Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет38/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНДАР  ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРЛЕРІМІЗ  -
  ЖАҢА  ОҚЫТУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ҚҰРАЛЫ,   
ӘДІС-ТӘСІЛІ  РЕТІНДЕ 
 
Кабдылова Гулжанат Токтарбековна 
 «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Педагогика және  
инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушыcы 
 
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай 
құнды  мәдени игіліктердің бірі- ұлт ойындары.  Жастарды жаңа  заманға  сай 
тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы  оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен 
қарап,  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қолданып  жатыр.  Сондай  әдіс-
тәсілдеріміздің оқу-тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойын және тәрбие. Халық 
өзінің  қоршаған  дүниенің  қыры  мен  сырын  егжей-тегжейлі  білуді  баланың 
санасына  ойын  арқылы  жастайынан  сіңіре  білуді  көздеген.  Ойын  бала 
табиғатымен  егіз,  өйткені  бала  ойынсыз  өспек  емес.  Бала  отбасы  тәрбиесі 
және  өзін  қоршаған  ортамен  тығыз  араласа  отырып  ана  тілін  үйренеді. 
Мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  балаларға  ана  тілін  оқытудың  тиімді 
әдістеріне ерекше мән беріледі.Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін 
өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден 
бір  таптырмайтын  құрал.  Мысалы:  Бірінші  сыныпта  балаларды  қимылдату 
мақсатымен  халық  ойыны  «қуыр-қуыр  қуырмашты»  ойнату  пайдалы.  Оның 
шарты  бірінші  бала  бас  бармақтан  бастап  шынашаққа  дейін  бір  рет 
саусақтардың  атын  түгел  айтып  береді.Сөйтіп  бір  саусағын  жұмып  тұрып, 
екінші бала кез-келген саусағының атын атайды. Бұл ойын балалардың тілін 
жаттықтырып, есте сақтау қабілетін  жетілдіре түседі. Жұмбақ шешу ойынын 
жарыс  түрінде  өткізуге  болады.  Жұмбақ  ойыны  балалардың  өздігінен 
ойлануына  мүмкіндік  береді.  Оларды  дерексіз  ойлаудан  нақты  ойлауға 
жетелейді.  Бірінші  сыныпқа  келген  балалардың  кейбір  әріптерге  бәрінің 
бірдей  тілдері  келе  бермейді.  Бұл  кезеңде  нағыз  көмекші  халық  ойындары 
болып  табылады.Бұл  мақсатта  ежелгі  халық  ойыны  жаңылтпашты  ұтымды 
пайдалануға  болады.  Жаңылтпаштардың  тіл  дамытуда,  сөзді  таза  сөйлеп, 
ширақ  айтуда  пайдасы  көп.  Қазақ  тілі  сабағында  өз  атыңды  буынға  бөле 
аласың  ба?  «Сыныптағы  заттарды  ата»  ойынын  ойнатуға  болады.  Сабақта 
ойын түрлерін күрделендіріп «ойлан тап» ойынын ойнатуға болады. Мысалы 
мұғалім ішінен алма сөзін ойлап тұрып бірінші буынын атайды. Балалар ал 
буынынан басталатын бірнеше сөздер айтады. Алша, алға, алма т.б. Сан есім 


70 
 
тақырыбында «Сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мұнда бір әңгіме 
оқылып, ондағы сан есімдерді атау ұсынылады. 
«Хан »  ойынын  оқушы  жаңа  сабақты  бекіту,  білімін  тексеру  барысы
н 
да,  қайталау,пысықтау  сабақтарында  қолдануға  болады.  Мұнда  ерекше   бі
р   
асық  хан  болады  да,  басқа асықтарға нөмірлер жазылады.  Хан бүк түссе бү
к 
түсіп жатқан асықты, шік түссе шік түсіп жатқан  асықты,  алшы  түссе,  алш
ын,  тәйке  түссе  тәйкені  саусақпен  шерту  арқылы  басқа асықтарды   қозға
май   
ханмен тигізу керек. Қай нөмірдегі  асыққа тиеді сол нөмірдегі сұраққа жауап
 береді немесе сол 
нөмірдегі 
жаттығуды, тапсырманы 
орындайды. 
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасағанда  «Алтын  сақа»  ойынын  төме
ндегідей  ойнатсақ,  оқушының  ынтасы  артары  сөзсіз:  үшінщі деңгейлік   
тапсырмаға 
үш  асық,  екінші  деңгейлік тапсырмаға  бес асық,  бірінші 
деңгейлік тапсырмаға  алтын  сақа  беріледі.  
  «Асық  қағу»    немесе  «Бес  тас»  ойынында  оқушылар  асықты  қағ
ып   
жаюлы алақанының сыртына тоқтатып оны жерге түсірмей қағып алуы керек
.  
Қай оқушы, қай топ  немесе қай жұп  қанша асық қағып ұстай алады, сұраққа 
жауап 
беріп 
ұпай 
алады.  Асықты  –
оқуды  бағалау  және  оқыту  үшін  бағалау  құралы  ретінде  қолдануға болад
ы.   Мысалы, бағалау  парақшасын  таратқанда  әр  тапсырма  үшін  берілетін 
ұпайды асықпен белгілесек оқушыларға қызықты болары анық.  
 «Көкпар тарту» ойынында  оқушыларды топқа немесе жұпқа бөлеміз. 
Әр топтың өз қазандығы болады. Көкпар тартуға арналған серке ретінде кез 
келген  затты  немес  көк  ешкінің  суреті  салынған  қағазды  алуға  болады. 
Жеребе арқылы қай топ немесе қай жұп бірінші бастайтынын анықтаған соң 
тапсырмалар,  сұрақтар  беріледі.  Қай  топ  бірінші  және  дұрыс  жауап  береді 
серке  яғни  салым  сол  топқа  өтеді.  Қай  топтың  қазандығына  салым  көп 
салынады сол немесе жүп жеңіске жетеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет