Құрамы және қасиеттеріТопырақтың механикалық құрамы
Түрлі топырақтар өз бөлшектерінің ірілігі жөнінен ғана емес, сонымен бірге құрамы жағынан да бір – бірінен айырмашылығы үлкен болып келеді. Мысалы : саз және саздақ топырақтарда түрлі минералдар көп болады. Олар дала шпаты, слюда, каолин, фосфорит, темірдің, алюминидің, марганецтің судағы тотық қоспалары тағы басқалар. Бұл минералдарда өсімдіктерге қажетті заттар, атап айтқанда фосфор, калий, кальций, темір және басқа да заттар кездеседі. Механикалық құрамы ауыр болып келетін топырақтарда көбінесе өсімдіктер жақсы өсіп, өнім берген жерде жыл сайын олардың қалдықтары да көптеп жиналады. Бұл қалдықтар топырақтағы түрлі микробиологиялық процесстердің және климат әрекеттерінің әсерінен бұзылып шіріндіге айналып, оның біршамасы өсімдіктерге аса қажетті топырақтың беткі қабатының негізгі қоректік заты – қарашірігін түзеді. Механикалық құрамы – жеңіл топырақтардың ауыр топырақтарға қарағанда, бұдан басқа кемшілігі – су және жел эрозиясына төзімсіздігі болып табылады. Мұндай жерлерде өсімдіктер нашар өсетіндіктен, оның беткі қабаты желдің (ал суарлармалы жерлерде -судың) әрекетінен үгіліп (жуылып) кетеді. Топырақтың пайда болу процесіне өзіне тән құрылымның бірі – топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы тақырыптар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылым - топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ әр түрлі морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірінен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады. Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет И.И.Докучаеи қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұңқырды қазып, бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінмен сипатталады. Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың түзілу процесі туралы көп мәліметтер айтуға болады. Әр түрлі топырақ типтері де осылай бір-бірімен ажыратылады. Топырақтың негізгі морфологиялық сипаттамаларына топырақтың түсі, құрылымы, тығыздығы, механикалық құрамы, әр түрлі қосылыстардың бары немесе жоғы, НСI-мен әрекеті т.б. жатады. жүктеу/скачать 63.67 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |