Рабочая программа по дисциплине Акушерство и искусственное осеменение (полное наименование дисциплины по рабочему учебному плану) для студентов специальности


Тақырыбы: Бұлшық еттер туралы ілім



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі373 Kb.
#131674
түріРабочая программа
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Бұлшық еттер туралы ілім.



Мақсаты:

Бұлшық еттердің түзілуі, дамуы, негізгі қасиеттері, жіктелуімен танысу.


Керекті жабдықтар:

Атластар, муляж, сурет, қатырылған еттер.


Оқу әдісі:

Оқытушының сабақтың материалдарын түсіндіруі

Студенттердің өз бетімен әр түрлі жануарлардың бұлшық еттерімен танысып, олардың ерекшеліктерін білу. Негізгілерінің суретін салу.

Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, түсінбегендерін айтып беру.

Алған білімдерін сұрап қортындылау.

Бұлшық еттердің жалпы сипаттамасы


Бұлшық еттердің дамуы. Тұлға бұлшық еттері мезадерманың бірнеше сегменттерге, немесе сомиттерге бөлінетін , хорда мен жүйке түтігінің бүйірлерінде жатқан дорсальді бөлігінен дамиды.

Омыртқа жотасын түзүге кететін , склератом бөлінгеннен кейін комиттің қалған дорсомедиальді бөлігі миотомды түзеді, оның жасушалары / миобластар/ бойлық бағытта созылып, бір бірімен қосылып, одан әрі бұлшық ет талшықтарының симпластарына айналады.

Бұлшық еттердің негізгі қасиеттері. Бұлшық еттердің негізгі қасиеттеріне – олардың тітіркеніштегі, серпімділігі және жиырылғыштығы жатады.

Бұлшық еттердің жіктелуі. Жануарлар денесінде 400 ден астам бұлшық еттер бар. Осы бұлшық еттердің қызметі, сырт пішінімен құрылысы және дамуы әр түрлі


Cырт пішініне қарай оларды . ұзын ,қысқа, жалпақ, ұршық тәрізді , сақиналы деп бөледі.
Жалпақ бұлшық еттер болса тұлға бөлігінде орналасып ішкі мүшелердің берік орналасуына ықпалын тигізеді.

Жалпақ бұлшық еттер ішкі құрылысына сәйкес мына типтерге бөлінеді.

Олар динамикалық, статикалық, және динамостатикалық немесе бірқауырсынды, екіқауырсынды және көпқауырсынды деп бөлінеді.

Динамикалық типке жататын бұлшық еттер әр түрлі және белсенді түрде жұмыс атқарады.

Статикалық типтері болса бұлшықет талшықтарының болмағандығынан белсенді түрде қызмет атқара алмайды.Ал стато-динамикалықтиптер болса алғашқы екі типтердің аралық жағдайында қызмет атқарады.

Алтыншы лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Ас қорыту аппараты – Apparatus digetorius
Сабақтың мақсаты:

Ауыз қуысы органдарынан /еріндер, ұрттар, қызыл иектер, тістер

Қатты және жұмсақ таңдай, тіл, сілекей бездері/ және жұтқыншақтың құрылысымен танысу.

Құралдар мен жабдықтар:

Анатомиялық препараттар- медианды жазықтықпен қиылған жануарлардың басы, тілдер, тістер, ас қорту мүщелері, оларың суреттері.



Оқу әдісі:

Оқытушының сабақтың материалдарын түсіндіруі

Студенттердің өз бетімен әр түрлі жануарлардың ас қорту мүшелерімен танысып, олардың ерекшеліктерін білу. Негізгілерінің суретін салу.

Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, түсінбегендерін айтып беру.

Алған білімдерін сұрап қортындылау.
Ас қорыту аппаратын 4- бөлікке бөледі. Бас ішегі-ауыз қуыс органдарынан/ еріндер, ұрттар, қызыл иектер, тістер, қатты және жұмсақ таңдай, тіл, сілекей бездері

және жұтқыншақтан тұрады.

Алдыңғы ішегі- өңештен және қарыннан түзіледі.

Ортаңғы ішегі –жіңішке ішектен / онекі ел, аш, және мықын ішектері, бауыр және қарын асты безі құралады,

Артқы ішегі- тоқ ішектен соқыр, бүйен және тік ішектері түзіледі.

Ауыз қуысы негізінен, жоғаргы жақ, төменгі жақ, кескіш, таңдай және қанат тәрізді сүйектері, қатты және жұмсақ таңдай, ұрттан тұрады.


Еріндер- Labia- тері ет қыртыстары болып есептелінеді. Олардың сыртындағы терісі жамылғы және ұзын сезімтал шаштарымен қапталады. Ішкі жағындағы кілегейлі қабығында уақ сілекей бездерінің тесіктері болады.
Ұрт- Bucca-тері ет қыртысы. Сыртынан терімен, ішінен кілегейлі қабығымен қапталады,

ортасында еттер орналасады.

Кілегейлі қабығының астында немесе ұрт булшық етінде бездер орналасады.

Күйіс қайыратын жануарлардың кілегейлі қабығында еміздіктер болады


Қызыл иектер –gingivae- кілегейлі қабық болып табылады. Олар тістерді қоршап тұрады. Қан тамырларға өте бай , бірақ сезім нашар
ТістерDentes - Өте қатты органдар, жоғарғы және төмеңгі жақ альвеолдарында /тіс ұяларында/ орналасады.

Тістер жануарлардың жасына байланысты сүт және тұрақты тістер , қызметіне және пішініне қарай күрек –incisivi сондайақ /ит/ сапіпі, кіші азу –premolarеs және үлкен азу – molarеs тістері , ал құрылысына байланысты - қысқасауытты және ұзынсауытты тістері болып бөлінеді.

Қысқасауытты тістері сауытынан , түбірінен арасындағы мойынан тұрады. Тістің негізгі заты дентин /70-80% -ке дейін минеральдық тұздардан тұрады/ деп аталады. Бұл өзгерілген өте қатты сүйек ткані.

Тістің ортасындағы қуыста, борпылдақ дәнекер тканінен түзілген пульпасы /ұлпасы/ орналасады. Оның құрамында қан және лимфа тамырлар, нервтер болады. Тіс сауыты

Эмальмен /өте қатты ткань, 98 %-ке дейін минеральдық тұздардан тұрады/, ал түбірлі –цементпен /70 %-ке дейін минеральдық тұздардан тұрады/ қапталып түрады.

Қысқасауытты тістерге барлық жануарлардың сүт тістері , тұрақты тістерден- шошқаның барлық тістері , күйіс қайтаратын жануарлардың кескіш тістері жатады.


Тістердің саны формуламен көрсетіледі.

ICPM

Др -------, мұнда - Др – dentes permanannes / тұрақты тістер/

ICPM

I- incisive /кескіштер/

C- сапіпі / ит сойдық тістері/

P-premolares /кіші азу тістер/

M- molars / үлкен азу тістер/

Шошқаның тістері Қысқасауытты тістерге жатады. Формуласы.

3,1,4,3

Др-------------

3,1,4,3
Іріқара мал мен қойдың кескіш тістері Қысқасауыттыларға,

азу тістері ұзын сауыттыларға жатады Формуласы.

0,0,33

Др-------------

4,0,3,3

Жылқының тістері ұзынсауыттыларға жатады биелерде ит тістері көбінесе болмайды Формуласы

3,1,3,3,

Др--------

3,1,3,3

Тіл –Lingua Қимылды етті орган
Шықшыт безі –Gl. Parotis –сыртқы есту тесігінің астында , төмеңгі жақ пен бірінші мойын омыртқасының арасында орналасады.
Төмеңгі жақ безі –Gl. mandibularis - төмеңгі жақтың астында орналасады
Тіл асты безі - Gl. Sublingualis- Тіл мен қызыл иек арасында орналасады
Жұтқыншақ –Pharynx- Ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастырады. Жұтқыншақ 2 бөлімнен тұрады Ас қорыту және тыныс алу.

Өңеш-esophagus түтікті мүше, жұтқыншақ пен қарынды жалғастырады.

Қарын – gaster ас қорту жүйесінің ең кеңейген бөлімі. Бір камералы, көп камералы деп бөлінеді.

Мес қарын – rumen . Жұмыршақ – reticulum. Жалбыршақ қарын – omasum. Ұлтабар – abomasums.



Жетінші лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Тыныс алу аппараты Apparatus respiratorius
Тыныс алу аппараты газ алмасу, иіс сезу, дыбыс шығару қызметтерін атқарады

Бұған мұрын көмекей кеңірдек, өкпе және бронхылар кіреді.


Сабақтың мақсаты :

Тыныс алу органдарының құрылысымен танысу


Құралдар мен жабдықтар:

Анатомиялық препараттар- медианды жазықтықпен қиылған жануарлардың бастары, суреттер. Мұрын, көмекей, кеңірдек, өкпелері.


Оқу әдісі:

Оқытушының сабақтың материалдарын түсіндіруі

Студенттердің өз бетімен әр түрлі жануарлардың тыс алу мүшелерімен танысып, олардың ерекшеліктерін білу. Негізгілерінің суретін салу.

Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, түсінбегендерін айтып беру.

Алған білімдерін сұрап қортындылау.


Мұрын -nasus. Негізгі сүйекпен шеміршектен тұрады
Көмекей –Larinx –жұтқыншақ пен кеңірдектің арасында орналасып, ауа өткізеді, дыбыс шығаруға қатысады.
Кеңірдек және бронхылар - Trahen et bronhi- көмекеймен өкпені жалғастырып тұратын түтікті орган.
Өкпе- Рulmo - көкірек қуысында орналасатын конус тәрізді жұп орган


Сегізінші лабораториялық сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет