Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет110/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН  
БІЛІМ БЕРУ 
 
Онгарбаева Асем Газизовна
Алматы облысы,  Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы 
Абай атындғы гимназия  мектебінің музыка пәні мұғалімі 
                        
          Рухани жаңғыру – адам баласының, оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-
сезімінің жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге 
жүзуімен  байланыстырамыз.  Тарих  сахнасына  көз  жүгіртсек,  өскен  ұлттың 


239 
 
өрби  түсуіне  осы  «рухани  жаңғыру»  дәлел.  Елбасының  мақаладағы  ХХІ 
ғасырдағы  ұлттық  сана  туралы  толғамдары  халықты  ел  болып,  заман 
ағымына  икемделуі  арқылы  жаңа  дәуірге  қадам  басуға  жетелейді.  Қазіргі 
дамып  келе  жатқан  қоғамның  өмір  сүру  қағидасының  жағымды  жақтарын 
бойға  сіңіруіміз  керек.  Елбасымыз  бұл  ретте,  тұтас  қоғамның  және  әрбір 
қазақстандықтың  санасын  жаңғыртудың  бірнеше  бағытын  атап  өткен: 
Бәсекелік қабілет, прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат 
құруы,  Қазақстанның  революциялық  емес,  эволюциялық  дамуы,  сананың 
ашықтығы.  
        Елбасымыздың  ұтымды  қағидасын,  халқына  деген  үндеу  өсиеті  деп 
білемін.  Ішкі  руханиятымыз  арқылы,  сыртқы  өзгерістерді  жақсы  жағынан 
қабылдап,  жаңғырудың  даңғыл  жолына  түсуге  Көшбасшымыз  болашаққа 
бастар  дара  жол  көрсетті.  Ол  соқпақтардан  қалай  өту  керектігін  айтып, 
бағыт-бағдар  берді.  Ендеше,  көкжиектен  ауытқымай,  Ұлт  Көшбасшысының 
өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық. 
         Елбасымыздың жаңғыруы өскелең ұрпақтың дамуына аса зор мүмкіндік 
береді.  Сондықтан  да  заман  талаптарына  сай  өмір  сүріп  жүрген  жастар 
Елбасы мақаласын іс жүзінде жүзеге асыруға атсалысудамыз.  
        Бұл  -  мемлекетіміздің  жаңғыру  саясаты,  дамудың  даңғыл  жолы  мен 
кемел келешекке бастар жаңа қадам, «Мәңгілік ел» болуы жолындағы жаңа 
баспалдағы, жаңа жоспарлар мен мақсаттардың тоғысқан жобасы. 
        «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы 
үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, 
әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген 
Ел Президенті «бәсекелік қабілет» деген ұғымға түсініктеме беріп өтті. «Ол – 
ұлттың  аймақтық  немесе  жаһандық    нарықтағы  бағасы,  я  болмаса  сапасы 
жөнінен  өзгелерден  ұтымды  дүние  ұсына  алуы»  дейді.  Күні  кеше  өткен 
«ЭКСПО-2017»  көрмесі  міне,  осы  мақсатта  жасалған  дүние  еді.  Бәсекеге 
қабілетті ұлт болуымыз үшін, оған сай білім мен біліктілік қажет. Оған қоса, 
ұлттық сананы да жаңғырта білуіміз керек. Жоғалып кеткен ата дәстүрлеріміз 
бен  салт-санамызды  жаңғырту  арқылы біз жас ұрпақты  патриотизмге баули 
аламыз.  Сондай-ақ,  Елбасы  ұсынып  отырған  үш  тілді  саясаттың  да  бізге 
берері мол. Көп тілді меңгерген азамат қай қоғамда да сұранысқа ие. Әрине, 
Қадыр  Мырза  Әлидің  «Өзге  тілдің  бәрін  біл,  өз  тіліңді  құрметте»  деген 
қасиетті сөзін естен әсте шығармауға тиіспіз. Өз тілін, туған жерін, тарихын 
сүйетін, ұлтын қадірлейтін, дәстүрін құрметтейтін халық қана «Мәңгілік ел» 
бола  алады.  Біз  осы  қасиеттерді  бойымызға  сіңіре  отырып,    алдымызда 
отырған    оқушыларымызды  бүгінгі  заманға  сай  зерделі,    шығармашыл, 
қабілетті  де  білімді,  өзгермелі  ортаға    тез  бейімделгіш  жеке  тұлға  бейнесін 
қалыптастыруымыз  керек,  жаңалық  атаулысына  да  бой  үйретуіміз  керек. 
Осылайша, рухани тұрғыдан жаңғыра алады.  
          Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласында  «Біздің  бабаларымыз  ғасырлар 
бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр 


240 
 
аумақты  ғана  қорғаған  жоқ.  Олар  ұлттың  болашағын,  келер  ұрпағын,  бізді 
қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да 
бермей,  ұрпағына  мирас  етті  дей  келе,  Туған  жерге  деген  сүйіспеншіліктің 
маңызы  мен  мазмұнын  тарқатып  айтқан  болатын.  Негізінен,  мақалада  ел 
руханиятының  дамуына  серпін  берер  көптеген  тағылымды  ойлар 
сипатталады. Соның бірегейі – дәл осы «Туған жер» бағдарламасы.  
Жеке  өз  басым  осы  бағдарламаны  шын  ниеттіммен  қос  қолдап 
қолдайтындардың  қатарынанмын.  Неге  десеңіз,  әр  қазақ  баласы  үшін  туған 
жерден асқан қастерлі ұғым жоқ. Дана халқымыз «Туған жердей жер болмас, 
туған елдей ел болмас» деп текке айтпаған. Өсіп-өнген құтты мекеннің қадірі 
мен қасиетін осынау өнегелі сөздің өміршеңдігі ұқтырғандай. 
       Мұндай  шешім  білім  беру  саласында  ауқымды  өлкетану  жұмыстарын 
жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса 
мән  беруді,  жергілікті  деңгейдегі  тарихи  ескерткіштер  мен  мәдени 
нысандарды  қалпына  келтіруді  көздейтінін  жеткізген  Ұлт  көшбасшысы 
«Туған  жер»  бағдарламасы  жалпыұлттық  патриотизмнің  нағыз  өзегіне 
айналатынын және бір нысанаға алып ескерткен еді.  
       Осы  бағдарлама  бойынша    ауданымыздағы  ақын-жыраулар  жайлы 
деректер  жиналып,  ортаға  салынды.    Осы  жұмыс  бойынша  атқарылған 
мектептегі  іс-шараның  бірі  –  «Рухани  жаңғырудың  жарқын  жолы»  атты 
дарынды оқушылардың шығармашылық керуені болды. 
        Біздің  мұндағы  көздеген  мақсатымыз  –  өскелең  ұрпақтың  бойына 
отансүйгіштікті,  еңбекқорлықты  және  жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен 
терең  көзқарастарды  сіңіру  арқылы  ата-аналарға  кең  ауқымда  атқарылып 
жатқан  жұмыстарды  насихаттау.  Аталмыш  шығармашылық  керуен  әр 
сыныпқа  бөлініп, ең алдымен мектеп деңгейінде ұйымдастырылды. 
       Тағы  бір  атқарылған    жатқан  жұмыс;    Елбасының  «Ұлт  мақтанышы 
біздің  бұрынғы  өткен  батыр-бабаларымыз,  данагөй  билеріміз  бен 
жырауларымыз  ғана  болмауға  тиіс»  деп  атап  откендей,  біз  де  мектеп 
арасында  тоқсан  сайын  «Қазақстандағы  100  есім»  атты  жобаға  сәйкес  «100 
жаңа  есім»  атты  жобамен  жұмыс  жасаудамыз.  Әр  оқушының  жеткен 
жетістігі,  мектепке  қосқан  үлесі,  табысқа  жету  жолдары  басқа  оқушыларға 
үлгі болуы керек.   
        Музыка  пәніне  деген  қызығушылықты,  болашақ  мамандықтарын  осы 
пәнмен  байланыстырса,  Елбасы  бағдарламасын  жүзеге  асырудағы  өзімнің 
үлесім деп білер едім, және осы  бағытта ұстаз ретінде жұмыс атқарудамын.  
        Музыка әлемі өте қызықты да күрделі. Оқушыны пәнге деген ықыласын 
арттыру  үшін  мұғалімнен  үлкен  шеберлікті,  яғни,  жаңа  педагогикалық 
технологияларды әр сабақта тиімді қолдануды талап етеді. 
        Елбасының  ұрпақ  болашағы  үшін  айтқан  ой-түйіні  ғасыр  мектебіне, 
жаңа  заман  талабына  сай  жаңаша  оқыту  технологиясын  игеру  міндетін 
жүктеп  отыр.  Білім  заңының  8-бабы  мектепке  «Оқытудың  жаңа 
технологиясын 
енгізу, 
білім 
беруді 
ақпараттандыру, 
ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу қажеттігін жүктейді». 


241 
 
       Осыған  орай  жаңа  ғасырда  мектептегі  музыка  пәні  сабағына  мынадай 
талаптар,  мақсаттар  қойылады.    Музыка  сабағы  мұғалімнен  де  тиімді  білім 
технологиялары  мен  сабақтың  дәстүрлі  емес  түрлерін:  ақпараттық- 
коммуникациялық  технологиялар,  ойын  технологиялары,  талқылау,  пікір 
алысу,  зерттеушілік  әрекет,  жобалау  әрекеті,  саяхат  сабақтар,  экскурсия 
сабақтар, концерт сабақтар және т.б.пайдалануына бағдарлануын талап етеді.  
       Оқытуда  түпкі  мақсатқа  жету  үшін  мен  өз  бетінше  ізденуге  аса  көңіл 
бөлемін.  Неміс  педагогі  Адльф  Дистервег  ХІХ  ғасырдың  өзінде  –  ақ  «жас 
мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып 
беруге  тырысуы»  -  деген  болатын.  Сондықтан    кез  келген  ақпаратты, 
музыкалық  шығарма жайлы  мағлұматты толық бермей,  күнделікті сабақта 
әртүрлі  ситуацияларды  шешуге  жіктеймін.  Музыка  сабағы  балалардың  ән 
салу, музыка тыңдау, түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындау сияқты, 
музыкалық  шығармашылық  іс-әрекет  түрлеріне  белсенді  қатысып,  сонымен 
қатар,  көркемдік  музыкалық  шығармашылық  түрін  таңдап,  оны  жеке, 
жұптық, және ұжымдық жұмыс формасында жүзеге асыруды талап етеді.   
        Осындай  бағыттағы  жұмыс  түрлері  арқылы  ерекше  шығармашылықпен 
айналысатын балада қызығушылықтары арта түседі. Осы бағыт музыка пәнін 
«Өлкетану» 
пәнімен, 
тарих, 
жаратылыстану, 
бейнелеу 
өнерімен 
интеграциялауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді 
        Қорыта келе: Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім – 
қос  қанаты  адамның,  осыменен  білерсің  тілін  ғаламның»  -деп,  төрт  ғасыр 
бұрын  айтса  да,  күн  тәртібінен  түспейтін  аксиома.  Өнер  мен  білімді  қатар 
алып жүретін азаматтың ғана рухани дүниесі бай, көкірек көзі ояу болмақ. Ал 
біздің  мақсат-әрбір  жасты  өнерге  бейім,  тілге  шешен,  жан  жақты  дамыған, 
коммуникативті, шығармашыл тұлға ретінде тәрбиелеу. Әр істеген еңбек пен 
атқарылар  жұмыстың  нәтижесі  ұрпақ  санасын  жаңғырту  мен  байытуға 
бағытталып,  оң  нәтиже  берсе  деген  ұстаным  бар.  Елбасы  еңбегінде  елді 
рухани  жаңғырту  мәселелерін  қозғайды.  «Біз  қайта  түлеудің  айрықша 
маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыртуды қолға 
алдық.  Біздің  мақсатымыз  айқын,  бағытымыз  белгілі,  ол  –  әлемдегі  ең 
дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу…  Мақсатқа  жету  үшін  біздің  санамыз 
ісімізден  озып  жүруі,  яғни  одан  бұрын  жаңғырып  отыруы  тиіс.  Бұл  саяси 
және  экономикалық  жаңғыруларды  толықтырып  қана  қоймай,  олардың 
өзегіне айналады», – дейді Елбасы. Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен 
дамып,  жедел  өзгеріп  отырған  мына  дүбірлі  дүниеде,  Елбасы  айтқандай, 
сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын 
қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет