ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет11/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102
Хикаялар

ҮШІНШІ ХИКАЯ 
НҰХ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
 
Алғашқы пұтқа табыну 
Адам ата (аләйһис-сәләм) мың жыл өмір сүрді. Ол дүние салғаннан кейін, 
ұрпақтары көбейіп, жер бетiнде таралып кетті. Уақыт өткен сайын адамдар 
Аллаһ тағаладан алыстап, тура жолдан адасты. Олар Аллаһ тағаланың 
құлшылық жасауға лайық, жалғыз Жаратушы Құдай екенiн ұмыта бастады. 
Адам атаның ұрпақтарының iшiнде көбiрек адасып, күпiрлiкке терең берiлiп 
кеткен бiр қауым бар едi. Оларды Ібіліс шайтан азғыра түсті де, бұл қауым 
дүниеден өткен игi жақсылардың бейнесiнде мүсiндер жасап, оларды 
«құдай» деп таныды. Ондай мүсіндер «пұт» деп аталады. Олар пұттарға 
табынып, олардан iзгi тiлектерiнiң орындалуын, жамандықтардан сақтауын 
сұрайтын және оларды әртүрлі атаулармен атайтын. Кейбір пұттарды Уадд, 
Суағ, Яғус деп атаса, басқасына Яғуқ және Нәср деген сияқты аттарды 
берді. Олар Аллаһ тағаланың нәсіп еткен ақыл-санасын қолданбай, көңiлiнiң 
қалауына еріп, надандық танытты әрі пұттарды өмiрден өткен жақсы 
кiсiлерге деген шексіз махаббаттарына сәйкес әртүрлі есiмдермен атады. 
Пайғамбар болатын кім? 
Ұлы Жаратушы Аллаһ тағала ешқашан ешбір пендесiн ұмыт қалдырған 
емес. Ол әрқашан Өз мейiрiмімен адамдарға хақ жолды (бір Аллаһқа 
бойсұну) көрсетiп, үйрететiн пайғамбарлар жiбередi. Бұл қауымның 
адамдары Аллаһ тағаланы елемей, пұттарға сиынып кетсе де, Аллаһ тағала 
Өзінің рақымымен оларға араларынан бiр кiсiнi пайғамбар етіп таңдады. 
Жаратушы Иеміз бұл надан қауымға жолбасшы етiп кiмдi жiбердi?! Пайда 
да, зиян да келтіруге жарамсыз, көру, есту және қозғалу қабілетінен жұрдай 
тастарға сиынып кеткен адамдарды тура жолға бағыттау үшiн өз жанын 
құрбандыққа кiм қияр екен?!
Аллаһ тағала бұл бұзық қауымға пайғамбар етiп араларындағы парасат 
пен көркем мінезге ие Нұх есiмдi кiсiні жiбердi. Нұх санасымен саралап, бұл 
мүсiндердiң дұғаларды қабылдай алмайтындығын, ешқандай зиянды 
қайтаруға шамасы жетпейтiндiгiн түсінді. Ол өзіне: «Қалайша біз өз 
қолымызбен қойған тастарға құлшылық жасап, сиынамыз? Бұл ісіміз нағыз 
надандық әрі орасан зор адасушылық емес пе?» – дедi. Аллаһ тағала Нұхқа 
терең бiлiм, ұшқыр ой, кемеңгер ақыл берген едi. Ол мына тiршiлiктi және 
ондағы барша мақлұқатты жаратушы жалғыз Құдайдың бар екенiн және 
адамзаттың сол бір Құдайға ғана ғибадат қылып, қажеттерiн Одан ғана 
сұрау керектігiн түйсінді. Сөйтіп, Нұх Аллаһ тағалаға сенуімен ғана 


14 
шектелiп қалмай, басқаларды да бір Аллаһқа ғана бойсұнуға, Оның дініне 
толығымен кіруге шақыруды қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет