Тақырыбы: Несеп бөлу аппараты – Apparatus urogenitalis
Cабақтың мақсаты: . Бүйректің, несеп жолының , қуықтың, және несеп каналының құрылысымен танысу.
Құралдар мен жабдықтар:
Анатомиялық препараттар, жануарлардың бүйректері, суреттер.
Оқу әдісі:
Оқытушының сабақтың материалдарын түсіндіруі
Студенттердің өз бетімен әр түрлі жануарлардың несеп бөлу мүшелерімен танысып, олардың ерекшеліктерін білу. Негізгілерінің суретін салу.
Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, түсінбегендерін айтып беру.
Алған білімдерін сұрап қортындылау.
Несеп шығару органдары –Organa uroroetica – организмде несеп өндіреді
Бүйрек – Ren - жұп орган . Бүйректің сыртында май капсуласы, оның астында фиброзды капсуласы орналасады.
Несеп жолы – Ureter –жұп түтікті орган, бүйрек қақпасынан шығып , қуыққа барады.
Қуық -Vesika urinaria -ұшынан, денесіненжәне мойыннан тұрады.
Несеп каналы – Urethra- қуықтың мойнынан басталып, аталық жануарларда жыныс мүшесінің басында, ал аналықтарда –қынап пен қынап кіреберісінің арасында аяқталады.
Он бірінші лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Нерв жүйесі - Systema nervosum
Cабақтың мақсаты: Орталық нерв жүйесінің құрылысымен танысу
Құралдар мен жабдықтар: Анатомиялық препараттар –бас миы, жұлын, суреттер
Оқу әдісі:
Оқытушының сабақтың материалдарын түсіндіруі
Студенттердің өз бетімен әр түрлі жануарлардың нерв жүйесімен танысып, олардың ерекшеліктерін білу. Негізгілерінің суретін салу.
Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, түсінбегендерін айтып беру.
Алған білімдерін сұрап қортындылау.
Организмдегі органдардың, тканьдердің, және клеткалардың қызыметін реттейді, оларды өзара және сыртқы ортамен байланыстырады.
Нерв жүйесінің негізгі құрылымы және функциональды өлшемі нерв клеткасы – нейрон болып есептелінеді.
Нерв жүйесі орталық және перифериалық / шеткергі/ бөлімдеріне бөлінеді.
Орталық нерв жүйесіне бас миы, жұлын,
Перифериялдық нерв жүйесіне -ганглиялар, нервтер кіреді.
Жұлын – Medulla spinalis.
Омыртқа каналының ішінде орналасады. Оның мойын, көкірек, бел, сегізкөз, құйрық бөліктері болады.
Бас миы- Encephalon -Ми сауытында орналасады.
Ромбо тәрізді ми- Rhombencephalon -артқы және сопақша мидан тұрады.
Сопақша ми – Medulla oblongata – каудальды жағынан жұлынмен, ростральды жағынан ми көпірімен, дорсальды жағынан мишықпен шектеседі.
Артқы ми –ми көпірінен және мишықтан тұрады
Ми көпірі – Pons –сопақша мидың алдында көлденең орналасады.
Мишық – Cerebellum – екі жарты шардан және олардың арасындағы құртша бөлігінен түзілген
Ортаңғы ми – Mesencephalon –үлкен мидың аяқшаларынан, төрт төмпешіктен және олардың ортасынан өтетін су өткізгішінен тұрады.
Төрт төмпешік – екі ростральды – көру және екі каудальды есту төмпектерінен тұрады. Сыртында ақ заты, оның астында сұр заты жатады.
Алдыңғы ми –Prosencephalon –аралық және соңғы мидан тұрады
Аралық ми- Diencephalon –көру төмпегінен- Thalamus- оның айналасындағы төмпек үстінен – Epithalfmus, төмпек астынан Hypothalamus тұрады.
Көру төмпегі –жұп сұр затының жиынтығынан және бірнеше ядролардан түзіледі.
Соңғы ми – Telencephalon- терең ұзына бойы саңлаумен екі жарты шарларға бөлінеді
Ми жабындығы – сұр және ақ заттарынан құралған
Иіс сезу миы- Rhincephalon – иіс сезу пиазшасынан, иіс сезу жолдарынан, иіс сезу үшбұрышынан, алмурт тәрізді бөліктерінен, гиппокамптан және жолақты денеден тұрады.
Бесінші лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Тері жабыны, немесе жалпы жабын/ тері/
Сабақтың мақсаты: Тері және оның туындыларының құрылысымен танысу.
Құралдар мен жабдықтар: Анатомиялық препараттар -тері, тұяқ, тұяқша,мүйіз, сүт безі
Оқу әдісі:
Оқытушының сабақтың материалдарын түсіндіруі
Студенттердің өз бетімен әр түрлі жануарлардың нерв жүйесімен танысып, олардың ерекшеліктерін білу. Негізгілерінің суретін салу.
Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, түсінбегендерін айтып беру.
Алған білімдерін сұрап қортындылау.
Тері –дененің сыртын жауып , оны сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрады
Терінің қызметтері –сезім, қорғаныш, май және тері бөліп шығару,тыныс алу, жылу реттеу, қанның депосы.
Тері үш қабаттан тұрады.
1.Терінің беткей қабаты
2.Тері негізі, немесе меншікті тері, дәнекер ұлпасынан түзіледі.
3.Тері асты қабаты –борпылдақдәнекерінен түзілген. Мұнда негізінде май ұлпасы жиналып, жылу реттеумен қатар механикалық соқтығуды жұмсареып жатады
Шаш –құрылысына үш топқа бөлінеді. Жабында, ұзын /жал, кекіл, құйрық/ және синуозды /сезімтал- көздің айналасында, ерінде, ұртта/ бекиді.
Мүйіз –эпидермис пен тері негізінен түзілген.
Май табаны білезік, /тілерсек/ жіліншік және саусақ түрлері болады.
Тұяқ /тұяқша/ -терінің мүйізге айналған тұяқ сүйегін қоршап тұратын мүше.
Ол 4 бөліктен тұрады.
-
Түяқ жолағы
-
Түяқ тәждігі
-
Түяқ қабырғасы
-
Түяқ табаны
Сүт безі /желін/ - арнаулы апокринді бездері типіне жатады.
Жануарларда желін әр түрлі болады.Шошқада 10-16, Ірі қарада 4, қой, жылқыда 2 емшек болады.
Тоғызыншы лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Қан тамырлары туралы ілім
.
Сабақтың мақсаты: Жүрек пен қан тамырларының құрылысымен танысу.
Құралдар мен жабдықтар:
Анатомиялық препараттар, жануарлардың жүректері, /жүрек қабымен/, суреттер.
Оқу әдісі:
Анатомиялық препараттар мен суреттерді пайдаланып оқытушы қан тамырлар жүйесін, оны құрайтын артериа, вена, капилляр туралы түсінік береді. Студенттерден сұрап түсінген түсінбегенін тексереді. Бұдан кейін студенттер өз бетімен жүректің құрылысымен танысып, оның суретін салады. Содан кейін негізгі қан тамырларды сурет, атластардан қарап олармен танысады. Сабақтың соңында оқытушы студенттерге тапсырма береді.
Қан тамырлар жүйесіне жүрек, артериалар, веналар, капиллярлар, лимфа түйіндері, және лимфа тамырлары кіреді.
Жүрек -cor / gr. Cardia/. Конус тәрізді, төрт камералы қуысты орган. Көкірек қуысында орналасады. Оның құрамында жүрек негізі, ұшы болады. Ішінде етті қалқасымен , сыртынан ұзына бойы науасымен жүрек оң және сол жақ бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлімі жүрекше мен қарыншадан тұрады. Олардың арасында атриовентрикулярлы тесігі болады. Оң жақ жүрекше мен қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақшалары орналасады. Олардың шеттеріне жіңішке жіпшелері жалғасады. Осы жіпшелері екінші ұшымен емізікті бұлшық еттеріне бекиді. Жақтаулы қақпақшалары қанды жүрекшелерден қарыншыларға өткізеді. Бірақ кері қарай өткізбейді.
Қанды жүректен тарататын қан тамырларын артериялар, ал жүрекке алып барады. Сол жақ қарыншасынан қолқа артериальды қанды денеге таратады. Оң жақ жүрекшесіне краниальды және каудальды қуысты веналары, сол жақ жүрекшесіне 5-7 өкпевеналары келіп түседі. Өкпе артериясы мен қолқаның негізінде айшық қақпақшалары орналасады.
Жүректің кеңересі Ішкі –эндокард,
Ортаңғы- миокард
Сыртқы –эпикард қабаттарынан түзілген
Эндокард эндотелиимен қапталған., оның астында дәнекер ткань орналасады. Миокард көлденең жолақты жүрек ет тканінен құралған.
Эпикард дегеніміз – перикардтың висцеральды жапырағы болып саналады . Перикардтың паристальды жапырағы жүрек қабының құрамына кіреді. Екі жапырақтың арасындағы перикардиальды қуысында серозды сұйықтық болады.
Жүрек қабы перикардтың паристальды жапырағымен көкірек –ішкі фасциясының фиброзды жапырағынан және перикардиальды плеврасынан тұрады.
Артериялар мен веналардың кенересі үш қабықтан тұрады :
Ішкі –интима,
Ортаңғы –медиа
Сыртқы –адвентиция
Интима ішкі жағынан эндотелиимен қапталған. Оның астында дәнекер ткані жатады. Медиа етті және эластикалық ұлпадан құралады.Осылардың санына байланысты артериаларды эластикалық , етті және ауыспалы типтеріне бөледі.
Адвентиция дәнекер тканінен түзілген. Мұнда тамырлар, нервтер орналасады.
Веналарда ішкі эластикалық мембранасы болмайды, етті жасушалары аз.
Кіші және үлкен қан айналу шеңберлерінің қан тамырлары.
Кішішеңберінің қан тамырлары: Өкпе артериясының бағанасы – Trunkus pulmonalis – оң жақ қарыншадан шығып, оң және сол жақ өкпе артериаларына бөлінеді. Олар өкпеге барып, бронхылармен қатар тарайды.
Өкпе веналары – Venae pulmonalis – cол жақ жүрекшеге келіп ашылады.
Үлкен шеңберінің қан тамырлары: Қолқа – аорта –үлкен шеңберінің негізгі тамыры. Сол жақ қарыншадан басталады. Оның жүректен омыртқа бағанасына дейіңгі бөлімі қолқа доғасы,көкірек қуысы бөлімі –құрсақ қолқасы деп аталады.
Иық- бас бағанасы -Truncus brachiocephаlicus -ұйқы артериясының бағанасын беріп , оң жақ бұғанасты артериясы деп аталады.
Cыртқы ұйтқы артериясынан шүйде, тіл,бет, құлақ, самай, жоғарғы жақ артериялары басталады.
Алдыңғы аяқ артериалары. Негізгі артериясы –қолтықасты – Axilaris.
Онан келесілері басталады.
Көкірек қолқасы- Aorta thoracica -көкірек омыртқа денелерінің астында орналасады.
Құрсақ қолқасы- Aorta abdominalis
Краниальды құрсақ артериясы – Aorta abdominalis Cranialis
Бел артериялары- Lumbales –5-6 жұп
Құрсақ артериясы - Celiaca
Бүйрек артериясы жұп- a. Renalis
Бүйрек үсті – артериясы--Suprarenalts
Ен – артериясы жұп- Testicularis
Жұмыртқалық артериясы жұп - Ovaroca
Каудальды шажырқай артериясы – Mesenterica caudalis
Веналар – Venae –Венозды жүйесінің көлемі артериалды жүйесінің көлемінен 2-3 есе үлкен . Веналардың кенересі жұқа, қуысы кең болады. Кенересінің ішкі бетінде қақпақшалар орналасады. Олардың қызметі қанды кейін жібермеу. Мұнда қақпақшалар краниальды және каудальды қуыс, қақпа, бауыр, өкпе бүйрек, желін, ми, жұлын, жыныс, мүшесінің үңгір денесі, сүйек веналарында болмайды.
Лимфа жүйесі –Systema limphaticum. Лимфа жүйесі краниальды қуыс венаның қосымшасы болып есептелінеді. Лимфа жүйесіне лимфа, лимфа тамырлары, лимфа өзектері,лимфа түйіндері кіреді. Оның қызметтері: Қорғаныштық, тканьдердің артылған сұйықтарын сорып алу. Лимфа капиллярының қабырғалары эндотелииден тұрады. Лимфа тамырларының кенересі үш қабаттан тұрады: интима, медиа, адвентиция. Лимфа түйіні –Limphonodus лимфа тамырларының жолында жатады.
Қан жасайтын мүшелер. -Мұнда сүйек майы, лимфа түйіндері, талақ, лимфа фолликулалары, миндалиналар, және айырша безі жатады. Эмбриональдық даму кезеңінде бауырда осы қызметті атқарады.
Талақ –Lien пішіні әр түрлі.көбінесе ұзынша келетін жалпақ орган. Талақ қарынның сол жағында орналасады. Шошқаның талағы жіңішке ұзын, жалпақтығы 5-8 см , ұзындығы 38-48 см дейін. Түсі ашық қызыл. Қойдың талағы дөңгелек, үш бұрышты болып келген, түсі қызыл қоңыр.
Он екінші лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Сезім мүшелері
Сабақтың мақсаты: Көру және есту мүшелерінің құрылысын оқып үйрену.
Құралджар мен жапбдықтар:
Көру және есту мүшелерінің муляждары, суреттері, схемалар.
Оқу тәсілі:
Анатомиялық препараттар мен суреттерді пайдаланып оқытушы қан тамырлар жүйесін, оны құрайтын артериа, вена, капилляр туралы түсінік береді. Студенттерден сұрап түсінген түсінбегенін тексереді. Бұдан кейін студенттер өз бетімен жүректің құрылысымен танысып, оның суретін салады. Содан кейін негізгі қан тамырларды сурет, атластардан қарап олармен танысады. Сабақтың соңында оқытушы студенттерге тапсырма береді.
Жануарлар әртүрлі тітіркеніштерді анализаторлардың шеткі бөлігі – рецепторлар арқылы қабылдайды. Рецепторлармен қатар анализаторлардың құрамына өткізгіш жолдары және ми бөлігі кіреді.
Рецепторларды интероцепторлар, экстерорецепторлар және проприорецептор деп бөледі. Сезім мүшелері - экстерорецепторлар – күрделі мүшелер.
Көру мүшелері көз алмасынан, көру нервнен, қорғаныштық және қосымша мүшелерден тұрады.
Көз алмасы көз шарасына орналасқан. Мұнда көз қабықтары, сәуле сындырғыш орталықтар, қан тамырлар мен нервтер бар. Көз қабығы 3: фиброзды, тамырлы, торлы.
Қасаң қабығы тығыз, мөлдір, көздің алдында орналасады. Сыртынан коньюнктивамен қапталады.
Нұрлы қабығы қасаң қабығының артында орналасады. Оның ортасындағы тесікті қарашық дейді.
Кірпікті дене сақинаға ұқсас пішінді. Оның құрамындағы ет талшықтары жиырылып не босап көз бұршағының пішінін өзгертеу арқылы көздің көру қабілетін күшейтеді.
Меншікті тамырлы қабық тамырлар қабығының ең үлкен бөлігі, тамырларға өте бай.
Тор қабығының көру бөлігі пигментті және нервті қабаттарынан түзіледі. Нервті қабатында нейроэпттелий және ганглидар орналасады. Нейорэпителий таяқшалар мен сауытшалардан тұрады. Бұлар көру рецепторларының нерв ұштары болып табылады.
Сәуле сындырғыш орталықтарына қасаң қабық, көдің алдыңғы және артқы камералары, көз бұршағы, әйнек тәрізді дене кіреді.
Жоғарғы және төменгі қабақтар. Үшінші қабақ. Жасаппараттары.
Есту және тепе теңдік мүшелері.
Есту мүшелері сырытқы, ортаңғы, ішкі құлаққа бөлінеді.
Сырытқы құлақ құлақ қалқанынан, бұлшық еттерден және сырытқы есту жолдарынан тұрады.
Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан, дабыл қуысынан түзіледі.
Ішкі құлақ самай сүйегінің тасты бөлігінде орналасады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты лабиринтен / шытырмақтан/ түзілген. Лабиринт кіреберістен, 3 жартылай иірімді каналдарынан және ұлудан тұрады. Есту рецепторлары ұлуда, ал тепе – теңдік рецепторлары жартылапй иірімді каналдарда орналасқан.
Он үшінші лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Құстың денесінің мүшелері мен жүйелерінің ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Құстың денесінің мүшелері мен жүйелерінің ерекшеліктерімен танысу.
Оқу тәсілі:
Анатомиялық препараттар мен суреттерді пайдаланып оқытушы түсінік береді. Студенттерден сұрап түсінген түсінбегенін тексереді. Бұдан кейін студенттер өз бетімен құстың анамомиясымен танысып, оның суретін салады. Сабақтың соңында оқытушы студенттерге тапсырма береді.
Құрал жабдықтар:
Сурет, палакаттар, құстың қаңқасы.
Сабақтың мазмұны:
-
Құстың мамығының жануарлардың жүн жабынынан айырмашылығы;
-
Құс қаңқасының басқа жануарлырдікінен ерекшеліктері;
-
Құстың ас қорту, тыныс алу және жыныс мүшелерінің ерекшеліктері.
Тапсырма:
-
Құстың морфологиялық ерекшеліктерін білу.
Тексеру сұрақтары:
-
Құстың басқа жануарлардан жалпы айырмашылығы не ?
-
Мамықтың құрамын айтыңыз?
-
Ас қорту жүйсінің ерекшеліктерін білесіз бе?
-
Жыныс мүшесінің құрылысын айтыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |