44
бермеймiз», – деп, Шұғайбтың насихаттарының барлығын жалғанға
шығарды. Олар өркөкіректікпен өздеріне Аллаһтың азабын тіледі. Олар:
«Ей, Шұғайб! Сен – өтiрiкшi, сиқыршысың. Егер сен пайғамбар болсаң,
бiзге айтқан азабыңды көрсет. Раббыңа дұға жаса. Бiздiң үстiмiзге аспаннан
жоюшы азабын түсiрсiн. Егер
сенiң сөздерiң ақиқат болса, неге Раббың
азабын түсiрмейдi? Қане, ей, Шұғайб! Раббыңа дұға ет. Сенiң дұғаңды
қабылдап, саған және мүмінсымақтарыңа Раббың жәрдем бере ме, жоқ па,
көрейiк», – деп кеуделерін соқты.
Шұғайб қауымдағы шектен
шыққан кәпiрлерді қарғап, оларға азаптың
жiберілуiн сұрап, Аллаһ тағалаға дұға жасады. Аллаһ тағала оның дұғасын
қабыл етiп, кәпірлерге ауыр азабын түсiрдi. Бұл азап аптап ыстық едi.
Кәпірлер ешқандай көлеңке әрi сусын таба алмай қалды. Көлеңкелеп
үйлерiне тығылды, бiраз су тауып iштi. Бiрақ мұның пайдасы болмады.
Кенет аспанды қара бұлт торлап, айқай-шу басталды. Күн қатты күркiреп,
найзағай ойнады. Өздері тіленген азаптан зәресі
қашқан кәпір қауым жан-
жаққа жүгірді. Бiрақ Аллаһ тағаланың азабы барлық жерге жететін еді.
Олардың бiрi де қалмай, баршасының көзi жойылды.
Осылайша иманнан безген кәпір қауым өздерiне өздерi зұлымдық жасап,
талап еткен азаптарымен қырылды. Бұл – оларға бұл дүниеде берiлген жаза.
Ал Қиямет күнгi азап оларға бұдан да ауыр болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: