Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет112/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 


245 
 
ЖАС ҰРПАҚҚА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Сартбаева Лена Татановна 
Бейнеу ауданының әкімдігінің                                                                             
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ 
 
Адамға  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру  ісі  отбасынан 
басталады.  Адамгершілік  қасиеттерді  (имандылық,  қайырымдылық, 
мейірімділік,  ізеттілік,  инабаттылық,т.б.)  адам  бойына  дарыту  үшін  әуелі 
үйрету,  содан  кейін  дағдыландыру,  талап  ету,  мәжбүр  ету  тәсілдері 
қолданылады.  Жалпы,  бала  тәрбиесінің  негізі  5  жасқа  дейін  қаланады.  Осы 
саладағы  мамандардың  айтуынша,  бес  жасқа  дейін  жүргізілген  барлық 
тәрбие,  білім  -  бүкіл  тәрбие  ісінің  90  пайызын  құрайды.  «Сүтпен  сіңген 
сүйекпен кетеді» деген қанатты тіркес ана бауырындағы бастапқы тәрбиенің 
қаншалықты күшті екендігін көрсетсе керек. 
Ертеде  қариялар  жас  баланы  көпшілік  жиналған  жерге  ертіп  апарады 
екен.  Бұны  «тағылым»  деп  атаған.  Дастарқан  басындағы  құйма  құлақ 
жасөспірім  жақсы  сөз  үйренеді,  тіл  ұстартады,  қаншама  тың  мағлұмат  пен 
жаңалыққа қанығады... Үлкеннің сөзін бөлмей, сыпайы тыңдау, орайы келген 
жерінде тіл қату, жасы үлкеннің алдын кеспеу –  өнегелікке бастар тәрбиенің 
құрамдас  бөліктері  ғой.  «Кісі  болатын  бала  қонаққа  үйір»  деп  қазақ  халқы 
бекер айтпаған. Мұнда қаншалықты сыр жатқанын біз бен сіз де білесіз. Әр 
қонақ  -  адам. Қонаққа  есік  ашып,  жылы  да сыпайы  сәлемдесіп, хош  алудан 
бастап, шешіндіріп, киімін ілу, қолына су құйып, орамал ұсыну - жас балаға 
әрі  мәртебе,  әрі  өнеге.  Жас  бала  адам  танып,  адамды  сыйлауды,  сүюді 
үйренеді. 
Жалпы,  шыншылдық,  өтірік  айтпау,  қонақжайлылық,  әлсіздерге 
қамқорлық,  мейірімділік,  кеңпейілділік,  жомарттық,  ысырап  жасамау, 
ұрламау,  сыпайы  сөйлеу,  әділдік  секілді  қасиеттер  діни  тәрбие  арқылы 
қалыптасады.  Ал  осы  қасиеттерді  баланың  бойына  сіңіретін  бірінші  ретте 
ата-ана екені рас [1]. 
Парасатты,  ізгі  тәрбие,  тәрбиенің  кемелдігі  неден  басталмақ?  Бұл,  ең 
әуелі, баланың өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал, 
еңбекқор,  кішіпейілділік  секілді  ізгі  қасиеттерді  бойға  сіңіруі.  Есейгенде 
қоғамға  пайдалы  азамат  болуы,  жас  кезінен  анаша,  есірткі,  автомат 
ойындары,  сыра,  арақ,  темекі,  зинақорлық  секілді  теріс  қылықтарға  үйір 
болмауы,  ешкімнің  ала  жібін  аттамауы.  Әдепті  болуы,  қай  кезде  де  текті 
тәрбиенің жемісін көрсетуі. Міне, мұндай ұрпақ - Абайша айтсақ, ата-ананың 
көз қуанышы, қызығы мен сүйініші. 
Өз үлгіңмен тәрбиелеу  – әлемдегі ең жақсы тәрбие! «Ананың iзiн қыз 
басар,  атаның  iзiн  ұл  басар».  Әрбір  ата-ана  ұмытпауы  керек:  оның  өмірі, 
оның  мінез-құлқы  –  бұл  бала  үшін  үлгі.  Балаларыңыздың  жақсы  болғанын 
қалайсыз ба? Жақсы тәрбиеші болу аз.  Ал ата-ананың міндеті неде? Қазіргі 


246 
 
заманғы  ата-аналар  әрқайсысы  өз  отбасында  бала  дамуы  мен  тәрбиесі  үшін 
оңтайлы жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен қатар мұғалімдермен және 
мектеп әкімшілігімен тұрақты түрде өзара әрекет етуі тиіс. 
Бала  мүддесіне  немқұрайлылық  атмосферасы  орнаған  отбасыларда, 
ата-ана  балаларын  белсенді,  жауапкершілікпен  тәрбиелеуден  қашқақтайтын 
отбасыларда балалардың оқуда, мұғалімдерімен және құрдастарымен қарым-
қатынаста  қиналатынын  бәріміз  білеміз.  Ата-ана  немқұрайлылығы  немесе 
ата-ана  озбырлығының  қысымында  болатын  бала  екіжүзді  және  оның 
қарсылығы мейірімсізденуден ызаға ұласады. Сонымен бір мезгілде оның өз 
абырой сезімі мәңгілікке жоғалады. 
        Жасөспірімдік  жаста  бұл  девианттық  мінез-құлықтың  көптеген 
формаларына  әкеп  соғады:  жасөспірімдер  шылым  шеге  бастайды,  бейпіл 
ауыз  болады,  өз  міндеттерін  елемейді,  кейде  тіпті  алкоголь  мен  есірткі 
тұтынады  немесе  шынайы  өмірден  компьютерлік  ойындардың,  әлеуметтік 
желідегі қарым-қатынастардың виртуалды әлеміне кетеді. Отбасында қолдау 
мен  түсіністік  болмағандықтан,  жасөспірімдер  теле  және  интернет-
тәуелділік,  нашақорлық,  ойынқұмарлық,  дүниеқоңыздық  секілді  қазіргі 
әлемнің  көптеген  жағымсыз  азғырындыларына  оңай  еріп  кетеді, 
эмоционалдық  тұрғыда  салқын  болады.  Ал  егер  отбасы  сүйіспеншілікте, 
сыйластықта және өзара түсіністікте, мейірімділікте және тілектестікте өмір 
сүрсе,  онда  балада  дұрыс  өзін-өзі  бағалау  қалыптасады,  ол  өзіне  сенімді, 
оның жақсы оқуға деген ынтасы бар; ол сыныптастарымен достасқысы келеді 
және дос болады; педагогтарға сыйластықпен қарайды. Есейгенде ол алдына 
жоғары  мақсаттар  қояды  және  мақсатты  түрде  оларға  қол  жеткізеді  [2]. 
Керісінше,адамдық  қасиеттеріне  көңіл  бөлмей,  тек  материалдық  тұрғыдан 
қамтамасыз  етумен  шектелсе,  онда  бала  қоғамды  ішінен  ірітетін  зиянкес 
болып өспек. 
         Отбасындағы  тәрбие  ұстаз  ұлағатымен  ұштасып,  бірін-бірі  байытып, 
асқақ  арманға,  ұлы  мұраттарға  қанат  қағуы  қажет.  Мектептегі  білім  мен 
тәжірибе  –  егіз  ұғымдар.  Мектепті  білім  тірегі  десек,  ұстаз  -  оның  жүрегі. 
Мұғалім  жас  ұрпақтың  жан  –  жақты  терең  білім  алуымен  қатар  саналы  да 
тәрбиелі,  зерделілік  деңгейі  жоғары  болуы  үшін  тер  төгіп,  еңбек  етеді. 
«Тәрбие  -  тал  бесіктен»  дегендей,  біліктілік  пен  білімділік  негізі  мектептен 
бастау  алады».  Адамның  адамшылығы  ...  жақсы  ұстаздан  болады»,-  деген 
ұлы Абай сөзінде өмір шындығы бар[3]. 
      Адамгершілік  тәрбиесі  -  белсенді  процесс.  Ол  жағымды  қасиеттерді 
қалыптастыруды  ғана  емес,  жағымсыз  қасиеттерді  жеңуді  де  қарастырады. 
Адамгершілікке  жат  қылықтарға  -  маскүнемдікке,  бұзақылыққа,  бейпіл 
ауыздылыққа,  тоғышарлық  көңіл  күйге,  тұтынымпаздық  психологияға 
тайсалмай қарсы шығуының маңызы үлкен. 
       Адамгершілік  тәрбие  берудің  негізгі  мазмұнын  патриотизм  және 
интернационализм,  ұжымшылдық,  еңбекке  деген  көзқарас,  тәртіптілік  және 
ұйымшылдық,  принципиалдылық  және  өзіне  сын  көзімен  қараушылық, 
шыншылдық  және  әділеттілік,  жоғары  жауапкершілдік,  және  қоғамдық 


247 
 
парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру құрайды. 
Оларды қалыптастырудың алдында қарапайым мінез- құлық дағдылары мен 
әдеттерін меңгеру, өзін көпшілік ішінде ұстай білуді бойға сіңіру, қоғамдық 
тәртіп пен тәлімді сақтау тұрады... Мектеп оқушыларына еңбек сүйгіштік пен 
әділеттілік,  қарапайымдылық  пен  сыпайылық,  үлкенді  сыйлаушылық  пен 
кішкентайларға  қамқоршылық  сияқты  адамгершіліктің  өте  қарапайым 
нормаларын сіңіру қажет. [4] 
      Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде алатын орны зор. Өз тәжірибемнен 
байқағаным, сынып жетекшісінен үлкен жауапкершілік талап етіледі. 
                                            Сынып жетекшісі 
                                                               
              
                                                Оқушы идеалы 
                                            
Адами қасиет үйретеді                                   Рухани тәрбие береді 
 
Мәдениетке шақырады                                 Мол білім береді 
 
                                  Жеке тұлға қалыптастырады 
 
      
Оқушы  бойындағы  өзін-өзі  тәрбиелеу  және  дамытуға  саналы 
көзқарасты  қалыптастыру  үшін  жоспарлы  тәрбиелік  шаралар  жүйелі  өткізу 
уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Мектеп бітірген түлектеріме 5- сыныптан 
бастап жетекшілік еткен кезімде бірін- бірі көре алмау, қызғаныш, бұйырып 
сөйлеу, кемсіту секілді келеңсіз әрекеттер көптеп кездесті. Алғашқы кездерде 
сынып  оқушыларын  бірлікке,  татулыққа  шақыру,  достық,  жолдастық,  ата-
ананы  сыйлау,  білімді  насихаттау  мақсатында  тәрбиелік  шаралар  жүйелі 
өткіздім.  Еңбекке  баулу  үшін  сыныптағы  тазалық  жұмыстарында  өзім  бел 
ортасында жүріп, олармен тең құрбыдай еңбек еттім. Табиғат аясына шыққан 
кезінде бірігіп заттарды тасу, табиғат аясына қамқорлық, яғни тазалыққа мән 
беру керектігін нақты әрекет арқылы жүзеге асырдым. 
        Халық  педагогикасы  даналықтың  көзі  десем,  артық  айтпаған  болар 
едім.  Қазақтың  мақал-мәтелдерінің  өзі  жас  балаларды  өзінен-өзі    тәрбиелі 
болуға  жетелейді.  Балалар  бойындағы  талантын,  дарынын  ашу  үшін 
намысын  қайрап,  жақсы  оқуға  толық  мүмкіндігі  бар  екендігіне  көздерін 
жеткіздім.  Бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға,  достасуға,  қайырымдылыққа 
үйретіп,  ұлы  адамдар  өмірінен  мысалдар  келтірдім.  Қатігездікке,  құқық 
бұзушылыққа  қарсы  тұруға,  өз  тәртіптерін,  істерін  бағалай  білуге  барынша 
үйреттім.  Сынып  оқушылары  бір  үйдің  баласындай  тату  болу  керектігін 
санасына  құйдым.  Нәтижесінде  сыныпта  «бірі  бәрі  үшін,  бәрі  бірі  үшін» 
принципі  қалыптасты.  Кезекті  ашық  сабақтарымды  өз  сыныбыма  өткізу 
дәстүрге айналды. Мақсатым - оларды топ алдында қысылмай еркін сөйлеуге 
қалыптастыру,  білімін  молайту.  Іздендіру,  шығармашылық  қабілетін  ояту. 


248 
 
Өнер мектебінің сурет бөлімін бітірген Боранбаева Айгүл есімді оқушым әр 
сабақтың суреттерін өз қолымен салатын. 
      
Әр уақытта ата-анамен байланыс дәптерін жүргізіп, балалар бойындағы 
жақсылы-жаманды  қасиеттерін  байқап,  дер  кезінде  қателігін  түзеуге 
тырыстық. 
      
Міне,  уақыт  өте  келе  жүйелі  тәрбие  өз  жемісін  беруде.  Балалар  ойлы 
сөзге тоқтайды. Сөз қадірін ұғынады. Көп білуге тырысады. Болашаққа, өзіне 
деген  сенімі  бар.Бәрі  де  білімнің  керек  екендігін  жан  дүниесімен  сезінеді. 
Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа 
жетеді. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. 
        Сынып  жетекшісі  оқушыларға ұрсып  емес,саналы  тәрбие, аз сөзге  көп 
мағына сыйғызып түсіндіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге, жіберген қателігін 
түзеп,  қайталамайтын  жағдайға  жеткізуге  үйретуге  болады.  Жақсы  тәрбие 
беріп, дер кезінде қолдау көрсетіп жүрсеңіз, бала сізді асыға күтеді. Өзін қай 
жағынан  болсын  көрсетуге  тырысады.  Әр  шәкірттің  бойындағы  қабілет, 
дарынын  уақытында  байқап,  пән  мұғалімдерімен,  ата-  анамен  тығыз 
байланыс  жасап,  болашақ  өмір  жолына    пайдасы  тиетіндей  олимпиада, 
ғылыми  жоба,  тағы  басқа  да    жарыстарға  қатысуын  қадағаласаңыз,  орасан 
пайда  келтіргеніңіз.  «Қатал  тәртіптің  қыспағына  алмай,  қайта  жылы  шырай 
танытып, үнемі қолдау көрсетіп, ынталандырар едім»,- деген Диана Луманс 
пікірі  балаға  үйретіп  жатқан  тәрбиемнің  бағыты  дұрыс  екендігін  айқындай 
түседі[1].  Неге  десеңіз,  өмірге  шығатын  баланың  қасында  ұстаз  немесе  ата- 
анасы  бірге  жүрмейді.  Оны  қоршаған  басқа  әлем,  дос-жолдастары  бар. 
Сондықтан  бала  кез  келген  ортада  өзін  жеке  тұлға  ретінде  дұрыс  ұстап, 
басқарып,  тура  жолмен  жүру  керек.  Ешкімнің  жетегіне  ермей,  өзін  басқара 
білген бала - дұрыс тәрбиенің жемісі. 
Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі 
қалу  үшінсыныпта  өтілетін  тәрбиелік  шараларға  ерекше  мән  берген  жөн. 
Тәрбиелік  шараларды  түрліше  формада  өткізуге  болады[5].  Атап  айтсақ, 
таңғажайып алаң, кездесу, лидер, пікірталас, дөңгелек үстел, ауызша журнал, 
әдеби кеш, конференция т.б. Соның ішінде пікірталастың оқушы өмірі үшін, 
сынып  жетекшісіне  баланың  ішкі  жан  дүниесін  зерттеп,  білу  үшін  де  көп 
пайдасы  бар.  Оқушылардың  ойын  ауызша  да,  жазбаша  да  жарыққа 
шығартып,  ситуациялық  жағдаяттарды,  өмірдегі  таза  шындықты  көрсету 
арқылы олардың жүрегіндегі ақ пен қараны айыра білу, еңбекқорлықа баулу, 
адамгершілік  секілді ізгі қасиеттерді бойға жиып, қатігездіктен аулақ болуға 
шақырады.  Сол  себепті  10-сыныпта  «Адам  болам  десеңіз»  тақырыбында 
пікірталасты ұйымдастырдым. Мақсатым - сыныптағы әрбір оқушының өзін- 
өзі  тануына,  сын  көзбен  қарай  білуіне  жол  ашу;  өзін  тәрбиелеуші  ортадағы 
адамдарға  құрметпен  қарауға,  айтылған  ақыл-кеңестерді  ыждағаттылықпен 
тыңдап, жеке адам боп қалыптасуына мүмкіндік туғызу болатын.          
Оқушыларға  ойланатындай  төрт  түрлі  сұрақ  бердім.  1)  Абай  айтқан  5 
асыл  қасиет  (талап,  еңбек,  терең  ой,ұанағат,  рақым)  өз  бойыңда  бар  ма?  2) 


249 
 
Ата-ана алдындағы парызыңды өтеу өзіңді ойландыра ма? 3) Өзіңді қоршаған 
ортада,  әсіресе,  достарыңа  көңілің  тола  ма?  4)  Кімге  еліктейсің?  Жазбаша 
түрде  пікірлерін  оқығанымда,  төменгі  сыныпқа  қарағанда  ой-санасының 
өскенін,  өзіндік  көзқарасы  қалыптасқанын  байқадым.  Кейбіреуі  өмірде 
жақсы  адамдарға  еліктесе,  тағы  біреулері  ата-ана  алдындағы  парызын 
түсінетіндігі,  ең  асыл  адам  деп  танып,  өскесін  бар  жақсылықты 
жасайтындығын  жазған.  Жастар  өмірге  шынайы  көзбен  қарап,  өз 
тағдырларына  өздері  иелік  ете  алатын  азаматтар  болуы  үшін  оларға  үлгі 
ұсынуымыз керек. [5]  Олай 
болса, 
9-11-сыныпта 
өтілетін 
тәрбие 
жұмысында ел үшін еңбек еткен тұлғалардың жетістікке жетудегі төзімділігі 
мен еңбекқорлығы,  бәсекелестік қабілеттерімен таныстыра отырып, өмірлік 
мақсат қоюға ұмтылдыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет