Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет149/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 


368 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Егемен Қазақстан, 12 
сәуір 2017 ж. 
2. Қазақ әліпбиі / https://kk.wikipedia. 
3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б. Аяған. – Алматы.2004 ж.–238 
б. 
4. Латын әліпбиі: рухани тәуелсіздік жолы / Қазақ үні, 11 сәуір 2017 ж. – 7 б. 
 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ 
 
Құдайбергенова Айгүл Досмаханқызы 
Тұрар Рысқұлов ауданы, «Ақбота» бөбекжай-бақшасы  
 
 «Балалар – біздің елдің бүгінгісі мен болашағы 
біздің мемлекеттің басты байлығы мен тірегі. 
Дамудың бірінші кезеңі, тәрбие мен білім берудің 
бірінші сатысы – балалар бақшасы» 
      Н.Ә.Назарбаев 
  
Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру саласында көптеген оң өзгерістер 
орын  алуда:    мектепке  дейінгі  тәрбие  беру  саласына  саяси  және  заңнамалық 
қолдау көрсету қамтамасыз етілу үстінде. Қазақстан білім беру, адам және бала 
құқығын  қорғау  саласындағы  барлық  негізгі  халықаралық  келісімдердің 
қатысушысы  болып  табылады.    Білім  беру  саласының  әрбір  қызметкері 
әдістемелік  жағынан  ғана  емес,  заңнамалық  жағынан  да  сауатты  болып,  өз 
әрекетінің тұтастығын қамтамасыз ете алуы тиіс. 
Ғылым  мен  техника  аршындап  алға  басқан,  қарыштап  қадам  басқан    ХХІ 
ғасырда  бүкіл  әлемді  шарпып  келе  жатқан  жаһандану  процесі,  ғылым  мен 
білімді игерудегі бәсекелестіктер және дүние өзгерістері бізді де толғандырады. 
Болашақта  тек  білімді  ел  ғана  қандайда  болмасын  бәсекелестікке  төтеп  бере 
алып,  өзін  -  өзі  сақтап  қалатыны  сөзсіз.    Ел  болашағы  –  білімді  ұрпақта. 
Сондықтан  білім  беру  саласында  жасалып  жатқан  жаңа  реформаларды  жүзеге 
асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс. 
     Әлемдік  білім  кеңістігінде  мектепке  дейінгі  педагогиканың    мәселелерін 
шешуде  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  жаңаша  жетілдірілген  әдіс  –  тәсілдерін 
іздестіру,    үнемі    жаңалыққа    жол    ашу    бағыттары    қарастырылуда.  Ғасырдан 
астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие 
мен  білім  берудің  негізгі  нысаны  ретінде  сыннан  өткен  балабақша  бүгін  де 
үздіксіз  білім  берудің  алғашқы  баспалдағының  үлгісі  болып  қалып  отыр. 
     Мектепке дейінгі білім мекемелері басшылары алдында тәрбие мен білім беру 
ісінің мазмұнын серпінді түрде дамыта отырып, тиімділігі мен сапасын арттыру 
міндеті  тұр.    Осы  заманғы    басшы    мектеп  жасына  дейінгі    балаларды    оқыту, 


369 
 
тәрбие  және  дамыту  әдістемелері,  сонымен  қатар  әдістемелік  қызметті  басқару 
мәселелерінде білікті болуы тиіс. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін басшы 
үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы заман талабы. 
Ал,  біліктілік  дегеніміз  –  бұл    білімдегі,  тәжірибедегі,  берілген  білімді 
меңгертудегі  бейімділік,  құндылықты  бейнелейтін  жалпы  қабілеттілік  болып 
табылады. 
Н.Ә.Назарбаев  «Ғасырлар  мақсаты  –  саяси-экономикалық  және  рухани 
дағдарысты  жеңіп  шыға  алатын,  ізгіленген  XXI  ғасырды  құрушы  іскер,  өмірге 
икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» - деп  айқындай 
келе  «Мұғалімдердің  жаңа  ұрпағы  білім  деңгейі  жөнінен  әлдеқайда  жоғары 
болуы  керек.  Ол  үшін  жаңа  формацияның  педагогы  қажет»  екенін  атап 
көрсетті.   Осылайша  еліміздің  келешек  келбетін  көрсететін,  сапалы  білім  беру 
жүйесінде  кәсіби  біліктілігі  жетілген,  ерекше  талантты  мұғалімнің  болуын 
міндеттеді.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  саласында  орталық  тұлға  –  ол  
балабақша  меңгерушісі.  Мектепке  дейінгі  ұйым  басшысының  басты  міндеті  – 
педагогикалық  ұжымды  тәжірибелі  басқара  отырып  мектепке  дейінгі  тәрбие 
саласындағы  білім  беруді  дамытуды  жүзеге  асыруға  жұмылдыру.  Қазіргі 
заманғы меңгеруші балабақшаның гүлденуін, барлық қызметкерлердің қолайлы 
жұмыс  істеуін,  ата-аналармен  бірлескен  тәрбие  процесін  қамтамасыз  ететіндей 
кәсіби және жеке бас сапаларына ие адам болуы тиіс. 
Меңгеруші  барлық  мәселелер  бойынша,  оның  ішінде  заңнама  бойынша 
жоғары біліктілік танытуы тиіс. Балабақша – келешек  ел  басқарар,  жер суына  
иелік    етер,    ел  –  халқын    гүлдентер,  мерейін  өсіріп,    мәртебесін    биіктетер 
жасампаз жандарды шыңдап, өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя.   
Жас  ұрпақтың  иман  жүзді  білімдар  азамат  болып  өсуі,  ең  алдымен  ата-
анасы,    одан    соң      білім    алар      алтын    ұясы    және    қоршаған    ортасына  
байланысты.    Балабақша  –  бұл    бала    тұлғасы    мен    санасының    қарқынды  
дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. 
Сондықтан    балабақша  –  баланы  тұлға  етіп  қалыптастырудың  алғашқы 
баспалдағы.      Елбасымыздың    жолдауында:  "Ұлттық    бәсекеге    қабілеттілігі  
бірінші  кезекте білім  деңгейімен  айқындалады"   деген.    Баланы, жеке адамның 
құндылығын    арттыру,    оны    дайынтайтын    ұстаз  жауапкершілігінің  өсуі, 
тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. 
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық 
бағытты  дамыту  мақсатымен  атауымыз  үлкен  үміттің  басты  нышаны  болып 
табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды»,- деп дана 
халқымыз бекерден бекер айтпаса керек. 
      Жаңа  заман  баласы  ертеңгі  еліміздің  болашағы.  Жаңа  заман  баласын 
қалыптастырып,  дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр  -  сырын 
анықтап,  мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, 
ол  үшін  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  балалардың  жеке  басының 
қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың  педагогикалық  технологияларды 
қолдана білу сауаттылығына да байланысты. 


370 
 
Білім  берудің  алғашқы  деңгейлері  балабақшадан  басталмақ.  Мақсаты  – 
мектепке    дейінгі  білім  балалардың  білім  алуына  бірдей  бастапқы 
мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ету.  Кез  келген  оқыту  технологиясы  тәрбиешіден 
терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелік  білімді, 
педагогикалық  шеберлікті,  балалардың  жан  дүниесіне  терең  үңіліп  оны  ұғына 
білуді  талап  етеді.  Қазіргі  педагогика  ғылымының  бір  ерекшелігі  жеке  тұлғаға 
бағдарланған  инновациялық  оқыту  технологиясының  кең  қолданысқа  енуі. 
Қазіргі  таңда  мектепке    дейінгі    ұйымдарда    инновациялық    технологияны  
ендіруге  көптеген күш жұмсалуда. 
 Мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтарының  негізгі  міндеті:  әдіс  -  тәсілдерді  
дұрыс  таңдау,    жаңаша    педагогикалық    технологияларды  дұрыс  қолдана  білу, 
жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.  
ХХI ғасырда  білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында 
дамыту  маңызды  мәселелердің  бірі.  Президент  Н.Ә.Назарбаев  "Қазақстан  – 
2050"      стратегиялық  жолдауында:  "біз  білім  –  ғылым  –  инновациялар    үштігі 
билеген  постиндустриялық  әлемге  қарай  жылжып  келеміз, біріншіден, бұл – 
уақыт,  қазір  инновация  заманы,  инновация  ғасыры"  -  деп  атап  көрсеткен 
болатын. Яғни,  инновация – «жаңаны   көру»,  «жаңаға ену», «жаңаға  кіріспе» 
деп түсінуіміз қажет. Жаңа инновациялық технологияны меңгеруге тәрбиешінің 
жан-жақты, білімі қажет. Ол үшін қазіргі тәрбиеші: 
  Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; 
  Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін
  Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 
  Балалармен ортақ тіл табыса алатын
  Білімді, іскер, шебер болуы керек; 
       Жаңа    педагогикалық    технологияның    ерекшеліктері  –  өсіп    келе    жатқан  
жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық  білімді дамыту, өзгеріс енгізу,  
жаңа  педагогикалық  идеялары  мен  жаңалықтарды  өмірге  әкелу.  Осындай  жаңа 
инновациялық  технологияларды  толық  меңгерген  тәрбиешіден  білім  алған 
қазіргі жаңашыл бала: 
  Дүниетанымы, қабілеті жоғары; 
  Дарынды, өнерпаз; 
  Ізденімпаз, талантты болары сөзсіз. 
      Педагогикалық  инновация  –  бұл    жаңа  педагогикалық  технологияны  оқыту 
қызметінің  жаңа  әдістерін, тәсілдерін, әдістемелерін әзірлеу және тарату. 
      Балалардың    танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру  мақсатында  жеке 
жұмыстар  әр  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде,  тәрбие  сағаттарында 
жүргізіледі. Ән, би  үйрету арқылы,  әр түрлі қызықты әңгіме оқу арқылы, білуге 
қызығушылығын оятады.    Сондай-ақ,  баланың   танымы  тек  таным  қызметінде 
ғана  емес,  сонымен  бірге  еңбек  ойын  әрекетінде  де  орын  алады.  Әрекеттердің 
әртүрлілігі мен әдіс-тәсілдері баланың қабілетін арттырып, танымдық қызығуын 
оятады. 
Елімізде  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  мәселесі  қоғамдық 
институттардың, ғалымдар мен саясаткерлердің, білім беру жүйесі саласындағы 


371 
 
қызметкерлердің  бәрі  үшін  өзекті  тақырыптың  біріне  айналып  отыр.  Қоғамдық 
санада патриотизм қалыптастыру қысқа мерзімде іске асатын, саяси науқандық 
шара  немесе  әлеуметтік  акт  емес,  өз  кезегінде  ол  рухани  тәрбие,  ұлттық 
құндылықтар, азаматтық, мәдени-әлеуметтік, саяси - экономикалық көзқарас пен 
дүниетаным  сияқты  категориялармен  үндесетін  кең  ауқымды,  жүйелі  ұғым. 
Нәтижесінде  осының  бәрі  еліміздегі  патриоттық  тәрбиенің  іргетасы  іспетті 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  аясында  тоғысуы  қажет.  Сондықтан  да,  «100  нақты 
қадам»  ұлттық  жоспарында  біртектілік  пен  бірліктің  негізгі  принципі  ретінде 
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу қажеттігі айтылады. Елімізде 
жоспарланған ұзақ мерзімді стратегия да осы мүддеге жауап береді. Сондай-ақ, 
осы  бағытта  бірнеше  мемлекеттік  деңгейдегі  шаралар  қолға  алынып  отырғаны 
белгілі.  Ұрпағымыздың  кеудесінде   намысы  бар,  білімді,  туған  елін,  жерін 
сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне 
аударуымыз  қажет.  Қазіргі  білімнің  болашағы  мол  факторларының  бірі  – 
патриоттық  тәрбие.  Заманауи    ұлттық  идеямызды  балабақшада  тәрбиеленіп 
жатқан  бүлдіршіндерден  бастап  оқушыларға  кеңінен   жеткізу  үшін  бар  күшті 
салған  артықтық  етпейді.  Әр  оқушының   санасына,  өмір  салтына  сіңген 
құндылық пен сенім «Мәңгілік Ел» орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  мемлекеттік  білім 
құжаттарында  маңызды  орынды  патриотизм,  патриоттық  тәрбиеге  береді. 
Патриоттық  тәрбиенің  мазмұны  мынадай  қасиетті  қалыптастыруды  көздейді: 
Отанын  сүю  және  азаматтығын  мақтан  тұту;  өз  отанының  болашағы  үшін, 
мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу халқының салт – 
дәстүрін,  ерекшеліктерін  білу,  дінге,  тарихи  мұраларға  құрметпен  қарау,  өз 
отандастарына, сондай – ақ басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру. 
Халқымызда  «баланы  жастан»  деген   дана  сөз  бар.  Тәрбиенің  бесіктен 
басталатынын   ескерсек,   ата  –  бабадан  келе  жатқан   дәстүрлерді  ең  алдымен 
өзіміз   түсініп,   балаларға  оның  нәрін  сіңіре  білсек,   болашақ  патриот 
тәрбиелесек бұл  еңбегіміздің  жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз болмақ. Баланың 
туған  елге,  жерге,  халқына  сүйіспеншілігі  зор,  патриоттық  сезімді,  жан-жақты 
тұлға ретінде жетілген азамат болып шығуына керекті ұзақ жолда ата-аналар мен 
ұстаздарға мейірімділік, шыдамдылық, ал балаларымызға еңбекқорлық қабілетін 
тілейік.  Бала  тәрбиесі  –  баршаның    ісі.  Отбасының  да,  балабақшаның  да, 
мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.  
       Біз инновациялық оқыту технологиясының тиімді үлгілерінің бірі ретінде – 
денсаулық 
сақтау 
технологиясын 
қолданамыз. 
Денсаулық 
сақтау 
технологиясының  мақсаты  баланың  денсаулық  сақтау  мүмкіндіктерін 
қамтамасыз ету, оған салауатты өмір - салты туралы қажетті білім, қабілет пен 
дағдылардың  қалыптасуы  болып  табылады.  Денсаулық  сақтау  педагогикалық 
технологияларға  педагогтың  баланың  денсаулығына  деген  әр  түрлі  деңгейде-
ақпараттық, психологиялық, биоэнергетикалық ықпал етудің барлық аспектілері 
кіреді. Заманауи жағдайда адам дамуы оның денсаулық жүйесін құрусыз мүмкін 
емес.  Денсаулық  сақтау  педагогикалық  технологияны  таңдау  төмендегілерге 
тәуелді: 


372 
 
 Мектепке дейінгі ұйым типіне;  
 Мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу ұзақтығына;  
 Педагогтар жұмыс істейтін бағдарламаларға;  
 Мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына;  
 Педагогтың кәсіби құзыреттілігіне;  
 Балалардың денсаулық көрсеткіштеріне.           
      Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  денсаулық  сақтау  оқу  қызметінің  негізгі 
бағдарына мыналарды жатқызуға болады:  
  балалардың тіршілік әрекетіне санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп пен 
гигиеналық 
жағдайларды 
жасауды 
ұйымдастыру; 
тамақтануды 
ұйымдастыру; 
   балалардың  балабақшада  болу  кезіндегі  олардың  психологиялық 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;  
  балалар  мен  қызметкерлерге  емдеу-профилактикалық  жұмыстарды 
ұйымдастыру, балалардың дене тәрбиесі.  
        Жалпы  денсаулық  сақтау  шаралар  жүйесі  төмендегілерден  тұрады: 
балаларды  өз  дене  мүшесіне  күтім  жасауды  оқытудан,  дене  шынықтырудан, 
тағамдарды  дәрумендеуден,  фитопрофилактикадан,  натуропатиядан,  өзін  -  өзі 
психологиялық  реттеу  жаттығуларын  меңгеруден,  балалардың  қозғалыс 
әрекетін  оңтайландырудан.  Сонымен,  кез  келген  педагогикалық  оқу  қызметті 
әрбір баланың денсаулық жағдайы туралы және дене дамуының деңгейі туралы 
ақпарат  алынғаннан  кейін  ғана  бастаған  жөн.  Денсаулық  сақтау  әрекетінің 
тиімділігі  көп  жағдайда  педагогтың  тәрбиеленушілер  отбасының  өмір  сүру 
жағдайын  білуіне,  сонымен  қатар  ұжымның  кәсіби  дағдылары,  бар 
жағдайларды  ескеруі  мен  оны  ұйымдастырудың  кешенді  тәсілдемесіне 
байланысты.  
          Балабақшада  ұлттық  ойындарды  үйретіп,  ойнату  үнемі  жоспарланады. 
Қазақ  халқының  бала  денесін  жетілдіру  әдістері,  оларды  қолдану  жолдары 
әрқашан  ескеріліп  отырылады.  Өйткені,  ата-бабаларымыз  балаларын  ат 
құлағына  ойнатып,  шабандоздыққа,  отбасының  тіршілігіне  үйреткен.  Осы 
ұлттық дәстүрді ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында балабақшамыздың 
әр  топтарында  ұлттық  нақыштағы  қимыл  -  қозғалыстарына  арналған 
жаттығулар  мен  ойындар  әрдайым  жүргізіледі.  Қазіргі  уақытта  мұндай  жан  - 
жақты  үйлесімді  дамыған  адамзат  тәрбиелеудің  негізі  мектепке  дейінгі 
ұйымдарда  күн  тәртібінде  қолданудан,  дене  тәрбиесі  сабақтарын  жақсартудан 
және оның маңызын халықтық тәрбиемен ұштастырудан қаланады.  
          Жаңа  стандарт  бойынша  үнемі  балалардың  оқу  қызметінің  даму  деңгейі 
мен  берілген  талаптарды  орындау  барысындағы  көрсеткіштер  шығарылады. 
«Денсаулық  сақтау»  технологиясы  бойынша  бұл  өткізіліп  жатқан  шаралар 
баланың  аурудың  алдын  алуға  деген  алғашқы  қадамы  болып  саналады.  «Сау 
дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақыт өмір», - деп сыршыл ақын 
Мағжан  Жұмабаев  айтқандай,  мектепке  дейінгі  мекемелердің  әрбір  ісі  жан-
жақты  жарасымды,  рухани  бай  тәрбие  берумен  қатар,  денсаулығы  мықты 
болашақ  өсіруге  бағыттау  баршамыздың  міндетіміз.  Балаларды  өз  қимыл  - 


373 
 
қозғалыстық мүмкіндіктерін жақсартуға ынталандырып, олардың орындалуына 
шығармашылық  тұрғысынан  қарау  қажет.  Әртүрлі  жағдайда  кеудені  тік 
ұстауды  үйрету.  Әрбір  адам,  жас  баладан,  егде  кісіге  дейін,  осы  әдіс  арқылы 
өзін - өзі емдей алады. 
        Дүние  жүзіңдегі  денсаулық  сақтау  саласы  елдің  даму  және  нығайю 
тарихын көрсетеді. Бүгінгі күні елдің денсаулығы қиын жағдайда, сондықтан да 
кең түрде сауықтыру бағдарламасы керек  деп ойлаймыз.                                                                                        
         Білім  беру  мен  тәрбиелеудің  мақсатын  айқындау  үшін  қазақ  білімпазы 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  мына  сөздерін  еске  алған  жөн.  “Мектеп  бітіріп 
шыққан  соң  бала  бүкіл  әлемге,  өзгенің  және  өзінің  өміріне  білім  жүзімен 
ашылған  саналы  ақыл  көзімен  қарай  білсе,  міне,  білімдендірудің  көздейтін 
түпкі  мақсаты  осы».  Өзімізді  өзіміз  бағалай  білуге  бет  бұру  –  ұлттық 
байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту.   
    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет