- Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер сонымен қатар В12дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және т.б.
- Сәулелену әсерінен болатын тұқым қуалау қасиетін жібек құрттарының өнімін, сапасын арттыру үшін сақтап, өндірісте кең пайдалану.
- Жануарлар мен өсімдіктер тұқымын жақсартуда және өнімін өсіруде сәулелену қолданылады (мыс, радияциялық селекция тәсілі).
Адам организміне радиацияның әсер етуі - Дүниежүзіндегі атомдық энергияның қарқынды дамуы тұрғындарды радиациядан қорғау мәселесін туғызды. АЭС апаты кезінде аймақтардың радиоактивті заттармен улануы болады. Жергілікті жерлерде реактивті зақымдану, жарылыс кезінде пайда болған реактивті бұлттардан радиоактивті бөлшектердің жерге түсуінен пайда болады, ол жел бағытымен жылжиды. Жергілікті жердің зақымдану қарқыны радиация мен сәулелену мөлшерінің адамға белгілі бір уақытта енуімен анықталады.
- Енетін радиация – бұл ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелер мен нейтрондардың жіберетін ағыны. Барлық тірі мақұлыққа (оның ішінде адамға да) берілген зақымдайтын факторлардың әсер етуі организм құрамына кіретін атомдар мен молекулалардың иондалуынан тұрады, ол оның тіршілік функциялары мен жеке мүшелерінің бұзылуына алып келеді, сүйек миының зақымдалуына, сәулелік аурудың таралуына алып келеді.
- Радиологиялық қауіпсіздік бойынша Халықаралық комиссияның мәліметтері бойынша жылына 35 бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті) асатын мөлшерлер қауіпті болып табылады. Егерде сәулеленудің 4 тәуліктегі мөлшері 50 рад болса, 10-30 тәулікте – 100рад бір жылда – 300 рад болса адамдардың өміріне қауіп төндірмейді.
Есте сақтау керек! Енетін радиациядан іс жүзінде адамдарды панаханалар (убежище) және радиацияға қарсы баспаналар (укрития) толық қорғайды, ал ашық және қалқаланған жерлер бұл әсер етулерді азайтады. - Есте сақтау керек! Енетін радиациядан іс жүзінде адамдарды панаханалар (убежище) және радиацияға қарсы баспаналар (укрития) толық қорғайды, ал ашық және қалқаланған жерлер бұл әсер етулерді азайтады.
- Қалыңдығы 2 - 8 см болат, 10см бетон, 14см топырақ, 30см ағаш гамма сәулеленуді екі есе әлсіретеді.
- Радиоактивті зақымдану ядролық бұлттардың жарылысынан атмосфералық жер қыртысына, ауа кеңістігінде, тұрғылықты жерде радиоактивті заттардың әсерінен болады. Адамдардың зақымдану қауіпсіздігі тұрғылықты жерде радиоактивті зақымданған ауада ұзақ уақыт – күндер, апталар, тіпті айлар бойы сақталады. Тұрғылықты жердің радиоактивті зақымдануы жарылыстың түріне байланысты. Жерде болған жарылыс қауіпсіздеу. Бұл жерде активтігі күшті. Ол топырақ бөлшегінің салдарынан өседі. Жарылыс бұлты мен жарықшақ бөлшектер жарылыс ауданынан алыс жерлерде радиоактивті зақым тудырады. Тұрғылықты жердің зақымдану масштабы мен дәрежесі, ядролық жарылыстың түрі мен қуатына, санына, метеорологиялық жағдайына желдің бағыты мен және адамдардың жылдамдығына байланысты. Мысалы, қуаты 1 мегатон жарылыста жанғыш (огненний) шар 20 мың тоннадай топырақты қатыстырады және ұшырады.
Достарыңызбен бөлісу: |