РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН
БІЛІМ БЕРУ
Нариман Анар
Қазақстан – Ресей медициналық колледжі
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын
көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт
руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы
деуге болады. Шынында да ол бүгінгі таңда біздің халқымыз үшін ежелден
келе жатқан біздің салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетіміз – біздің ұлттық
кодымыз.
Сондықтан
Елбасының
Қазақстанның
үшінші
жаңғыруына
байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны жүзеге асырудың бір жолы
бәсекеге қабілеттілік деуге болады. Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді
болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. Себебі тәрбие мен білімді қатар
жүргізу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. ұрпақ тәрбиесі, қай уақытта
болсын, күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі де бірегейі екені
баршаға аян. Бұл мәселе қазіргі күні де айрықша мәнге ие. ХХІ ғасырдағы
тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму
қарқыны ағымында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа
емес. Оларға ұлттық тәрбиені дарыту одан да күрделі. Осы тұрғыдан алғанда,
біздің халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлы мұрасын оқу-тәрбие
ісінде пайдалану – кезек күттірмейтін мәселе.
Тәрбие мен білім беру – егіз үрдіс. Қос егіздің бірі ақсаса, ешбір оң
нәтижеге қол жеткізе алмасымыз хақ. Әлемнің ең дамыған отыз елінің
қатарынан көріну мақсатына жұмылған қазіргідей жауапты шақта тәрбиег
ісіне берілер басымдылықтар көбейді. Білімнің салтанат құруы үшін, шәкірт
ұлттық тәрбие алуы шарт. Ал егемен еліміздің ертеңін жарқын ететін тек
қана білімді ұрпақ екені даусыз. Осы тұста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
аясында білім беру ұйымдарындағы тәрбие беру ісінің негізгі қағидаттары
қалыптасып, шырайлы шындық болып өрілуде.
Міне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы білім беру ұйымдарында
тәрбие бағытында осындай басты бағыттарды бағдарға алып, шындыққа
айналса құба-құп.Ол ұстанымдардың бірегейі – ұлт тарихынан тамыр ала
отырып, тәрбие беру ісі екенін тағы да ерекше атағым келеді. Білімі терең,
тәрбиесі текті, рухы биік ел баласы Қазақстанды жарқын болашақта әлемнің
365
ең дамыған үштік елінің қатарына шығарарына сенім артамыз. «Рухани
жаңғыру» - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде жоғары
мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда.
Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің,
мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз
жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде
уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы
жатыр. Рухан жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ
пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді.
Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде
қалыптасатын интеллектуадық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты,
халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді,
керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны
нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір
ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол
жеткізетін жетістігі. Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ
болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып,
өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге
ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар
игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының
жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне
елдің қолын жеткізу деп түсінеді. Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің
болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи
қажеттілік.
Мемлекет халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп баптайтын, рухын
сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің
мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекеті,
халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан
өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға
жетелейтін ұлттық сана. Ұлттық сана елдің тархы мен мәдениетіндегі
тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен үйлессе елдің тұтас ұлттық зердесі
қалыптасады немесе заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Бұндай
ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін
атқарып отырған. Мәселен түркі қазақ жұртының Мәңгілік Ел болу идеясы
ұлттың зердесінен туған дүние. Мемлекет басшысы мақалада атап
көрсетілгендей, неғұрлым адам өзінің бар мүмкіндігін тарихтың елегінен
өткізген сайын уақыт талабын игеруге қабілетті келеді.Сондықтанда ұлттық
сана қашанда рухани жаңғырудың негізі болып қала бермек.
Бүгінгі ұрпақ үшін рухани жаңғыру ұлттық қасиеттеріне ие болу және
мәдениеттілікті, еңбек пен білімді иеленіп, кез-келген игілікті іске ынта мен
жігерді танытып, қабілеттілікті көрсете білу, өмір жолында өз ісіне адалдық
танытып, өзіне бағындырған құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыра
алатын деңгейге қол жеткізу, сол арқылы мемлекетінің мүддесіне, ұлтының
болмысына күш беру. Елбасы айтқандай, «Ұлт немесе жеке адам нақты бір
366
межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі,
елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады». Уақыт бір
орында тұрмайды, заман алға жылжиды. Уақыт өрісіндегі заман
болмысының ерекшеліктері мен белгілері ұрпаққа жүктелетін міндетіне
тәуелді. Өз дәуірінің ел болашағымен біріктіретін міндетін дұрыс орындай
білген ұрпақ қана мемлекетінің мүддесін сақтап, өзінен кейінгі буынға
табыстап кетеді. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттық
құндылықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттық
қасиеттер. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру
ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара
басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық
рухы жоқ адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай
ізденуіне, рухан кемелденуіне, бірігуіне ықпал ететін ұлттық код.
Рухани жаңғырудың негізі ұлттың қасеттері мен рухан құндылықтарға
тәуелді болса, оның әлеуметтік өрісі қашанда білімге, еңбекке және
табандылыққа келіп тіреледі. Қазақ баласына білімнің рухын түсіндерген.
Жеке адамның білімге деген құрметі оның толыққандың білім алуына, рухан
деңгейінің қалыптасуына ықпал етеді. Абай мен алаш зиялыларының
заманында ел тұрмысының қиыншылығына қарамастан көзі ашық, көкірегі
ояу қазақ зиялыларының шығуына ықпал еткен қазақтың өнер, білім және
ғылым туралы кемел түсінігі.
Ұлттық тәрбедедегі уақыттан қалмайтын және білімі тозбайтын
құндылықтар олардың талапты, арлы, жігерлі, еңбекқор, қиындыққа төзімді,
ақылды және рухани терең болуына ықпал еткен. Осы тұрғыдан алаш
зиялыларының болмысына, тархи қызметтеріне қарайтын болсақ рухан
Жаңғыру ұрпақтың тарих, отан, келер уақыт алдындағы кісілік
қасиеттерімен тұлғалық ұстанымының әлеуметтік ортада қатар сақталуы.
Ұлттық кодынан қол үзбеген жеке адам заманынан қалмайды, өз заманында
алға ұмтылады, өз заманның жетістіктеріне қол жеткізеді және оны ұлт
игілігіне айналдыра алады. Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов жазып
кеткендей, «Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен,
шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген
мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой,
қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» Рухани жаңғыру жаңашылдыққа
қол жеткізу, заманның жетістігін бағындыру. Жаңашылдық әлеуметтік
ортадағы мәдениеттілікпен өлшенуі тиіс, парақорлық, жемқорлық күш алған
тұста жеке адамның, әлеуметтік ортаның рухани жаңғыруы, жаңашылдығы
тежеліп отырады.
Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу
туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтанда елде туып,
елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес.
Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт
болашағына деген шынайы жанашрылығынан бастау алмақ. Ұлттық рух бар
жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап
367
көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухан жаңарудың түп қазығы, ұлттың
негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі,
еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар
бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына,
еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.
Елбасымыз атап айтқандай, «табыстың кілті – білімде». Қай кезеңде
болсын, қай салада болсын, біз «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы
білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін
межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі,
құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа
жететінін» түсінетін уақыт келді. Бүгінгі байлық, бүгінгі мақтан тек қана
білімнің, білімдінің айналасында салтанат құрады. Аталмыш бағыттардың
бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап
береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен
құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық
ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті
болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи
байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады…
Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты
қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет
тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына
сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы
Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім»
сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ
ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге
қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни
барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани
жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы
әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық
тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Қорытындылай келе алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар
мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес.
Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын
асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар
білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді
ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін
бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі
ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере
білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын
Абай атамыздың сөзімен сөзімді аяқтаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |