оқытушы (білімді хабарлайды, қажетті игеру дәрежесін қамтамасыз ете отырып, оқу немесе практикалық іс-әрекеттің дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастырады);
тренажерлар (өткен материалдарды бекітуге немесе қайталауға, түрлі біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға арналған);
бақылаушы (оқу материалдарын игеру деңгейін өзін-өзі бақылауға немесе бақылауға арналған);
ақпараттық-іздеу және ақпараттық-анықтамалық (мәліметтерлі хабарлайды, ақпаратты жүйелендіруде біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастырады);
демонстрациялық (игерілетін объектілерді, құбылыстарды, процестерді зерттеу және оқу мақсатында көрсетеді);
имитациялық (құрылымдық және функционалдық сипаттамаларды игеру үшін анықталған аспектілерді қарастырады);
лабораториялық (эксперименттер жүргізуге мүмкіндік жасайды);
моделдеуші (зерттеу және игеру мақсатында процестерді, құбылыстарды, объектілерді моделдеуді жүзеге асырады);
есептік (түрлі есептерді және басқа да ескі операцияларды автоматтандырады);
оқу-ойындық (білім алушының қызметі ойын түрінде жүзеге асатын оқу жағдайларын құру үшін арналған);
ойындық (еске сақтау қабілетін, реакциясын, көңілді және басқа да сапаларды дамытатын бос уақытты ұйымдастыруға арналған).
Информатикада электрондық ресурстарды оқыту құралын мақсатты қолданатын оқу процесінің түріне байланысты топтарға бөлуге болады. Электрондық ресурстарды лекция, семинарлар, лабораториялық және практикалық сабақтарды жүргізу кезінде, оқу, ғылыми-әдістемелік жұмыстар, өз бетінше дайындалу, курстық және дипломдық жобалар, сынақтар, емтихандар кезеінде қолданылатын, сонымен бірге, магистрлік диссертация жазуда қолданылатын деп ажыратуға болады.
Электрондық ресурстар дидактикалық бағыттарына қарай информатика бойынша білімді қалыптастыру, мәліметтерді хабарлау, біліктілікті қалыптастыру, білімді нығайту, оқыту деңгейін бақылау, білім, біліктілік, дағдыны жетілдіру деп бөлуге болады. Бұндай сатылар танымдық қызмет кезеңдері жүйелілігіне психологиялық негізделген оқыту құралдарын жасау арқылы толықтырылады, олардың қатарында:
– қабылдау;
– білімді ойлау және белгілеу;
– тұлғалық тәжірибені қалыптастыру (біліктілік, дағды, кәсіби-бағытталған интуициялар);
– жобалық-зерттеу және іздеу іс-әрекеті.
Информатикада электрондық ресурстарды материалды баяндау түріне қарай конвекциондық, бағдарламалық, мәселелік, құрастырылған деп бөлуге болады.
Конвекциондық ресурстар классикалық педагогика ұстанымдарына сәйкес келеді және энциклопедиалық немесе монографиялық сипатта болады. Бұндай ресурстар информатиканы оқытудың ақпараттық функциясын жүзеге асырады.
Бағдарламалық ресурстар информатиканы оқытудың «стимул-реакция» жүйесіне негізделген. Бұндай ресурстар сызықтық бағдарламалар түрінде болады және студенттің өзіндік жұмысына негізделген, білім алудың негіздері мен әдістерін және олардың кәсіби дағдыларымен өзара байланысын ашады.
Мәселелік ресурстар күрделі оқыту теориясына сүйенеді және логикалық ойлау қабілетін дамытуға, информатика саласында білімді шығармашылық қабылдауды реттеуге бағытталған.
Құрастырылған ресурстар жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық ресурстардың жеке элементтерінен тұрады.
Қолданушы мен оқыту құралының өзара қарым-қатынасы сипатына байланысты информатикадағы электрондық ресурстар детерминирленген және детерминирленбеген болып бөлінеді.
Детерминирленген электрондық ресурс – парамертлері, мазмұны мен байланыс әдістері жасаушымен анықталған және қолданушы өзгерте алмайтын электрондық оқыту құралы.
Детерминирленбеген электрондық ресурс – парамертлері, мазмұны мен байланыс әдістері тікелей қолданушының мақсатына, дайындық деңгейіне сәйкес құрылатын электрондық оқыту құралы. Барлық өзгерістер ақпараттық негізінде жасаушының анықтаған алгоритмдерінің көмегімен жүргізіледі.
Информатика бойынша электрондық ресурстар мен оларды жасауға қажетті материалдар олардың дидактикалық потенциал деңгейіне байланысты негізгі үш топқа біріктіріледі.
Бірінші топқа декларативті электрондық ресурстар – информатика бойынша оқу немесе әдістемелік басылымдар баспаларының компьютерлік көшірмелері, аудио- және видеожазбалар жатады. Бұндай ресурстар негізінен информатика курсының бір тақырыбының оқу мәтіндік және оның графикалық иллюстрациясы түріндегі теориялық материалдардан, оқытушылар мен студенттерге арналған нұсқаулардан, есептер мен тапсырмалар жинақтарынан тұрады. Сандық аудио- және видеофрагменттердің көмегімен информатика бойынша лекциялар жазбалары орналасады. Бұндай ресурстардың дидактикалық мақсаты – информатика курсының оқу материалдарымен бастапқы танысу және оны қабылдау. Бірінші топтың ресурстары нәтижесінде толық құнды электрондық ресурстар жасалатын бастапқы материал сипатында болады.
Екінші топтағы электрондық ресурстар да декларативті құралдарға жатады. Екінші топқа компьютерлік оқулықтар, виртуалды оқу кабинеттері және информатика бойынша тестік компьютерлік жүйелер жатады, негізгі дидактикалық функциялары – білімді ұғыну, бекіту және бақылау.
Информатика бойынша электрондық ресурстардың үшінші тобына виртуалды тренажерлар, виртуалды оқу лабораториялары және басқа да ақпараттық компьютерлік жүйелер жатады. Бұндай оқыту құралдарының ерекшеліктері олармен жұмыс істеуде игерілетін объектіні немесе процесті математикалық моделдеу, информатика және қосымша пәндер саласында зерттеуді басқару режимінде оқу тапсырмаларын шешуде студенттерді қолдайтын арнайы интерфейстер қолдану болып табылады. Үшінші топтағы электрондық ресурстардың негізгі дидактикалық мақсаттары информатика курсына арналған игерілетін объекті немесе процестің зерттеу қасиеттерін дамыту және қалыптастырудан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |