ҚҰран кәрім хикаялары


Аса Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын



Pdf көрінісі
бет29/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102
Хикаялар

Аса Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын. 
Еске ал, Ибраһим мен Исмаил Үйдiң (Қағбаның) iргетасын көтерiп 
тұрып: «Уа, Раббымыз! Бiзден (бұл iсiмiздi) қабыл ал. Күдiксiз Сен 
Естушi, Бiлушiсiң», – деді. Уа, Раббымыз! Бiз екеуiмiздi Өзiңе 
бойсұнушы қыл! Ұрпақтарымызды да Өзiңе бойсұнушы кiсiлер ет! 
Және бiзге ғибадаттарымызды (қалай орындауымызды) үйретiп, 
тәубелерiмiздi қабыл ал! Әлбетте, Сен тәубелердi қабыл Етушi
Мейiрiмдiсiң. Уа, Раббымыз! Ұрпағымызға өз iштерiнен Сенiң 
аяттарыңды оқитын, кiтапты әрi үкiмдердi үйретiп, оларды тазартатын 
бiр елшi жiбер. Расында, Сен аса Үстем, өте Данасың»


36 
Мінеки, бұл оқиғалар мен дұғалар әрбір адамның Аллаһ нәсiп етiп, 
қажылық яки умраға барғанда немесе күнде бес уақыт жүздерін Қағбаға 
қаратып, намаз оқыған сәттерінде естеріне түсері хақ деп сенеміз. 
Аллаһ тағала барлығымызға бұл болып өткен оқиғаларды ғибрат алсын 
деп түсірген. Әрбір мұсылман бұл хикаялардан пайда, үлгi-өнеге алып, 
көңіліне түйгендерін іс жүзінде қолданып, білгендерін игiлiкке жаратып
қоғамға игі істер жасауға міндетті.
Бұл хикаядан алынатын пайда 
1. Мұсылман адам ақыл-ойын пайдаланып, Ибраһим пайғамбардың 
сенгенiндей, Аллаһ тағалаға иман келтіруі (сенуі) тиіс. 
2. Мұсылман адам еш қорықпай, әрқашан шындықты айтуы керек. 
3. Мұсылман адам үнемi Аллаһ тағаланың өзiмен әрдайым бiрге екенiн, 
оны қорғап, көмек беретiнiн бiлгені абзал. 
4. Мұсылман адам Аллаһ тағаланың бұйырғандарын бұлжытпай 
орындауға міндетті. 
5. Мұсылман адам дұшпандардың тигізген зияны мен жасаған 
қастандықтарына сабырлы болады. 
6. Мұсылман адам кәпірлер мен надандарға немқұрайды қарамай
маңайындағылар тура жолға түскенше уағыз-насихат айтудан жалықпағаны 
және оларды Аллаһтың дініне шақыруды бір сәтке де естен шығармағаны 
жөн. 
7. Мұсылман адам бабасы Ибраһимнiң дінін ұстанып, оның ұлы Исмаил 
сияқты бойсұнушы болуы керек. 
8. Мұсылман адам қайда болса да, бұзық қоғамды өзгертуге тырысып
адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарады. 
9. Мұсылман адам мүміндердің түбінде жаннатқа, ал кәпiрлердiң тозаққа 
кіретініне нық сенімде болады. 


37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет