Рабочая учебная программа Мамандығы: 5В070900, Металлургия Өскемен Усть Каменогорск 2013 Жұмыстық оқу бағдарламасы «Химия, металлургия және байыту»



Дата11.07.2016
өлшемі181.86 Kb.
#191156
түріРабочая учебная программа




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 И ШҚМТУ 701.01-01


Сапа менеджментінің жүйесі

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы


бет



Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан

Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ им. Д. Серикбаева

ШҚМТУ
БЕКІТЕМІН

ТКМФ деканы

________ А.Қ.Адрышев

«____» _______ 2013 ж.


ҚОРҒАСЫН, МЫРЫШ ЖӘНЕ КАДМИЙДІҢ МЕТАЛЛУРГИЯСЫ


Жұмыстық оқу бағдарламасы

МЕТАЛЛУРГИЯ СВИНЦА, ЦИНКА И КАДМИЯ


Рабочая учебная программа
Мамандығы: 5В070900, Металлургия

Өскемен


Усть – Каменогорск

2013
Жұмыстық оқу бағдарламасы «Химия, металлургия және байыту» кафедрасында 5В070900, Металлургия мамандығының студенттеріне арналған, ҚР білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген (ГОСО).


«Химия, металлургия және байыту» кафедрасының отырысында қаралған

Кафедра меңгерушісі Н.А. Куленова

№ _____ хаттама ______________2013 ж.

Тау-кен металургиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған

Кеңес төрағасы Г.Т. Нұршайықова

№ _____хаттама ______________ 2013 ж.

Әзірлеген Л.Н. Жанұзақова


Норма бақылаушы Т.В. Тютюнькова

1 ПӘННІҢ ЕҢБЕК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ


Семестр

Кредиттер саны




Оқу түрі

СӨЖ сағатта-рыың саны

Жалпы сағаттар саны

Бақылау түрі




Контактілі сағаттардың саны

Дәрістер

Семинар. (тәжіриб.) сабақтар

Зертхана-лық сабақтар

СОӨЖ

Курстық жұмыс

Барлық сағаттар







Күндізгі оқу түрі

3

3

30

-

30

30







45

135

Е







Сырттай оқу түрі

2

3

18

-

10

107

-







135

Е







Сырттай қысқартылған оқу түрі

2

3

18

-

10

107

-




-

135

Е

2. ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ



2.1 Оқылатын пәннің сипаттамасы
Курстың қысқаша түсініктемесі: қорғасын, мырыш және кадмийді кенлдері мен концентраттарын өңдеу ерекшеліктері, таза металл алу технологиялары, осы металдарды өндірудегі жаңа технологиялық үдерістер мен ғылыми-техникалық жетістіктер, қолданылатын жабдықтар, олардың ерекшеліктері.
2.2 Пәнді оқыту мақсаты мен міндеттері
Курстың мақсаттары мен міндеттері: қорғасын, мырыш және кадмийді металлургиялық жолмен өндіру саласында және олардың шикізат көздерінің ерекшеліктері жөнінде жалпы теориялық және тәжірибелік білім негізін оқыту.

«Қорғасын, мырыш және кадмий металлургиясы» курсының негіздік пән ретінде мақсаты:оқу барысында және тәжірибелік жұмыстарда қолданулары үшін студенттерді табиғи-ғылымдық сипаттамадағы терең біліммен қамтамасыз ету.


2.3 Пәнді оқыту нәтижелері
Білімі: пәнді оқыған соң студент білуі тиіс:

- ауыр түсті металдардың шикізат базасын және мырыш және қорғасын шикізаттарын өңдеудің технологиялық сұлбалары;

- қорғасын, мырыш және кадмийді алу кезінде металлургиялық агрегаттарда жүретін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық үрдістердің теориялық негіздері және термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын;

- құрамындағы барлық бағалы құрауыштарды бөліп алу мақсатында ауыр түсті металдар өндірісінің аралық өнімдерін өңдеу жолдары және технологияларын;

- ауыр түсті металдарды өндіруде пайдаланылатын автогендік үрдістердің теориялық негіздері және технологияларын;

- негізгі технологиялық жабдықтардың құрылыстары және жұмыс істеу принциптерін

- металлургиялық үрдістерді теориялық және тәжірибелік зерттеулердің негізін;

- технологиялық үрдістерді және жабдықтарды есептеудің стандарттық әдістерін;

– ауыр түсті металдар металлургиясындағы жаңа технологиялық үрдістерді;

- патенттік зерттеулер жүргізу әдістемелерін;

- ғылыми-техникалық ақпараттарды библиографиялық іздеу әдістерін;

–аз қалдықты, энергия үнемдейтін және экологиялық таза металлургиялық үрдістердің дамуы бойынша негізгі әлемдік бағыттарын;

- металлургиялық нысандарды жобалау кезінде шикізат, энергетикалық және ресурстардың басқа түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жолдарын;

- түсті металдар металлургиясы кәсіпорындарында еңбекті қорғауды және еңбек қауіпсіздігін.
Орындай алуы, дағдылануы:

- математикалық, жаратылыстық-ғылыми пәндердің, арнайы пәндердің негізгі заңдарын технологиялық үрдістерді есептеу кезінде және металлургиялық нысандарды жобалау кезінде пайдалануды;

- металлургиялық өндірістің жаңа технологиялық жабдықтарын игеруді;

- металлургиялық үрдістерге теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуді;

- ғылыми-техникалық тақырып бойынша талдаулық шолулар құруды;

- патенттік зерттеулер жүргізуді;

- металлургиялық үрдістердің технологиялық есептеулерін жүргізуді;

- металлургиялық нысандарды жобалауды;

- металлургия өндірісіндегі жаңа технологиялық үрдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауды;

- тәжірибелердің нәтижелерін өңдеп, саралауды;

- қалдықсыз, энергия үнемдейтін және экологиялық таза металлургиялық өндірістерді дайындау үшін заманауи әдістерді қолдану;

- шикізаттық, энергетикалық және ресурстардың басқа түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.


Біліктілігі:

Модульді оқыған соң студенттің келесі біліктілігі болуы тиіс:



- ауыр түсті металдарды өндірудің аз қалдықты, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларын әзірлеуде;

- зерттеулік жұмыстардың, ғылыми-техникалық ақпараттарды зерделеу, патенттік зерттеулер және шет елдердің тәжірибелері негізінде инновациялық жобалардың жұмыстарына қатысу;

- ауыр түсті металдар металлургиясы өндірісінде технологиялық үрдістерді жүргізу кезінде технологиялық тәртіпті қамтамасыз етуде;

- жаңа технологиялық үрдістерді және енгізілген жаңа жабдықтарды игеру қабілеттілігі;

- жобалық шешімдердің технико-экономикалық негіздемесін жүргізуге;

- энергетикалық, материалдық және басқа ресурстарды есептеу негізінде металлургиялық технологияның тиімділігін бағлалауда;

- зерттеулік және сынақтық, тәжірибелік жабдықтар мен аспаптармен жұмыс істеуде;

- металлургиялық үрдістерді теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуде;

– инженерлік іс-әрекетінде базалық және арнайы білімін қолдану қабілеті;
2.4 Пререквизиттер
Курстың алдында оқылатын пәндер: ««Қорғасын, мырыш және кадмий металлургиясы» курсын оқу үшін студенттердің «Химия», «Физика» и «Математика», «Физикалық және коллоидтық химия», «Металлургиялық процесстердің теориясы», «Технологиялық үдерістер және аппараттар», «Металлургиялық жылулық техника» пәндерінің жоғары білімдік курсы бойынша білімдері болуы тиіс
3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


    1. Сабақтардың тематикалық жоспары




Тақырыптың атауы

Еңбек сыйымдылығы, сағ.

Оқу түрі

Күндізгі

Күндізгі қысқарт.

Сырттай

Сырттай қысқарт.

1

2

3

4

5

Лекциялық сабақтар

Тақырып 1 Кіріспе. Қорғасын кендері және концентраттары. Қорғасын және оның қосындыларының қасиеттері.

1

-

2

2


Тақырып2 Күйдіру. Шикіқұрамды агломерациялық күйдіруге дайындау. Күйдіру үдерісінің химизмі. Күйдіру әдістері.

3

-


Тақырып 3 Шахталық пештерде тотықсыздандыра балқыту. Үдерістің теориялық негізі. Балқыту кезінде шикіқұрам құрауыштарының өзгеруі.

Балқыту өнімдері.

Қорғасынды балқыту қождары және оларды өңдеу жолдары. Мыс-қорғасын штейндері және оларды өңдеу. Мыс-қорғасын шпейзасы және оны өңдеу жолдары. Шаңдар және оны өңдеу жолдары. Отын және үрленетін ауа. Шахталық пештің құрылысы.

2


-


2


2


Тақырып 4 Қара қорғасынды тазалау үдерістері. Жалпы мағлұматтар:

- қара қорғасынды мыссыздандыру және шликерлерді өңдеу;

- қара қорғасынды теллурден тазарту;

- қара қорғасынды тотықтыра тазалау;

- қара қорғасынды күміссіздендіру және күміс көбігін өңдеу;

- қара қорғасынды мырышсыздандыру;

- висмуттан тазарту;

- сапалық тазарту;

- қара қорғасынды электролиттік тазалау.

- қара қорғасынды үздіксіз тазалау. Жоғары


6

-


4

4

-


1

2

3

4

5

тазалықтағы қорғасын алу













Тақырып 5 Қорғасын өндірудің жаңа үдерістері. Қорғасын алудың гидрометаллургиялық әдістері.

Балқытудың сілтілік және содалық әдістері.

Галенитті балқыған тұздардың злектролизіне түсіру

2

-

1

1


Тақырып 6 Мырыш туралы жалпы түсінік. Мырыш және оның қосындыларының қасиеттері Мырыш кендері және концентраттары

1

-

4

4


Тақырып 7 Күйдіру. Мырыш конценраттарын күйдірудің теориялық негізі. Концентраттарды күйдіруге дайындау. Мырыш пирометаллур-гиясындағы күйдіру. Мырыш гидрометал-лургиясындағы күйдіру. Қайнау қабатында күйдіру. Күйдіру үдерісін одан әрі қарқындату.

3

-


Тақырып 8 Мырыштың пирометаллургиясы. Мырыш пирометаллургиясының теориялық негізі. Мырышты реторталарда дистилляциялау. Мырышты алудың электротермиялық әдісі. Мырышты тазалау.

2

-


1

1


Тақырып 9 Мырыштың гидрометаллургиясы.

Өртендіні дайындау және тасымалдау. Ерітінділеу. Мырыш сульфаты ерітіндісін қоспалардан тазарту.

Мырыштың электролизі

4

-


2

2


Тақырып 10 Мырыш кектері және раймовка. Шаңдар және ұшырындылар. Дроссылар және конденсаторлық шаң.

1

-


Тақырып 11 Кадмий туралы жалпы түсінік. Кадмий және оның қосындыларының қасиеттері. Кадмийдің қолданылуы.

1

-








Тақырып 12 Металлургиялық өңдеу кезінде кадмийдің таралуы. Кадмийдің шикізаты

1

-


2

2


Тақырып 13 Мыс-кадмийлік кектерді пирометаллургиялық жолмен өңдеу.

1




Тақырып 14 Құрамында кадмийі бар шаңдарды өңдеу.

1




Тақырып 15. Таза кадмий алу әдістері

1




Зертханалық жұмыстар

Тақырып 1. Қауіпсіздік ережесі. Пайдаланылатын ыдыстар, құрылғылар, аспаптар. Зертханалық жұмыстың орындалу техникасы.

2





1

1


1

2

3

4

5

Тақырып 2. Қорғасын және мырыш кон-центраттарының кеуектілік коэффициенттерін анықтау Минералдардың түйіршіктік құрамының сүзілуі жылдамдығына әсерін анықтау

2





1

1


Тақырып 3. Сусыздандыру үрдісін зерделеу. Әртүрлі тығыздықтағы қойыртпақтарды сүзу. «Мәжбүрлі сүзілу» үрдісін теориялық және практикалық тұрғыдан талдау.

2





1

1


Тақырып 4. Қойыртпақ тығыздығы мен коагулянттар қоспаларының минерал бөлшектерінің шөгу жылдамдығына әсерін анықтау. Қойыртпақты қоюлатып, тұндыру, түйіршіктердің шөгу жылдамдығын, коагулянттардың әсерін зерделеу.

2




1

1


Тақырып 5. Қорғасын концентраттарын күйдіру. Сульфидтік концентраттарды зертханалық шарттарда күйдіру бойынша тәжірибелік дағды алу.

Қорғасын концентраттарын күйдіру үшін шикіқұрам құрамын анықтау және есептеп үйрену.



2





1

1


Тақырып 6. Мырыш концентраттарын күйдіру. Сульфидтік конценртраттарды зертханалық шарттарда күйдіру бойынша тәжірибелік дағды алу.

Мырыш концентраттарын күйдіру үшін шикіқұрам құрамын анықтау және есептеп үйрену.


2





1

1


Тақырып 7. Сульфаттық мырыш ерітінділерінің электролизі. Мырыш сульфаты ерітінділерінің электролизін өткізу бойынша тәжірибелік дағды алу.

Электролиттік ұяшық жүйесін құру бойынша тәжірибелік дағды жинау.

Мырыш электролизін есептеу бойынша дағдылану


2




4

4


БАРЛЫҒЫ

30




10

10


Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы

Тақырып 1. Әртүрлі шикіқұрамның минералогиялық құрамын есептеу

4










Металлургиялық кезең өнімдерінің рационалдық құрамдарын есептеу

4











Агломерация үдерісін есептеy, шикіқұрамның рационалдық құрамы, түйіршіктеуді есептеу

4











Шахталық балқытудың есептеулері, қара қорғасын, қож, штейннің құрамдарын анықтау.

4










1

2

3

4

5

Мырыш концентраттарын күйдіру үрдісін есептеу. Алынған өртенді, шаң-газдың құрамдарын анықтау.

4










Ерітінділеу және гидролиттік тазалау үдерістерін есептеу

4










Ерітіндіні цементациялық тазарту, мыс-кадмий кектерін алу үрдісін есептеу.

4











Сульфаттық мырыш ерітінділерінің электролизін есептеу

2










БАРЛЫҒЫ

45










8 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгілері
1. Ғазалиев А.М., Егоров В.В., Исин Д.Қ. Жалпы металлургия. –

Алматы – Білім, 2010. – 781 б.

2. Усманова М.Б., Жалпы химия –Алматы.,Комплекс – 2007ж – 226 бет.

3. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия – Алматы – РПБК «Дәуір» ЖШС – 2011 – 751 б.

4. Романтеев Ю.П., Быстров В.П., Металлургия тяжелых цветных металлов. Свинец, цинк, кадмий – Москва, Издательский дом МИСиС – 2010 – 575 б.

5. Марченко Н.Б., Металлургия тяжелых цветных металлов. Учебное пособие. Красноярск ИПК СФУ – 2009 –



Қосымша


  1. Зайцев В.Я., Маргулис Е.Б. Металлургия свинца и цинка. – М.: Металлургия, 1985. -263 б.

  2. Баймаков Ю.В., Журин А.И. Электролиз в гидрометаллургии. – М.: Металлургиздат, 1963. -616 б.

  3. Лакерник М.М., Похомова Г.Н. Металлургия цинка и кадмия. Т.1. – М.: Металлургия, 1969. – 488 б.

  4. Снурников А.П. Гидрометаллургия цинка. – М.: Металлургия, 1963. - 384 б.

  5. Воскобойников В.Г. Общая металлургия. – М.: Металлургия, 1985.

  6. Шиврин Н.Г. Металлургия свинца и цинка. – М.: Металлургия, 1982. – 352 б.

  7. Лакерник М.М. Металлургия свинца. . – М.: Металлургия, 1965.

  8. Лоскутов Ф.М. Цейдлер А.А. Металлургия свинца и цинка. М.: Металлургия. 1963.

  9. Лоскутов Ф.М. Цейдлер А.А. Расчеты по металлургии тяжелых цветных металлов. М.: Металлургия. 1963. 592 б.

  10. Мастрюков Б.С. Расчеты металлургических печей. – М.: Металлургия, 1985. -376 б.

  11. Технологические расчеты в металлургии тяжелых цветных металлов. Под. Ред. Н.В. Гудима– М.: Металлургия, 1985. – 256 б.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет