.

9.4.10.7 Сынақ нәтижелерін рәсімдеу



Сынақ нәтижелері бақылау сынағы хаттамасымен рәсімделеді, оның нысаны Б қосымшасында келтірілген.
10 Тасымалдау және сақтау
10.1 Өрттен қорғау құралдарын тасымалдау және сақтау «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Лак-бояу материалдар мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, сондай-ақ ГОСТ 9980.5 талаптарына сәйкес жүзеге асуға тиіс

10.2 Өрттен қорғау құралдарын сақтау үшін пайдаланылатын ыдыс тасымалдау және сақтау кезінде ыдыс ішіндегіні сақтау, сондай-ақ атмосфералық әсерден қорғау және қымталуы қамтамасыз етілуге тиіс.

10.3 Өрттен қорғау құралдарын тасымалдау және сақтау кезінде тасымалдау және сақтау кезінде механикалық бұзылудан, қызудан, тікелей күн сәулесінің түсуінен, атмосфералық тұнбадан, ылғал және агрессивті орта әсерінен қорғайтын шарттар қамтамасыз етілуге тиіс.

10.4 Өрттен қорғау құралдарының тасымалдау және сақтау шарттары ГОСТ 15150 талаптарына және оларды пайдалану шарттарына сәйкес келуге тиіс.

10.5 Өрттен қорғау құралдары тасымалдау және сақтау шарттары бұзылған кезде олардың сапасы және өрттен қорғау тиімділігін растайтын сынақтан өтуге тиіс.
11 Пайдалану бойынша нұсқаулар
11.1 Өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау объектісіне түсірілгендерді пайдалану осы стандарт, белгіленген тәртіппен бекітілген өрттен қорғау құралының нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келуге тиіс.

11.2 Тұтынушы (тапсырыс беруші) өрттен қорғау жабынын пайдалану бойынша нормативтік және (немесе) техникалық құжаттаманы және олардың нұсқаулығын қатаң сақтауға тиіс

11.3 Пайдалану процесінде тұтынушы (тапсырыс беруші өрттен қорғау объектісінің өрт сөндіру жабынын кезеңді бақылауға тиіс.

Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғау жабынының кезеңді бақылауы өрттен қорғау объектісінің басшының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға кемінде жылына бір рет өткізеді.

Кезеңді қарау процесінде өрттен қорғау объектісін көзбен шолу және сырттай бақылау арқылы жауапты тұлға өрттен қорғау жабынының бүтіндігін анықтайды.

Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғау жабынында сызаттар, қатпарлар, үрленген және басқа да бұзылған жерлердің болуы рұқсат етілмейді.

11.4 Өрттен қорғау жабынының бұзылған жері, сондай-ақ өрттен қорғау жабынының қызмет ету мерзімі аяқталысымен объекті басшысы (тапсырыс беруші) мынадай құрамда комиссия құрады:

а) объект (тапсырыс беруші),комиссия төрағасы;

б) өрттен қорғау жұмыстарын орындаушы (мердігер);

в) өрт қауіпсіздігі саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;

г) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген меншікті нысанынан тәуелсіз сынақ зертханалары;

д) өнімді дайындаушы - кәсіпорын (қажет болса).



Комиссия мына тексерістерді іске асырады:

а) өрттен қорғау құралына арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттаманың болуы;

б) өрттен қорғау жабынның жағдайы (ақаулар, зақымдар, сызаттар және қатпарлардың болуы);

в) өрттен қорғау құралдарын түсіру технологиясын сақтау;

г) өрттен қорғау құралының нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамалардың өзге де талаптарына сақтау.

в) өрттен қорғау құралдарын түсіру технологиясын сақтау;

г) өрттен қорғау құралының нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамалардың өзге де талаптарына сақтау.

ПМП-1 кіші габаритті құралын қолданып, 9.4.10 келтірілген әдіс бойынша өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын анықтау бойынша бақылау сынақтары өткізіледі.
1-ескертпе Қала, облыс, аудан аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген сынақ зертханалары жоқ болса, 9.4.10 бойынша өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын анықтау бойынша бақылау сынақтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген сынақ зертханаларында оқытудан өткен және ПМП-1 құралымен жұмысқа рұқсат етілген өрт қауіпсіздігі саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өкілдері жүргізуге рұқсат етіледі.

2-ескертпе Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын бақылау мақсатында өрттен қорғау жабынының қызмет ету белгіленген мерзімі кезінде 9.4.10 бойынша бақылау сынағы өткізуге рұқсат етіледі.
Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша акт құрады, онда комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Акт мазмұнымен келіспеген комиссия мүшелері аталған актіде жеке бөлім ретінде өзінің «ерекше пікірін» жаза отырып қол қояды.

Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын тексеру актісінің нысаны И қосымшасында келтірілген.

Актіде өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын анықтау жөніндегі бақылау сынақтарының хаттамасы қоса беріледі, оның нысаны Б қосымшасында келтірілді.

Бақылау сынағы аяқталысымен алынған нәтижелері кері болса комиссия өрттен қорғау жабынды жөндеу туралы немесе өрттен қорғау объектісінің барлық бетіне өрттен қорғау құралдарын қайта түсіру туралы шешім қабылдайды.

Өрттен қорғау құралдарының басқа түрлері мен маркаларын қолдана отырып, өрттен қорғау объектісінің барлық бетіне өрттен қорғау құралдарын қайта түсіру олардың үйлесімділігіне оң зерттеу нәтижелері кезінде, өрттен қорғау, пайдалану қасиеттері, сыртқы түрі және өрттен қорғау жабынының қызмет көрсету мерзімі сақталған кезде рұқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет