ҚҰран кәрім хикаялары


Айюбтың (аләйһис-сәләм) сабыры



Pdf көрінісі
бет40/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102
Хикаялар

Айюбтың (аләйһис-сәләм) сабыры 
Сабыр дегеніміз – қандай ауыртпалықты да асқан шыдамдылықпен
төзімділікпен қарсы алып, Аллаһтан үміт үзбей, жағдайдың артын күту. 
Айюб Аллаһ тағаланың сүйген құлдарының бірі еді. Ол – Аллаһқа 
ықыласпен дұрыс ғибадат етушi, нағыз иманды жан. Оның Аллаһ тағаладан 
берiлген жақсылық, ризық-несiбе көбейген сайын шүкiрлiк етiп, құлшылық 
қылуы арта түсетiн. Айюб қаншалықты бай, сау-саламат, бақытты болса да, 
Раббысының бұйрықтарын бiр сәт те есінен шығарған емес. Аллаһ Құран 
Кәрімде адамдарға оның мал-дүниесi, бала-шағасы, жемiс-жидектерi 
болмаған күнде де, Өзіне үнемі құлшылық жасайтынын дәлелдеп көрсету 
үшiн оған берген ауыр сынақтары кезіндегі оның ықыласы мен дұрыс 
ғибадатын мысал әрі үлгi-өнеге ретінде келтірген.
Оқиға желісі былай болған еді: Айюбқа пайғамбарлық міндеті жүктелмес 
бұрын ол асқан бай, дәулетті, парасатты да сыйлы адам болатын. Пендесін 
сынау барысында Аллаһ тағала Айюбқа берген барша игіліктерді алды. 
Айюбта ешқандай байлық қалмады. Жерлерiнiң ойраны шығып, малы 
қырылып, егiндерi қурап кеттi. Бала-шағасы да бірінен соң бірі қайтыс 
болды. Бұл Аллаһтың зор сынағы-тұғын. Адамдар Айюбтың ахуалын 
өсектеп, тiлiмен безей бастады. Кейбіреулер «Жасаған құлшылықтары 
Айюбқа пайда бермедi» десе, тағы бiрi: «Егер Аллаһ Айюбты жақсы көрсе, 
оның басын осындай пәлелерде қалдырмас едi», – дедi. Келесі бiреулерi: 
«Айюб мақтанып, мал-дүниеге қатты берiлiп кеткен соң, Аллаһ оның 
басына осы бір зобалаңды түсiрдi», – дестi. Айюбтың дұшпандары «Оның 
иманы әлсiреп, бiраз уақыттан кейiн мүлде қалмайды» деп ойлады. Ал 
Айюбтың иманы, керісінше, күннен-күнге арта түсті. Тiлi Аллаһ тағаланы 
дәрiптеуден бiр тоқтамады. Ол: «Аллаһ қалағанын бередi, қалағанын алады. 
Оның әрбiр іске күшi де, құдіреті де жетедi», – дейтiн. Күндер өте келе 
Айюбтың денесi кеселге шалдықты. Денесінің барлық жеріне жара шығып, 
іріңдеп кетті. Айюб Аллаһтан жазылған тағдырға налымай, Раббысынан 
ауруына, адамдардың өсегiне шыдамды болуына көмек беруiн сұрап: 
«Барлығы: мал-дүние де, бала-шаға да, дос-жаран да, күш-қуат та, жастық 
шақ та, ризық-несiбе де кеттi. Уа, Раббым! Өзiңнен мейіріміңді сұраймын. 
Уа, қиналғандарға көмек берушi! Өзiң көмек ете гөр!» – деді. Және жұмсақ 
та аянышты үнімен: «Уа, Раббым! Маған ауру жеттi. Сен мейiрiмдiлердiң 
Мейiрiмдiсiсiң, шипа бере гөр!» – деп дұға етіп, төзімділік танытты. Ол 
ауруды жіберген Аллаһ тағалаға жалбарынды. Себебi шипа беруге де 
шамасы келетiн – тек Аллаһ қана. Сонда Раббысы Аллаһ тағала тарапынан: 
«Ей, Айюб! Аяғыңмен жердi соқ. Ол жерден су атқылап шығады. Сен сол 
суға шомыл. Сенiң халiң бұрынғы қалпына келедi», – деген жауап келдi. 
Шынында да, Айюбтың денсаулығы жақсарып, бұрынғы қалпына келдi. 
Аллаһ тағала Айюбқа жаңадан ризық-несiбе, мал-дүние және бала-шаға 


52 
бердi. Аллаһ сабырлы пендесi Айюбты ұмытпады. Ол қандай жақсы, қандай 
сабырлы кiсi едi?! 
Уа, адамдардың Раббысы – Аллаһ! Саған мадақ болсын. Нығмет берушi 
де, ауру берушi де, шипа берушi де – Сенсiң. Сенiң шипаңнан өзге шипа 
жоқ. Барлығымызға Айюбтың сабырлығындай сабырлық және оның 
төзіміндей төзім бере гөр! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет