Құрамы және қасиеттері



бет6/9
Дата30.06.2023
өлшемі63.67 Kb.
#475470
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция -3

Топырақ профилі. Топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. И.И.Докучаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш қабатқа бөлді. А – қара шірікті қабат. В – өтпелі қабат, С – топырақ түзуші аналық тау жынысы қабаты. Олар тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне байланысты әрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін. Оларды А1А2, В1В2, С1С2 т.б. деп белгілейді.
Топырақтың түсі – топырақтың морфологиялық көріністерінің ішінде ең негізгі белгі. Топырақ аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар:
1. Гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.
2. Темір және марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді.
3. Кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға тез ерігеш тұздар ( хлоридтер және сульфаттар). Олардың түстері – ақ.
4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді. Топырақтарптарда ең көп тараған түстер 9-суретте көрсетілген. Үш бұрышты ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында үш негізгі түстердің азды-көптігіне байланысты неше түрлі түстер болады. Топырақтың түсін анық бір түспен айту қиын, сондықтан да негізгі түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына қойылады. Мысалы, қара қоңыр, сары құба, ашық сары деген сияқты.
Топырақ түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың болуы гумустың молдығын көрсетеді. Көкшіл немесе көк түс-топырақтың батпақтануы. Мұндай жерлерді пайдалану күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.
Топырақтың құрылымы. Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілітүйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кішілі жңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементтермен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттардан бастап одан әлденеше есе үлкен микроагрегаттар бар. Агрегаттарының көлемі 1 мм-ден-10-мм-ге дейінгі топырақ-бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет