Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН



Pdf көрінісі
бет151/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН 
ОРНЫ 
 
Токбосынова Кенже 
Алматы облысы, Іле ауданы, Қоянқұс ауылы  «№ 1 орта мектеп» 
қазақ тілі мен әдебиеті магистрі 
 
          ХХІ  ғасырда  сіздер  мен  біздер  күрделі  қоғамдық-әлеуметтік 
өзгерістердің  куәгері  ғана  болып  қана қоймай, осы  жаңа қоғамды, ортаны 
құрушы,  тың  өзгерістерді  жасаушы  өкіл  ретінде  де  өмір  сүріп  отырмыз. 
Сондықтан  болашақ  ұрпақ  қазіргі  ғылым  мен  білімнің  тұтқасын  ұстап 
отырған  ғалымдар  мен  ұстаздарға  ерекше  жауапкершілік  артады.  «Ел 
боламын  десең,  бесігіңді  түзе»,-  деп  ғұлама  ғалым  Ахмет  Байтұрсынов 
айтқандай,  жаңа  қоғамдық  формацияның  болашақ  маманы  ғылымның 
өзекті  мәселелерге  сай  зерттелуіне,  білімнің  сапасы  мен  тиімділігіне, 
практикалық  тәжірибенің  нәтижелігіне  байланысты  қалыптасады  және 
тәрбиеленеді.  Жаңа  қоғам  жаңа  маманды  қажет  етеді.  Демек  әр  түрлі 
саланы  еркін  меңгерген-білімді,  өзіндік  мақсаты  бар  –  тиянақты,  оқу  мен 
өмірді  ұштастыра  білетін  -  кәсіпкер,  өз  ісінің  шебері  болатын  -  маман 
дайындау  -  бүгінгі күннің сұранысы. 
        Жаңа  формацияның  универсал    маманын  дайындау  ғаламдану  мен 
интеграция  заманына  сәйкес  меңгерілетін  білімнің  сапалығына, 
оқытылатын 
әдістеменің 
ұтымдылығына,  игерілетін 
практикалық 
өндіріспен жалғастығына байланысты.  


378 
 
         Осы тұрғыдан келгенде, жаңа формацияның жақсы маман болу үшін, 
мемлекеттік тілді ғылым мен өндіріске, өмір мен тәжірибеге сай білу керек. 
Қоғамның қажеттілігін өтейтін болашақ маманды шығару оқу жүйесіндегі 
технологияны  жаңартумен  тығыз  байланысты.  Пәнді  меңгеру  барысында 
жаңа  технологияларды  іске  асыру-оқыту  процесін  сапалы  әрі  тиімді 
жүргізудің кепілі. 
         Жалпы оқыту жүйесіндегі технологиялық мәселелер Я. Коменскийдің 
идеяларында  бұдан  әлдеқайда  бұрын  айтылады.  Кейіннен  білім  берудегі 
жаңа,  ұтымды  әдіс-тәсілдер  қажет  бола  бастаған  уақытта  технология 
жаңарып,  жаңғырып,  жан-жақты  іске  асырыла  бастады.  «Технология» 
терминінің  өзі  бірде  «оқыту  технологиясы»,  бірде  «білім  технологиясы», 
бірде «педагогикалық технология», кейде «оқытудың жаңа технологиясы» 
деп  әр  түрлі  аталып  келеді.  Осының  өзі-ақ  бұл  мәселеге  қатысты 
ізденістердің  көп  болғанымен,  әлі  бірізділік  жоқ  екенін  аңғартады.  Бірақ 
қалай  болғанда  да  білім  беру  жүйесінде  технологияның  алатын  орны  мен 
маңызы зор екенін қазір барша қауым түсініп, оқыту процесінде қолданып 
отыр. 
         Оқыту  процесінде  технологияның  маңызы  мынада:  мұнда  жылдар 
бойы  қалыптасқан  дидактиканың  пайдалы  жақтары  педагогика  ілімінің 
қажетіне  жарайды,  дидактикалық  процестер  практикаға  әсер  етеді, 
дидактика  оқыту  технологиясының  құрамында  сабақ  беру  әдістемесін 
жетілдіреді. 
         Қалай  болғанда  да  соңғы  жылдары  білім  беру  жүйесіндегі  оқыту 
технологиясы  –  ұстаз  педагогтардың    назарын  ерекше  аударып  отырған 
мәселе. 
         Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  технологиялары  –  адамның  жеке  қабілеті 
мен  ұсынылатын  материалдардың  танымдық  бірлігін  іске  асыратын, 
оқушының творчестволық мүмкіндігін дамытуға бағытталған, жүйелі білім 
беруге негізделген сапалы оқыту тәсілдерінің жиынтығы. (3) 
         Жаңа  технология  бүгінгі  күн  сұранысына  пайда  бола  келіп,  жалпы 
педагогика ілімінің дамуына ықпал етіп отырғандығы белгілі. Ол әр түрлі 
тиімді әдіс-тәсілдердің тоғысы арқылы іске асырылатындықтан, білім беру 
жүйесінде маңызды орын алады. 
         Жаңа технологияны іске асырудың басты мақсаты-білім мен өмірді өз 
қажетіне  қарай  ұштастыра  алатын,  қалыптасқан  пікірі  мен  ойы  бар, 
болашақ  ұрпақ-жеке  тұлға  тәрбиелеу.  Қандай  болмасын  тұлғаның  іс-
әрекеті,  бет-келбеті  оның  өмірдегі  қадамынын,  ой-тұжырымынан 
аңғарылады да, басқа адамдармен қарым-қатынасынан көрінеді. Адам мен 
адамның  қарым-қатынастың  барлық  саласын  қамти  келіп,  қоғамдық-
әлеуметтік қажеттілікті қамтамасыз етуі тиіс. Тілдің әлеуметтік функциясы 
мектеп қабырғасында  қаланып, жоғары оқу орындарында іргелі өзгерістер 
арқылы дамиды. 
           Қазақ  тілін  жаңа  технология  арқылы  оқыту  тілді  қатынас  құралы 
ретінде  игерумен  қатар  оның  қоғамдық-әлеуметтік  қызметтін  білдірудегі 


379 
 
және  бағалауды  көздейді.  Осы  тұрғыдан  келгенде  қазақ  тілін  оқытуда 
лингвистикалық  біліммен  бірге  оқушының  сөйлеу  қабілетін  жетілдіретін, 
танымдық  көзқарасын  қалыптастыратын,  өз  ойын  еркін,  түсінікті,  әдемі, 
жүйелі жеткізе білу дағдасын дамытатын білім де берілгені дұрыс. (1) 
          Сондықтан тілді меңгеруде басты үш бірлік: ой  – тіл – сөйлесім бір-
бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы үш бірліктін негізі әр алуан 
салаларды:  педагогика,  психология,  технология,  лингвистика,  қоғамтану 
тағы  басқа  өзара  тоғыстыра  келіп,  оқытудың  жаңа,  ұтымды  жолдарын 
іздестіруді қажет етеді.  
           Тіл адамдардан, сонын ішінде шәкірт пен мұғалімнің, түсінуін, пікір 
алысуын,  сөйлесуін  қамтамасыз  ететін,  іс  жүзіне  асыратын  қатысымдық 
құбылыс,  қатысым  құралы  ретінде  қолданылатын  біртұтас  жүйе.  Қазіргі 
кезде  адам  факторының  жан-жақты  жетілген,  көп  тілді  меңгерген 
тұлғасына  оны  тәрбиелеу  мен  қалыптастыруға  ерекше  ден  қойылуда. 
Сондықтан  тілші  ғалымдар  тілді  жүйелі  құрылымдық  табиғатымен  қатар 
қатысымдық    /коммуникативтік/  тұрғыдан оқыту  мәселесіне  ерекше назар 
аударуда.  Қазақ  тілі  оқытудың  жаңа  технологиясы  тілдің  қатысымдық 
қызметін  ескере  отырып,  оны  қатысымдық-танымдық  жағынан  меңгерулі 
көздейді. 
           Қазақ  тілін  қатысымдық-танымдық  тұрғыдан  оқыту  тілді  қарым-
қатынас  құралы  ретінде  игерумен  бірге  оны  ерекше  құбылыс  есебінде 
қабылдануды, елтануды, өлкетануды қамтамасыз етеді. 
          Қазақ  тілін  жаңа  технология  арқылы  оқыту  процесі  бірнеше  басты 
мәселелерді қамтиды. Олар: 1 /оқытудың мақсаты ; 2 /оқытудың мазмұны; 
3  /  оқытудың  құралдары  4/оқытудың  әдістері  мен  тәсілдері;  5  /  оқытудың 
формалары.  Аталған  мәселелердің  бәрі  бірігіп  оқу  жоспары  мен 
бағдарламасын бекітеді. (2) 
          Оқу    процесінің    сапалығы    үш    факторға    тікелей    қатысты: 
оқушының  талабы  мен  қызығушылығына,  мұғалімнің  педагогикалық 
шеберлігіне,  ұсынылатын  материалдардың  пайдасы  мен  қажеттілігіне. 
Оқушы жүйелі білім беретін материалды тиімді, әдіс-тәсілдерді қолданып, 
оның  жеке  қабілетіне  сай  дұрыс  меңгерте  білу  оқыту  технологиясын 
жақсартады.  
            Білім беру жүйесінде олардың  әрқайсысы маңызды орын ала келіп, 
бір  бірімен  бірлікте,  тұтас  қолданылу  арқылы  да  тиімді  роль  атқарады. 
Тілді меңгеру барысында бірде бір технология басымырақ орын алса, бірде 
екінші,  не  үшінші  маңызды  болып  табылады.  Қазақ  тілін  оқыту 
технологияларының  қай  қайсысы  болсын  түптеп  келгенде    тілді  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынас  құралы,  пікірлесу  құралы  тұрғысынан 
меңгертуді көздейді. 
      Қазақ  тілін  жаңа  технология  арқылы  оқыту  тілді  қатысымдық-
танымдық жағынан игеріп, оны тәжірибеде пайдалана білуді мақсат етеді. 
Бұл мақсат тілдегі сөйлесім әрекетін және оның түрлерін жете меңгерумен 


380 
 
байланысты. Ал сөйлесім әрекеті тілді күрделі қоғамдық құбылыс ретінде 
тануды және қолдануды қалайды. 
      Тіл-бір  жағынан,  тілдік  қатынасты  жүзеге  асыратын  құралы,  екінші 
жағынан  қоғамдық-әлеуметтік  ортаға  байланысты  қатысымдық  нақтылы 
міндеттеріне сай әрекет  жасайтын жүйе. 
      Қазіргі  уақытта  көп  тілді  білетін  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  және 
жалпы факторына ерекше назар аударылуда.  Сондықтан да ғалымдар тілді 
жүйелік-құрылымдық  қырынан  зертеуден  гөрі  оны  қатысым  құралы 
ретінде зерттеу мәселесіне басты назар аударуда. Сол себепті тілді оқытуда 
жүзеге  асатын  технология  форма  мен    мазмұнның  бірлігі  тұрғысынан 
қолданған тиімді болады. 
     Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  технологиясы  тілдің  осы  қатысымдық 
қызметін  ескере  отырып  іске  асырылады.  Тілді  меңгерудің  алғы  шарты 
сөздің  мән-мағынасы,  сөйлемнің  дұрыс  құрылуы  мәтін  және  сөйлесім 
болып  табылады.  Мәтіннің  және  сөйлемнің  басты  ұйытқысы  сөз 
болғандықтан  тілді  меңгеру  ең  алдымен  сөздік  қорға  байланысты. 
Сондықтан  да  қазақ  тілін  оқып  үйренуде  сөз  бен  жұмысқа  жаңа 
инновациялық  қырынан  келген  жөн.  Сөз  бен  жұмысты  жаңа  технология 
бойынша  ұйымдастыру  оны  тез  меңгеруге,  оқушылардың  сөйлеу 
қабілетінің дамуына жағдай жасайды. 
       Қазақ  тілін  қатысымдық-танымдық  тұрғыдан  оқыту  оқу  жүйесін 
сапаландыруға, оның басты принциптерін жүзеге асыруға себебін тигізеді. 
Оның  негізгі  бір  жүйеге  бағынған  әртүрлі  әдістердің  тоғысуы  болып 
табылады.  Қазақ  тілін  оқытуға  жаңа  технология  тиімді  амал-тәсілдердің 
барлағының  басын  біріктіріп,  сабақтың  сапасын  жақсартады  және 
тиімділігін арттырады.  
          Қазіргі  білім  оқытуды  жинақталған  әрекет  ретінде  қарастыруды 
қажет етеді. Қазақ тілін оқытуда ұстаз бен шәкірттің екі жақты әрекеті тең 
дәрежеде  орындалады.  Бұл,  біріншіден    тілді  оқытудың  мақсаты  мен 
міндеттеріне  байланысты  болса,  екіншіден,  оқушының  жеке  тұлғалық 
қасиетіне,  қызығушылығына  қатысты.  Бұл  екеуінің  де  қалауының 
орындалуын талап етеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет