35
Сөйтіп, әке Аллаһтың әмірін орындауға бел байлады.
Малғұн шайтан әке көңiлiне күдік салып,
бұл бұйрықты орындамауы
үшiн жолдан тайдыруға тырысты. Бiрақ Ибраһим бiрнеше тас атып, оны
қуып жіберді. Сосын баласының көзiн байлап, қолына өткiр пышақты алып
тұрып ауыр күрсінді. Ал Аллаһтың бұйрығына бағынушы перзент әкесiн
сабырлы болуға шақырды. Әке пышақты
баласының мойнына қойып,
тартып қалды. Міне, ғажап! Өткiр пышақ өтпеді. Екiншi рет тартты. Пышақ
тағы да кеспеді. Ибраһим бұл iске таңғалып, мұнда бiр сырдың жасырынып
тұрғанын бiлдi. Ол Аллаһ тағаладан: «Пышақ өте өткiр болуына қарамастан,
өтпеді. Ол кеспей жатыр. Уа, Раббым! Не iстейiн? Сен маған бұйырдың. Ал
менiң жағдайым мынау», – деп бұл жағдайдан құтқаруын сұрап, дұға
қылды.
Ибраһим таңырқап,
торығып тұрғанда, аспаннан: «Ей, Ибраһим! Сен
түсiңдi шындыққа жорып орындадың. Бiз игiлердi осылай сынаймыз және
осылайша сыйға бөлейміз», – деген бiр перiштенiң үнi келдi. Расында да,
Исмаилды Аллаһтың Өзі құтқарды. Перiште Ибраһимнiң
қасына
Исмаилдың орнына құрбандық үшiн бiр үлкен қошқарды әкелiп қойды.
Иә, бұл ұлы сынақ еді. Ибраһим де, ұлы Исмаил да Аллаһтың әміріне
бағынып, бұл сынаққа төтеп берді. Бұйрықты орындау барысында иманына
мықты болып, баласын құрбан етуге дайын болған Ибраһим мен әке
бұйрығына бағынушы Исмаилдың хикаясы осылайша сәтті аяқталды. Аллаһ
тағала әкенi абыржудан, ал перзенттi құрбан болудан құтқарды.
Қағбаны салу
Ибраһим
өзiнiң елiне қайтып, бiраз уақыт Исмаилдан алыстап кетті.
Сосын ұлына қайта оралды. Бұл жолы ұлын көруге немесе құрбандыққа
шалуға емес, аса бiр маңызды iске бола келдi. Бұл Қағбаны салу iсi едi. Ол
Қағбаны тұрғызу және адамдар үшiн Аллаһ тағалаға ғибадат жасайтын
алғашқы Үй – алғашқы мешiттiң iргетасын қалау үшiн келдi.
Бұл оқиға
жайлы «Бақара» сүресiнiң 127-129-аяттарында төмендегідей баяндалған:
Достарыңызбен бөлісу: