Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет40/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Жетіген – ұлттық аспабымызды сайыс сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстар 
мен  тәрбие  сағаттарында,  білімді  бекіту  сабақтарында  7  санымен 
байланыстыра оқытуға болады. мысалы, 7 ішекіт 7 кезең 7 тапсырма, сұрақ 
ретін  алып,  қай  топ  жетігеннің  7  іщегін  тағып  шығады,  сол  топ  жеңіске 
жетеді  десек  оқушылардың  қызығушылығы  артып,  тапсырманы  дұрыс  әрі 
жылдам 
орындауға 
тырысады. 
Немесе көлемі  үлкен шығармаларды  оқып  жоспар құрғанда, белгілі  бір   
параграфты,  жаңа материалды меңгерту кезінде болса да барлық материалды
 7  
бөлімге бөліп оқытамыз, соңында  әркім  өзі  оқыған  бөлімін  қысқаша  айты
п  
тақырыбын  қояды,  оны  жетігеннің бір  ішегі  ретінде  жапсырады. 
Соңында    параграф  немесе  шығармаға  жоспар  құрылады. 
Қазақ тілі сабағында 7 септікті өткенде, сөздерді септегенде осы жетігенді 
 пайдалануға болады. Мысалы, 7 ішекті  7 септік деп алып  әр топқа жетігенні
ң 
 суреті  салынған қағазды береміз.  Септік  жалғаулары  жалғанған  сөздерді  
 сыныптың  әр  жеріне  таратамыз. Оқушылардың  міндеті  белгілі  бір  уақыт  
 ішінде   
(М:  3  минутта)   жетігеннің  ішектерін ретімен жылдам және дұрыс 
орналастыру қажет.   
Айтыс халқымыздың құнды қазыналарының бірі. Ақындар айтысында 
«жаттама  өлеңдер  аз  болады»  (С.Мұқанов).  Олар  өлеңді  табан  астында 
шығарады,  тосыннан  айтысады.  Айтыс  ақындардан  сөзге  жүйріктілікті, 
білгірлікті,  тапқырлықты,  ұсталықты  қажетсінумен  қатар,  елдің  шежіресін, 
тарихын,  жер  жайын,  этнографиялық  ерекшеліктерін  білуді  керек  етеді.  Ал 
осы  төл  өнерімізді  пікірталас,  дебат,  дискуссия  кездерінде  неге 
пайдаланбасқа?!  Ақындар  сияқт  әр  топ  берілген  белгілі  бір  тақырып 
бойынша  өз  көзқарасын,  пікірін,  шешендікпен  дәлелдеп  қорғай  алу  керек.  
Дәл  осы  дәстүрді  негізге  ала  отырып,  білімді,  ақпаратты  алу  мен  беру, 
үйрену 
мен 
үйрету 
тәсілімен 
жұмыс 
жасау 
мұғалімдеріміздің қолданып жүрген ЖИГСО әдісіне,  сондай-ақ  модульді 
оқыту 
технологиясына да сәйкеседі.Яғни, оқушыларды жұпқа не топқа бөлеміз. Бер
ілген ақпарат топта оқылып талқыланған соң,  әрбір топтан  бір-бір  мүше 
келесі 
топқа 
қонаққа 
барады. 
Ал 
сол 
топтың 
міндеті 
бар 
«тәтті  жұмсақтарын»,  бір 
сөзбен 
айтқанда 


72 
 
бар түсінгендерін «қонаққа береді». Ал «қонақ» өз кезегінде  
сол 
топқа 
сыбағасын» ала барады, 
білгенін 
түсіндіреді. 
Ал  тыңдаушы  топ  «Сыбаға»  әкелген  оқушыны  құр  жібермей «қонақасы» 
 береді  –бағалау  парақшасына  бағасын  не  ұпайын  қояды.  Ұпайды 
асықпен  де  беруге  болады.  Кім  көп  асық  жинаса  сол  жақсы  баға  алады. 
Тізбектеп  айта  берсек  халқымыздың  ұлттық  құндылықтары  қаншама, 
олардың  әрқайсысын  әртүрлі  тәсіл  ретінде  қолдану  ұстаздарымыздың 
ізденімпаздығын  арттырып,  шеберлігін  шыңдаса,  оқушыларымыздың   ой-
өрісін кеңейтіп, 
 қызығушылығын 
арттырады. Оқушыларды  әсіресе  ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді ек
еніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды  мұғалімнің шеберлігіне  байлан
ысты  сабақтың  қай  кезеңінде  болса  да  қолдануға  болады.  Мұғалім  әр оқ
ушының  еңбегін  бағалап,  ынталандырып  отыруы  тиіс. 
Ұлттық  құндылықтарымызды  әр  сабақта  сәл  де  болса  кіріктіре  қолданып 
отырсақ 
тәрбиелік 
маңызы 
жоғары 
болары 
сөзсіз. 
Олар  баланы  зеректікке,  білгірлікке,  алғырлыққа  баулиды.  Ұрпақ  қамы  – 
ел 
қамы. 
Ал  еліміздің  болашағы  болатын,  ел  қамын  жейтін  ұрпақ   тәрбиелеу ұлаға
тты 
ұстаздардың қолында екеніайтпаса да түсінікті. 
Осындай үлкен үміт арқалаған ұстаздарымыз ел ертеңі болатын жастарымыз
дың жеке тұлға  болып  қалыптасуына  ат  үсті  қарамау  керек.                         
                
 
Бүгінгі  білім  мен  техниканың  дамыған заманында біздің еліміз де біл
ім          
сапасын арттыру үшін әлем елдерінің тәжірибелерінен өткен педагогикалық  
технологияларды  білім беру үдерісіне енгізуде. Бұл тұрғыда ұстаздарға осы 
жаңа технологияларды меңгеріп, өз тәжірибелерінде қолдану міндеті қойылға
н.   
Ұстаздарымыз  білім  жетілдіру  курстарында  болып,  білімдерін  шыңдауда. 
  
Бірақ,  жаңа технологияларды  меңгереміз деп  жүріп  ұлттық 
құндылықтармызды  басқа  елдердің тәжірибесінің көлеңкесінде қалдырыпал
ғандаймыз.  
 
 
    Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап,  ән салмай, 
өсер бала бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын 
алады. Ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, 
олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған жөн. 
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  білім  туралы  бөлімі  Абай 
философиясымен  терең  үндесіп  жатқан  гуманитарлық  жоба  десек  артық 
айтқанымыз емес. Яғни, қоғамдық сананы жаңғыртудағы ең басты алып күші 
-жастар.  Нағыз  серпіліс  тудыратын  жастарға  ашылған  даңғыл  жол  – 
қоғамдағы қатып қалған ескі қағидалардан арылуға көмектеседі. Осы орайда 


73 
 
әлемнің  100  кітабы  қазақ  тіліне  аударылып,  студенттер  қолына  тиді. 
Сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және 
конфессияаралық  келісім»  сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша 
жастарды,қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. 
Мінекей,  дәл  осындай  жаңа  талапқа  сай  білім  ошағын  қалыптастыру 
ұстаздардың  ұлы  мұраты  болмақ.  Қоғамды  қозғаушы  күш  жастар 
болғандықтан  ,  Елбасы  мақаласының басымдықтарын  ескере  отырып    білім 
беру  – жаңа ойшылдардың  көбеюіне септігін тигізеді. Сананың ашықтығы, 
сонымен  қатар  сапаның  жоғары  болуы  да  білімді  шәкірттерге  байланысты 
деп  пайымдаймын.  Бүгінгі  білімді  ұрпақ  ертеңгі  ел  еңсесі  болуы  үшін 
«рухани жаңғыру»жұмыстарының маңызы арта түспек.   
        Дәл  осындай  тәуелсіз  Қазақстанды  өркениет  көшінің  алдыңғы  легінен 
көру  Тұңғыш  Президентіміздің  тың  идеяларының  нәтижесі.  Ұстаздар 
қауымы  үшін  ұлтымыздың  ұлы  рухани  мұрасын    бүгінімізге  белгілеп, 
келешекке жеткізу басты мақсат, маңызды мәселе болса, білім шамшырағын 
жарқырату жастардың қолында!   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет