3. Информатика бойынша электрондық ресурстарды жасауда мультимедиа және телекоммуникациялық технологияларды қолдану
Білім беруде оқыту құралдары жөнінде дидактикалық түсінік екі элементті құрайды:
- оқу материалдары – кестелер, графиктер, сызбалар; транспоранттар, слайдтар; мәтіндік, графикалық, дыбыстық, анимациялық, бейнелік ақпараттар т.б.
- оқу материалдарын ұсыну құралдары: теледидар, бейнемагнитофон, мультимедиалық-, бейнелік-, оверхед- проекторлар, компьютер, интерактивті сенсорлық тақталар т.б. Оқу материалдарын ұсынушы мұндай құрылғыларды мультимедиалық құралдар деп айтуға болады.
Мультимедиалық технологиялар саласындағы мамандардың пікірінше, бұл саланың дамуын анықтайтын факторлардың бірі – дербес мультимедиалық компьютерден желілік жүйеде жұмыс істейтін мультимедиалық кешендер ортасына өту процесі.
Қашықтан оқыту жүйесінің техникалық жабдықталуы компьютерлік желілер мен мультимедиалық технологиялардың қолданылуымен жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда компьютерлік желілер жөнінде біршама түсінік қалыптасқанымен, мультимедиалық технологиялар туралы біздің түсінігіміз мардымсыз. Осыған байланысты бұл технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігін анықтау жолдарын қарастырамыз.
Мультимедиалық құралдардың оқыту процесіндегі тиімділігін оқытудың мақсатына, мазмұнына, формасына, құралдары мен әдістеріне сәйкестілігі тұрғысынан анықтауға болады. Ал, мұны жүзеге асыру кибернетика ғылымының зерттеу әдістеріне сүйену негізінде орындалады. Кибернетика – қоғамдағы, тірі организмдердегі, күрделі машиналардағы процестердің жалпы заңдылықтарын басқаратын, олардағы ақпаратты беретін ғылым. Кибернетика басқару жүйесіндегі ақпараттық процестерді зерттейді.
Жүйелік тәсілдің тиімді нұсқаларының бірі – морфологиялық әдіс. Жүйені талдау және ұйымдастырудағы морфологиялық әдістің әдіснамалық негізгі ерекшеліктерін қарастырайық. Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің тәсілдерін үнемі өзгертіп отырады. Қазіргі кезге дейін ғылым дамуы мынадай кезеңдерден өтті: 1) ғылыми жүйелік тәсілдің сипаттамасы зерттеу нысаны ретінде анықталды; 2) зерттеу нысанына „терістеу және құрылымдау” деп аталған ғылыми әдіс қолданылды. Оның негізгі идеясы: оқытылатын жүйе жөніндегі жаңа ұғымдар мен анықтамалар бұрынғы ұғымдар мен анықтамаларды тексеру негізінде пайда болады; 3) жүйелі талдаудың дамуына байланысты терістеу және құрылымдау әдісінің орнына „талдау және құрылымдау әдісі” қолданылуда. Жүйені зерттеудің бұл әдісін пайдалану кезінде шешілетін мәселенің ұғынықты, шешімді үлгісі жасалып, оны ары қарай дамыту жолдары қарастырылады .
Жалпы, педагогикалық зерттеу нысанына қолданылатын жүйе мынадай құрылымдардан тұруы керек:
оқытудың мақсатын анықтайтын әлеуметтік жүйеден;
оқытудың мазмұнын анықтайтын ғылыми білімдер негізіндегі ақ-параттық жүйеден;
нақты бір оқу пәнін оқытудың жалпы және жеке әдістерін дамыту жүйесінен;
оқыту процесін ұйымдастырушылық жүйесінен.
Педагогикалық әдістерді мынадай сипаттамаларына байланысты жіктеуге болады:
Оқытылатын материалдардың құрылымдық-мазмұндық көрсеткіш-теріне;
Оқу материалдарын ұсынудың практикалық әдістеріне;
Білімді қабылдау кезіндегі оқушылардың немесе студенттердің бойындағы интеллектуалдық және психикалық өзгерістерге;
Оқыту нәтижелерін тексеру әдістеріне т.б.
1. Дидактикалық шарттар:
а) Сабақтың мазмұны мен формасына байланысты мультимедиалық технологияларды мүмкiндiктерiне қарай алдын ала дайындаудың, кешендеудiң перспективалы жоспарын жасау.
Ескере кететiн тағы бiр жайт, бұл шартты қанағаттандыру үшiн бiз алдымен, мультимедиалық технологияларды өзiнiң педагогикалық iс-әрекетiнде толық пайдалана алатын болашақ мұғалiм мамандарын жоғары оқу орындарында кәсiби даярлауды жолға қоюымыз керек.
ә) Оқу материалдарына әдiстемелiк талдау жасау. Айталық, кейбiр пәндерге қатысты оқу материалдары бiрнеше ондаған жылдар бұрын дайындалған. Мiне сол материалдарды жаңа мәлiметтермен үйлестiрудiң жолдарын қарастыру, пәнге қатысты негiзгi мәлiметтi қосымша мәлiметпен толықтыру.
Мультимедиалық технологияларда ұсынылатын оқу материалдары көрнекiлiк ұстанымына негiзделген. Сондықтан да оны оқытудың ажырамас бөлiгi деп қарастыруымыз қажет. Мысалы, компьютерде модельденген демонстрациялық тәжiрибелер, зертханалық жұмыстар студенттер мен оқушыларға заңдылықтар мен құбылыстардың табиғатын ғылыми тұрғыдан түсiне бiлуге бейiмдейдi. Бiр жағдайда олар көзбен көруге мүмкiн болмайтын құбылыстарды экранда бақылауға мүмкiндiк берсе, екiншi жағдайда, ғылымда күрмеуi қиын мәселелердi графика, анимация, бейнекөрiнiс түрiнде бақылап, шешiмiн табуға көмектеседi. Сонымен қатар, мультимедиалық технологиялар оқытудың сабақ барысындағы немесе сабақтан тыс формалары мен әдiстерiн жетiлдiрудi және оқу-тәрбие процесiн қызықты әрi мазмұнды етiп жүргiзудi жолға қояды. Оқытушының жұмысын жеңiлдетедi. Бұл, оқытушы сабақтан тыс қалады деген сөз емес, оқытушы қай кезде де оқыту процесiндегi басты тұлға болып табылады.
Осыған байланысты, оқыту процесiнде кездесетiн мәселелер мен оны тиiмдi шешудегi мультимедиалық технологиялардың маңызын кесте түрiнде келтiре кетейiк (кесте 4).
2. Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану үшiн оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:
а) Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшелiктерiн ескеру.
|
ә) Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерiн бақылау.
|
б) Оқу материалдарын пайдалану кезiнде тұлғаның ойлау қабiлетiн аттыруға қозғау салу.
|
в) Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейiн студенттер мен оқушылардың ойлау жүйесiне күш түсiрмейтiндей деңгейде сақтау.
|
3. Гигиеналық шарттар мынадай мәселелердi қарастырады:
а) Бөлмедегi ауаның физико-химиялық құрамының төмендеуi студенттердiң, оқушылардың сабаққа қабiлеттiлiгiн төмендетедi. Сондықтан бөлме ауасын ауыстырып отыру керек.
|
ә) Аудиовизуалдық оқу материалдарын қалыпты жағдайдан артық көрсетуге болмайды.
|
4. Техникалық шарттар:
а) Мультимедиалық технологияларды ерекшелiктерiне қарай дәрiсханада дұрыс орналастыра бiлу.
|
ә) Құрылғылардың техникалық ақаулығын үнемi тексерiп отыру.
|
б) DVD, CD дискiлерiндегi, бейнетаспалардағы оқу материалдарын дұрыс сақтай бiлу.
|
в) Дәрiсхананы оқыту процесiне бейiмдеу жұмыстарын авто-маттандыру.
|
г) Дәрiсхананы үнемi салқындатып отыру, яғни құралдарды қатты қызып кетуден сақтау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |