5.6 Жинақтылық
5.6.1 Жеткізу жинақтылығына:
- қымталған орауыштағы (ыдыстағы) өрттен қорғау құралы;
- белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамаларды қамтуға тиіс.
5.6.2 Нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамаларда мынадай мәліметтер болуға тиіс:
- дайындаушы – кәсіпорынның атауы және оның заңды мекенжайы;
- өнімнің шартты белгісі;
- жинақтылығы;
- өрттен қорғау құралдарының түрі мен құрамы ;
- өрттен қорғаудың тиімділік тобы;
- өрттен қорғау құралдарының шығыны, кг/м2;
- жабынның қалыңдығы, мм;
- өрттен қорғалып өңделуге өрттен қорғау құралдарын дайындау технологиясы;
- қорғау объектісінің бетін дайындау шарттары;
- өрттен қорғау объектісіне өрттен қорғау құралдарын түсіру технологиясы;
- өрттен қорғау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
- өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғау жабынын кептіру шарттары;
- уыттылығы, қауіпсіздік класы;
- пайдалану шарттары мен жұмыс температурасының шарттары;
- өнімді өндіру, қолдану және пайдалану жағдайында негізгі параметрлер мен сипаттамаларды бақылау кезеңділігі;
- сақтау мерзімі, жыл;
- қызмет ету мерзімі, жыл;
- дайындалған айы мен жылы.
Ескертпе Өрттен қорғау құралдары үшін 4 а), б, в) және д) бойынша ГОСТ 4765 бойынша соққы кезінде өрттен қорғау жабынының беріктік және ГОСТ 6806 бойынша өрттен қорғау жабынының иілгіштігі мәндері көрсетіледі.
5.7 Буып–түю және таңбалау
Өрттен қорғау құралдарының буып – түю және таңбалау «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Лак-бояу материалдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі және олардың дұрыс түсірілуіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, сондай-ақ ГОСТ 9980.3 және ГОСТ 9980.4 талаптарына сәйкес келуге тиіс.
6 Қауіпсіздік талаптары
6.1 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғау жабынын сынау және пайдалану, өрттен қорғалып өңделуін дайындау және өткізу кезеңінде «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Лак-бояу материалдар мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, сондай-ақ ҚР СТ 12.0.002, ГОСТ 12.0.004, ГОСТ 12.0.230, ГОСТ 12.1.004, ГОСТ 12.1.007 және ГОСТ 12.2.003 белгіленген қауіпсіздік талаптары сақталуға тиіс.
6.2 Ұсынылған өрттен қорғау құралдарын сынау үшін санитарлық – эпидемиологиялық сараптама негізінде Қазақстан Республикасының санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік органдарының белгіленген үлгідегі гигиеналық қорытынды, сондай-ақ ҚР СТ 1185 және ГОСТ 30333 талаптарына сәйкес келетін қауіпсіздік паспорты болуға тиіс.
6.3 Өрттен қорғау құралдарының адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша ГОСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 3-класынан аспауға тиіс.
6.4 Өрттен қорғау құралдары адам ағзасына канцерогенді және мутагенді әсер көрсетпеуге тиіс.
6.5 Өрттен қорғалып өңделуді өткізу бойынша және өрттен қорғау құралдарын сынау жұмыстарын:
- ГОСТ 12.0.004 және ГОСТ 12.0.230 бойынша қауіпсіз еңбек нұсқаулықтарын және әдістерін;
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіпте медициналық бақылаудан өткен тұлғалар өткізеді.
6.6 Өрттен қорғап өңдеу жүргізуге қатысатын барлық жұмыскерлер ГОСТ 12.4.011 бойынша жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге тиіс.
6.7 Өрттен қорғау жұмыстарын өткізу және сынау орындарына «Өндірістік объектілерде сигнал түстеріне, белгілерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін сақтандыру белгілері белгіленуге тиіс.
6.8 Сынақ өткізілетін ғимарат ГОСТ 12.4.021 бойынша сорып – шығаратын желдеткіштермен, ҚР СНжЕ 2.04-05 талаптарына сәйкес жарықтандыру және ҚР СНжЕ 4.02-42 талаптарына сәйкес жылыту жүйесімен жабдықталуға тиіс.
7 Қоршаған ортаны қорғау талаптары
7.1 Өрттен қорғау құралдарының қалдығы, сондай-ақ жарамсыз арнайы киімдер мен жеке қорғау құралдары топырақта және ыдыста зиянды заттардың жуылуы болмайтын жерде кәдеге асыруға тиіс.
7.2 Өрттен қорғалып өңделу үшін қолданылатын жабдықты жуу кезінде өрттен қорғау құралдарының қалдықтарын шаруашылық – ауыз су ретінде тұтынатын ыдыстарға құюға болмайды.
8 Қабылдау ережесі
8.1 Өрттен қорғау құралдарын қабылдау ережелері ГОСТ 9980.1 талаптарына сәйкес келуге тиіс.
8.2 Өрттен қорғау құралдары мына сынақ түрлеріне өтуге тиіс:
- қабылдау;
- біліктілік;
- қабылдау - тапсыру;
- кезеңді;
- типтік;
- сертификаттық.
8.3 Қабылдау сынақтары өнімнің топтама үлгілеріне өткізіледі. Қабылдау сынағын өткізу көлемі мен әдістемесі дайындаушы–кәсіпорын және өнімді дайындаушы әзірлейді.
8.4 Біліктілік сынақтар өнімді шығаруға кәсіпорынның дайындығын анықтау мақсатында алғашқы өнеркәсіптік топтаманың өнім үлгілеріне өткізіледі.
8.5 Қабылдау – тапсыру сынақтарынан нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына өнімнің сәйкестігін анықтау мақсатында өрттен қорғау құралының нақты түрі өтеді.
Қабылдау–тапсыру сынақтары дайындаушы – кәсіпорынның техникалық бақылау қызметінің мамандары жүргізеді.
8.6 Кезеңді сынақтар өнімнің сапа тұрақтылығын бақылау және оның бұдан әрі шығарылу мүмкіндігін бақылау мақсатында қабылдау–тапсыру сынағынан өткен үлгілерде жылына кемінде бір рет өткізіледі.
Кезеңді сынақты жүргізу көлемі мен әдістемесін дайындаушы – кәсіпорын және өнімді дайындаушы әзірлейді.
8.7 Типтік сынақтар кезеңді сынақ бағдарламасы бойынша өрттен қорғау құралдарының өндіру технологиясын өзгерту және шикізатты ауыстыру кезінде тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.
8.8 Сертификаттау сынағынан оның осы стандарт, өрттен қорғау құралының нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында өрттен қорғау құралының нақты түрлері өтеді.
Сертификаттау сынақтары Қазақстан Республикасы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген меншік нысанына қарамастан сынақ зертханалары өткізуге тиіс.
Сынақ нәтижелері сынақ хаттамасымен рәсімделеді. Хаттама нысаны құрамы бойынша ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 (5.10 тармағы) талаптарына сәйкес келуге тиіс.
8.9 Өрттен қорғау құралдары сынағының басқа да түрлері дайындаушы – кәсіпорын және өнімді дайындаушы әзірлеген бағдарлама бойынша дайындаушы – кәсіпорын ГОСТ 16504 талаптарына сәйкес өткізіледі.
8.10 Өрттен қорғау құралдарының қабылдау–тапсыру, типтік және сертификаттау сынағын өткізу көлемі В қосымшасының В.1 кестесіне сәйкес қабылданады.
8.11 Сынақтардың қандай да бір түрі бойынша кері нәтиже алған жағдайда табылған ақаулардың себептері анықталғанша немесе жойылғанға дейін сынақ тоқтатылады, содан кейін сынақ толық көлемде қайтадан өткізіледі.
Қайталау сынағы нәтижелері түпкілікті болып табылады.
9 Сынақ әдістері
9.1 Сынау шарттары
Сынақтар ГОСТ 15150 (3.15 тармағы) талаптарына сәйкес келетін қалыпты климаттық жағдайы болатын ғимараттарда өткізілуге тиіс.
9.2 Сынау құралдары
9.2.1 Сынақ кезінде қолданылатын өлшеу құралдары ҚР СТ 2.21 сәйкес типін бекіту туралы сертификат немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялық аттестация болуға тиіс және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету тізілімінде тіркелуге және ҚР СТ 2.4 сәйкес салыстырып тексерілуге тиіс.
9.2.2 Қалыпты сыртқы әсер ету факторлар және (немесе) жүктемелерді шығаратын сынақ жабдығы ҚР СТ 2.75 сәйкес аттестатталуға тиіс.
9.2.3 Сынақты өткізу үшін ұқсас техникалық және метрологиялық сипаттамалары бар және қалыпты сыртқы әсер ету факторлар және (немесе) жүктемелерді шығаратын, 9.2.1 және 9.2.2 талаптарына сәйкес келетін, осы стандартта келтірілмеген сынақ құралдарын қолдануға рұқсат етіледі.
9.3 Үлгілерді іріктеу
Сынақты өткізуге қажетті өрттен қорғау құралдарының үлгілерін іріктеу «Сәйкестікті растау процедуралары» техникалық регламенті және ГОСТ 9980.2 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
9.4 Сынақты өткізу
9.4.1 Өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау тиімділігін анықтау бойынша сынақ (қалыпты сынақтар)
9.4.1.1 Сынау әдісінің мәні
Сынау әдісінің мәні өрттен қорғау жабынды кіші габаритті стерженьді құрылыс құрастырылымынан оның шекті жағдайына түскенге дейінгі уақытты анықтауда.
9.4.1.2 Сынау құралдары:
- «Қыш құбыры» құрылғысы;
- таразылар (ІІІ дәлдік класы) ГОСТ 29329 бойынша;
- 1 сағ бойы өлшеу қателігі 10 с артық емес секунд өлшегіш;
- шыны сынапты термометр ГОСТ 13646 бойынша ;
- өлшегіш металл сызғыштар ГОСТ 427 бойынша;
- тұрмыстық газ ГОСТ 20448 бойынша;
- ФГ маркалы, қалыңдығы 0,014 - 0,018 мм дейінгі алюминий үлдірі ГОСТ 745 бойынша;
- желдеткіші болатын сорып – шығаратын шкаф;
- бүркі әдісімен өрттен қорғау құралдарын түсіруге арналған құрылғы;
- ағаш үлгілерін сіңіруге арналған ыдыс ГОСТ 25336 бойынша;
- 0 °C - 60 °C дейінгі температураның ұсталып тұруын қамтамасыз ететін кептіргіш камера;
- ағаш үлгілерінің ылғалдығын анықтауға арналған 7 % - 22 % дейінгі өлшеу шегі болатын «ЭВ-2К» типті электр ылғал өлшегіш;
- өлшеу қателігі 2 % артық емес ауаның ылғалдығын анықтауға арналған құрал;
- зертханалық сүзгіш қағаз ГОСТ 12026 бойынша;
- қылқалам, шпательдер;
- эксикатор ГОСТ 25336 бойынша;
- 6-сулы азот қышқылы мырыш (Zn(NO3)2・6H2O) ГОСТ 5106 бойынша.
«Қыш құбыры» қондырғысы мына элементтерден тұруға тиіс:
- сыртқы өлшемі 120 мм × 120 мм × 300 мм және қабырға қалыңдығы (16 ± 2) мм қыш қорабы;
- үлгінің жану зонасына ауаның берілуін реттеуге арналған еркін құрастырылым (немесе басқа да құрал) тұстамасы болатын қыш қорапты бекітуге арналған металл тіреуіш;
- осьтен 2 мм артық емес ауытқумен оның ортасынан қыш қораптың ішіне кіретін газ шілтер;
- өлшеу шегі 0 °С - 800 °C дейін болатын автоматты потенциометр (дәлдік класы 0,5);
- газ шілдерден (60 ± 2) мм қашықтықта қыш қорабының ортасына сыналатын үлгінің орналасуын белгілейтін үлгі ұстағышы;
- қорапқа осьтес және (40 ± 2) мм қашықтықта одан жоғары жұмыс жағдайында орналасқан зонт. Үлгіні орнату үшін зонттың бұрылу мүмкіндігі қарастырылуға тиіс;
- өлшеу шегі 0 °C - 900 °C болатын термоэлектрлік түрлендіргіштер ГОСТ 6616 бойынша. Термоэлектрлік түрлендіргіштердің ыстық қосылығы зонттың жоғары келтек құбырының ортасында орналасуға тиіс.
- газ шығыны өлшеудің жоғары шегі 100 л/сағ дейін және газ шығынның өлшеу қателігі 4 % артық емес, типі «РМ-А-I» және ротаметр ГОСТ 13045 бойынша.
«Қыш құбыры» сынақ қондырғысының сызбанұсқасы Г қосымшасының Г.1 суретіне сәйкес қабылдайды.
9.4.1.3 Сынақты өткізуге дайындық
Үлгілер көлденең қимасы 30 мм × 60 мм және талшық бойының ұзындығы 150 мм тік үшбұрышты қайрақша түріндегі көлем салмағы 400 кг/м3 - 550 кг/м3, ылғалдығы 8 % - 15 % болатын түзу қабатты ауа – құрғақ қарағай ағашынан дайындалады, бұл ретте өлшемінен ауытқу 1 мм аспауға тиіс.
Сынақты өткізу үшін:
- сіңіру және қиыстырылған өрттен қорғау құралдары шел қабығынан жасалған ағаш үлгілерін пайдаланады;
- басқа да өрттен қорғау құралдарын шел қабығы немесе ядродан жасалған ағаш үлгілерін пайдаланады.
Терең (автоқалау) сіңіру тәсілімен өнеркәсіптік жағдайда өңделген ағаш үлгілері өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуін жүргізетін дайындаушы – кәсіпорынның техникалық бақылау бөлімі сынақ жүргізу үшін ұсынылады.
Ағаш үлгілерінде көрінетін тесіктер, шайыр қоспалары болмауға және ГОСТ 2140 талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Үлгінің бүйір беттері сүргіленіп, бүйірлері егеуленуге және тегістелуге тиіс.
Өрттен қорғау құралын түсірер алдында ағаш үлгілері (23 ± 5) °C температурасы кезінде 6-сулы азот қышқылы мырышының ерітіндісін қаныққан эксикаторда кондицияланады.
24 сағаттан соң өткізілген екі кезеңді өлшеу арасындағы үлгі салмағының өзгеруі 0,2 г артық емес болса, кондициялау тоқтатылады, нәтиже 0,1 г дейін жуықталады.
Кондициялаған ағаш үлгілеріне барлық жақтан сыналатын өрттен қорғау құралының қабаттары түсіріледі және кептіріледі.
Өрттен қорғау құралының шығыны, түсірілу, үлгілерді кептіру шарттары мен уақыты өрттен қорғау құралының нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамаға сәйкес келуге тиіс.
Ағаш үлгілеріне түсірілген өрттен қорғау құралының жалпы шығыны әрбір қабатты түсіргеннен кейінгі шығындарды қосумен анықталады және өрттен қорғалып өңделу тәсіліне байланысты беттік ауданына немесе үлгі көлеміне жатады.
Әрбір өрттен қорғалып өңделгеннен кейін өрттен қорғау құралының шығыны өрттен қорғау құралын түсіргенге дейін және түсіргеннен кейін үлгі салмағының айырмашылығы бойынша таразылау әдісімен анықталады.
Өңделген үлгілерді сіңіру құрамымен өлшеу (антипирен ерітіндісімен) сіңбеген ерітінді бетінен ағысты тоқтатқаннан кейін жүзеге асады, бұл ретте үлгі бүйірінің ерітінді қалдығы сүзгіш қағазбен алынуға тиіс.
Үлгілерді терең (автоқалау) сіңіру тәсілімен өрттен қорғау құралдарымен өнеркәсіптік жағдайда сіңіру кезінде жалпы сіңіру R, кг/м3 (1) формула бойынша анықталады.
(m1 – m2)
R = , (1)
V
Мұндағы
m1 – терең (автоқалау) сіңіргеннен кейінгі үлгі салмағы, кг;
m2 - терең (автоқалау) сіңіру алдындағы үлгі салмағы, кг;
V – үлгі көлемі, м3.
Сынақ алдында өңделген және кептірілген ағаш үлгілері (23 ± 5) °C температура кезінде 6-сулы азот қышқылы мырышының қаныққан ерітіндісімен эксикаторда кондицияланады.
24 сағаттан соң өткізілген екі кезеңді өлшеу арасындағы үлгі салмағының өзгеруі 0,2 г артық емес болса, кондициялау тоқтатылады, нәтиже 0,1 г дейін жуықталады.
9.4.1.4 Сынақты өткізу
Сынақтар желдеткіші болатын сорып – шығаратын шкафта кемінде 10 үлгіде өткізіледі, бұл ретте ауа қозғалысының жылдамдығы 5 м/с аспауға тиіс.
Қыш қорабының ішкі қабырғалары ішкі жағы жылтыр алюминий үлдір салынады, сол үшін үлдірден ені қорап қабырғасының ішкі еніне тең жолақ кесіледі.
Жолақтар кезектеп үш қабат қыш қорабының ішіне салынады, ішкі қабырғалары бойынша төселеді және қыш қорабының сыртқы бетіне бүйірлері бойынша бүгіледі.
Әрбір үш үлгіні күйдіргеннен кейін үлдір ауыстырылады.
Қыш қорабы жатық жағдайда аударылады және газ шілтер күйдіріледі.
15 см - 25 см дейінгі жалын биіктігі белгіленеді.
Қыш қорабы тік түрінде қайтарылады, қорап үстіне жұмыс жағдайда зонт аударылады және термоэлектрлік түрлендіргішпен тіркелетін температура 5 мин бойы (200 ± 5) °С болатындай газ шығыны реттеледі, содан кейін ротаметр көрсеткіші бойынша газ шығыны (л/сағ) шамасының мәні белгіленеді.
Температураны қосымша реттеу жолымен іске асыруға рұқсат етіледі.
Зонт бұрылады, ұстағышта бекітілген сынақ үлгісі қыш қорабына жіберіледі, сонымен қатар секунд өлшегіш қосылады және зонт жұмыс жағдайында қайтарылады.
Үлгі шілтер жалынына (2,00 ± 0,01) мин бойы ұсталады.
Газ шығыны сынақ процесінде тұрақты болуға тиіс.
(2,00 ± 0,01) минуттан соң шілтерге газдың берілуі тоқтатылады, үлгі салқындату үшін құралда қалдырылады.
Салқындағаннан кейін зонттың жоғары келте құбырындағы бұрылатын газдың температурасын (23 ± 5) °C дейін апарады, ал үлгінің қалған бөлігін қыш қорабынан алып өлшенеді және нәтиже 0,1 г дейін жуықталады.
Сыналған үлгінің Рi салмақтың жоғалуы (2) формуласы бойынша анықталады.
(m1i – m2i) · 100
Pi = , (2)
m1i
мұндағы
m1i – сынаққа дейінгі үлгінің салмағы, г;
m2i – сынақтан кейінгі үлгінің салмағы, г;
i – үлгі нөмірі.
Алынған есептеу нәтижесі 0,1 % дейін жуықталады.
Сынақтан кейін он сыналған үлгінің салмақ жоғалуының орташа арифметикалық мәні анықталады.
9.4.1.5 Сынақ нәтижелерін бағалау
Сынақ нәтижесі ретінде пайыздардың бүтін сандарына дейін жуықталған кемінде 10 анықтаманың арифметикалық мәні қабылданады.
Үлгілер (3) және (4) теңсіздігіне сәйкес келуге тиіс.
(Pср – Pi) ≤ 3 , Pср ≤ 9 % кезінде, (3)
(Pср – Pi) ≤ 5, 9 % < Pср ≤ 25 % кезінде, (4)
Мұндағы
Pcp – он сыналған үлгінің салмақ жоғалуының орташа арифметикалық мәні, %;
Pi – он сыналған үлгінің салмақ жоғалуының мәні, %.
Сынақ нәтижелері бойынша өрттен қорғау құралының өрттен қорғау тиімділігі тобы белгіленеді.
(3) теңсіздігіне сәйкес келетін үлгілер өрттен қорғау тиімділігінің І тобына жатады.
(4) теңсіздігіне сәйкес келетін үлгілер өрттен қорғау тиімділігінің ІІ тобына жатады.
(3) және (4) теңсіздігіне сәйкес келмейтін үлгілер өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалуын қамтамасыз етпейді және өрттен қорғайтын болып табылмайды және тиімділігінің І тобына жатады.
9.4.1.6 Сынақ нәтижелері
Өрттен қорғау құралы егер өрттен қорғау тиімділігінің тобы 5.3.1 және 5.3.2 талаптарына сәйкес анықталса сынақтан өтті деп саналады.
9.4.1.7 Сынақ нәтижелерін рәсімдеу
Сынақ нәтижелері сынақ хаттамасымен рәсімделеді, оның нысаны Д қосымшасында келтірілген.
9.4.2 Өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау тиімділігін анықтау бойынша сынақтар (жылдамдатылған сынақтар)
9.4.2.1 Сынақ әдісінің мәні
Сынау әдісінің мәні сынақ үлгілеріне түсірілген өрттен қорғау құралының өрттен қорғау тиімділігінің тобын анықтауда.
9.4.2.2 Сынақ құралдары 9.4.1.2 бойынша.
9.4.2.3 Сынақ өткізуге дайындық
Сынақ өткізуге арналған үлгілер 9.4.1.3 талаптарына сәйкес дайындалады.
Өрттен қорғау құралын түсірер алдындағы ағаш үлгілері (45 ± 5) °C температурада кептіргіш шкафта тұрақты салмаққа дейін жеткізіледі.
2 сағат аралығымен өткізілген екі кезеңді өлшеу арасындағы үлгі салмағының өзгеруі 0,2 г артық емес болса, ағаш үлгілерінің термикалық тұрақтануы тоқтатылады.
Үлгілердің өрттен қорғалып өңделуі термикалық тұрақтандырғаннан кейін кемінде 30 минуттан соң немесе үлгілердің өрттен қорғалып өңделуі басталғанға дейін ылғалды сіңіру есебінен үлгі салмағын өзгертпеу мақсатында 6-сулы азот қышқылы мырышының қаныққан ерітіндісі бар эксикаторға салады.
Су негізінде дайындалған антипирен ерітіндісін өрттен қорғау объектісін беттік сіңіру кезінде ағаш үлгілері сіңіру ерітіндісіне жүктеледі, бұл ретте жемірілуге төзімді материалдан жасалған ыдыс пайдаланылады, оны үлгінің жоғары қырында ерітінді қабатының қалыңдығы 5 мм – 10 мм дейін құрайтындай етіп салады. Ерітінді температурасы өрттен қорғау құралының нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген температураға сәйкес келуге тиіс.
Ескертпе Қылқаламмен немесе өрттен қорғау құралының нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамада белгіленген технология бойынша бүрку тәсілімен сіңіру құрамын (антипирен ерітіндісінің) түсіру рұқсат етіледі.
Өрттен қорғау құралының шығыны, түсіру, үлгілерді кептіру шарттары мен уақыты өрттен қорғау құралының нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген температураға сәйкес келуге тиіс.
Ағаш үлгілеріне түсірілген өрттен қорғау құралының жалпы шығыны әрбір қабатты түсіргеннен кейінгі шығындарды қосумен анықталады және өрттен қорғалып өңделу тәсіліне байланысты беттік ауданына немесе үлгі көлеміне жатады.
Әрбір өрттен қорғалып өңделгеннен кейін өрттен қорғау құралының шығыны өрттен қорғау құралын түсіргенге дейін және түсіргеннен кейін үлгі салмағының айырмашылығы бойынша таразылау әдісімен анықталады.
Өңделген үлгілерді сіңіру құрамымен өлшеу (антипирен ерітіндісімен) сіңбеген ерітінді бетінен ағысты тоқтатқаннан кейін жүзеге асады, бұл ретте үлгі бүйірінің ерітінді қалдығы сүзгіш қағазбен алынуға тиіс.
Үлгілерді терең (автоқалау) сіңіру тәсілімен өрттен қорғау құралдарымен өнеркәсіптік жағдайда сіңіру кезінде жалпы сіңіру R, кг/м3 (1) формула бойынша анықталады.
Су негізінде дайындалған өрттен қорғау құралымен беттік сіңіргеннен кейін үлгілерді кептіру (45 ± 5) °C температурада кептіргіш камерада іске асырылады.
Су негізінде дайындалған өрттен қорғау құралымен беттік сіңіргеннен кейін үлгілерді кептіру өрттен қорғау құралының нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген температураға сәйкес іске асырылады.
Өрттен қорғау жабынды ағаш үлгілері 24 сағат бойы бөлме температурасында алдын ала ұстап (немесе органикалық ерітіндісі болатын жабын үшін сорып – тартқыш шкафта) (55 ± 5) °C температурадағы кептіргіш шкафта термикалық тұрақтандырады.
Өрттен қорғау жабындарын көп қабатты түсіру кезінде қабатты кептіргіш өрттен қорғау құралының нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамада белгіленген режим бойынша іске асырылуға тиіс.
2 сағат аралығымен өткізілген екі кезеңді өлшеу арасындағы үлгі салмағының өзгеруі 0,2 г артық емес болса, ағаш үлгілерінің термикалық тұрақтануы тоқтатылады.
Сынақтар кептірілгеннен кейін кемінде 30 минуттан соң немесе үлгі сынағы басталғанға дейін өткізіледі, 6-сулы азот қышқылы мырышының қаныққан ерітіндісі бар эксикаторға салады.
Үлгі сынағы алдында өлшенеді, нәтижелер 0,1 г дейін жуықталады.
9.4.2.4 Сынақты өткізу
Сынақтар 9.4.1.4 талаптарына сәйкес үш үлгілерде өткізіледі.
Сыналған үлгі салмағының жоғалуы Рi, % (2) формуласы бойынша анықталады.
Сынақ нәтижесі ретінде пайыздардың бүтін сандарына дейін жуықталған үш анықтаманың орташа арифметикалық мәні қабылданады.
9.4.2.5 Сынақ нәтижелерін бағалау 9.4.1.5 талаптарына сәйкес.
9.4.2.6 Сынақ нәтижелері
Егер өрттен қорғау тиімділігі 5.3.1 және 5.3.2 талаптарына сәйкес анықталса, өрттен қорғау құралы сынақтан өтті деп саналады
9.4.2.7 Сынақ нәтижелерін рәсімдеу
Сынақ нәтижелері сынақ хаттамасымен рәсімделеді, оның нысаны Д қосымшасында келтірілген.
9.4.3 Өрттен қорғау жабынының тозуға төзімділігін анықтау бойынша сынақтар
9.4.3.1 Сынау әдісінің мәні
Сынау әдісінің мәні жылдам тозғаннан (температура тербелісінің көлденең әсері және белгіленген тізбектегі ылғалдық) кейін өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау тиімділігінің өрттен қорғалып сақталуын анықтауда.
Сынақ әдісі өрттен қорғау құралын өндіруші өрттен қорғау жабынының қызмет ету мерзімін бір жылдан астам белгіленген жағдайда қолданылады.
9.4.3.2 Сынақ құралдары 9.4.1.2 бойынша.
9.4.3.3 Сынақты өткізуге дайындау 9.4.1.3 бойынша.
9.4.3.4 Сынақты өткізу
Сынақтар алты үлгіде өткізіледі, бұл ретте еркін түрде үш үлгі іріктеледі, ал қалған үш үлгі бақылау үлгісі болып табылады.
Үш бақылау үлгілерінің сынақтары желдеткіші болатын сорып – шығаратын шкафта өткізіледі, бұл ретте ауа қозғалысының жылдамдығы 5 м/с аспауға тиіс.
Қыш қорабының ішкі қабырғалары ішкі жағы жылтыр алюминий үлдір салынады, сол үшін үлдірден ені қорап қабырғасының ішкі еніне тең жолақ кесіледі. Жолақтар кезектеп үш қабат қыш қорабының ішіне салынады, ішкі қабырғалары бойынша төселеді және қыш қорабының сыртқы бетіне бүйірлері бойынша бүгіледі.
Әрбір үш үлгіні күйдіргеннен кейін үлдір ауыстырылады.
Қыш қорабы жатық жағдайда аударылады және газ шілтер күйдіріледі.
15 см - 25 см дейінгі жалын биіктігі белгіленеді.
Қыш қорабы тік түрінде қайтарылады, қорап үстіне жұмыс жағдайда зонт аударылады және термоэлектрлік түрлендіргішпен тіркелетін температура 5 мин бойы (200 ± 5) °С болатындай газ шығыны реттеледі, содан кейін ротаметр көрсеткіші бойынша газ шығыны (л/сағ) шамасының мәні белгіленеді.
Температураны қосымша реттеу металл тіреуіш көмегімен үлгінің шілтер аумағына ауа берілісін реттеу жолымен іске асыруға рұқсат етіледі.
Зонт бұрылады, ұстағышта бекітілген сынақ үлгісі қыш қорабына жіберіледі, сонымен қатар секунд өлшегіш қосылады және зонт жұмыс жағдайында қайтарылады.
Үлгі шілтер жалынына (2,00 ± 0,01) мин бойы ұсталады.
Газ шығыны сынақ процесінде тұрақты болуға тиіс.
(2,00 ± 0,01) минуттан соң шілтерге газдың берілуі тоқтатылады, үлгі салқындату үшін құралда қалдырылады.
Салқындағаннан кейін зонттың жоғары келте құбырындағы бұрылатын газдың температурасын (23 ± 5) °C дейін апарады, ал үлгінің қалған бөлігін қыш қорабынан алып өлшенеді және нәтиже 0,1 г дейін жуықталады.
Үш бақылау үлгісінің Рiк салмақтың жоғалуы (2) формуласы бойынша анықталады.
Үш бақылау үлгісінің Рiк орташа арифметикалық мәні есептеледі.
Ескертпе Өрттен қорғау құралының тозуға төзімділігін және өрттен қорғау тиімділігі тобын анықтау бойынша сынақты бір мезгілде өткізу кезінде бақылау үлгілерінің сынақ нәтижесі ретінде 9.4.1 бойынша өрттен қорғау тиімділігі тобын анықтау бойынша сынақты өткізу кезеңінде алынған сынақ нәтижелерін қабылдауға рұқсат етіледі.
Үш негізгі үлгі жүйелі түрде:
-
(60 ± 5) °С температурада кептіргіш шкафта8 сағат;
-
(23 ± 5) °С температурада, 100 % суда ауаның салыстырмалы ылғалдығы болатын сумен толтырған эксикаторда 16 сағат ұсталады.
Көрсетілген операциялар бір цикл (48 сағат) құрайды.
Үш негізгі үлгілер сынақтары жеті циклден тұруға тиіс.
Сынақты өткізу үш негізгі үлгілердің жағдайына көзбен қарау арқылы өткізіледі.
Үлгілердің жеті циклдерінің аяқталысымен (23 ± 5) °С температурада 6-сулы азот қышқылы мырышының қаныққан ерітіндісімен эксикаторда кондицияланады.
24 сағат сайын өткізілген екі кезеңді өлшеу арасындағы үлгі салмағының өзгеруі 0,2 г артық емес болса, кондициялау тоқтатылады, нәтиже 0,1 г дейін жуықталады.
Үш негізгі үлгілердің сынағы желдеткіші болатын сорып – шығаратын шкафта кемінде 10 үлгіде өткізіледі, бұл ретте ауа қозғалысының жылдамдығы 5 м/с аспауға тиіс.
Қыш қорабының ішкі қабырғалары ішкі жағы жылтыр алюминий үлдір салынады, сол үшін үлдірден ені қорап қабырғасының ішкі еніне тең жолақ кесіледі.
Жолақтар кезектеп үш қабат қыш қорабының ішіне салынады, ішкі қабырғалары бойынша төселеді және қыш қорабының сыртқы бетіне бүйірлері бойынша бүгіледі.
Әрбір үш үлгіні күйдіргеннен кейін үлдір ауыстырылады.
Қыш қорабы жатық жағдайда аударылады және газ шілтер күйдіріледі.
15 см - 25 см дейінгі жалын биіктігі белгіленеді.
Қыш қорабы тік түрінде қайтарылады, қорап үстіне жұмыс жағдайда зонт аударылады және термоэлектрлік түрлендіргішпен тіркелетін температура 5 мин бойы (200 ± 5) °С болатындай газ шығыны реттеледі, содан кейін ротаметр көрсеткіші бойынша газ шығыны (л/сағ) шамасының мәні белгіленеді.
Температураның қосымша реттелуі металл тіреуіш жарма көмегімен үлгінің шілтер ауқымына ауа берілісін реттеу жолымен жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Зонт бұрылады, ұстағышта бекітілген сынақ үлгісі қыш қорабына жіберіледі, сонымен қатар секунд өлшегіш қосылады және зонт жұмыс жағдайында қайтарылады.
Үлгі шілтер жалынына (2,00 ± 0,01) мин бойы ұсталады.
Газ шығыны сынақ процесінде тұрақты болуға тиіс.
(2,00 ± 0,01) минуттан соң шілтерге газдың берілуі тоқтатылады, үлгі салқындату үшін құралда қалдырылады.
Салқындағаннан кейін зонттың жоғары келте құбырындағы бұрылатын газдың температурасын (23 ± 5) °C дейін апарады, ал үлгінің қалған бөлігін қыш қорабынан алып өлшенеді және нәтиже 0,1 г дейін жуықталады.
Үш негізгі үлгінің Рiо салмақтың жоғалуы (2) формуласы бойынша анықталады.
Үш негізгі үлгілер анықтамасының Ро, % орташа арифметикалық мәні есептеледі.
9.4.3.5 Сынақ нәтижелерін бағалау
Сынақ нәтижесі ретінде пайыздардың бүтін сандарына дейін жуықталған салмақ жоғалуының (Ро - Рк) айырмашылығы қабылданады.
Үлгілер (5) және (6) теңсіздіктеріне сәйкес келуге тиіс.
(Ро - Рк) ≤ 3, Рк ≤ 9 % кезінде; (5)
(Ро - Рк) ≤ 5, 9 % < Рк ≤ 25 % кезінде, (6)
мұндағы
Ро – үш негізгі үлгі салмағының жоғалуының орташа арифметикалық мәні, %;
Рк - үш бақылау үлгі салмағының жоғалуының орташа арифметикалық мәні, %.
Сынақ нәтижелері бойынша өрттен қорғау құралының өрттен қорғау тиімділігінің негізгі тобын белгілейді.
(5) теңсіздікке сәйкес келетін үлгілер өрттен қорғау тиімділігінің бірінші тобына жатады.
(5) теңсіздікке сәйкес келетін үлгілер өрттен қорғау тиімділігінің ІІ тобына жатады.
(5) және (6) теңсіздіктерге сәйкес келмейтін үлгілер өрттен қорғау тиімділігінің ІІ тобына жатады
(5) және (6) теңсіздіктерге сәйкес келмейтін үлгілер өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалуын қамтамасыз етпейді және өрттен қорғалатын болып табылмайды.
9.4.3.6 Сынақ нәтижелері
Өрттен қорғау құралы:
- өрттен қорғау құралымен барлық үлгілердің бүтіндігі сақталса (сызаттар, қатпарлар, үрленген және басқа да бұзылған жерлер жоқ болса);
- 5.4.1 талаптары сақталса және (5) және (6) теңсіздіктер орындалса, сынақтан өтті деп саналады.
9.4.3.7 Сынақ нәтижелерін рәсімдеу
Сынақ нәтижелері сынақ хаттамасымен рәсімделеді, оның нысаны Е қосымшасында келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |