Екі хикаядан кейін Балалар! Жоғарыдағы екi хикаяны оқығаннан кейiн Яғқуб пен Айюбтың
өнегелері мен сипаттарының өте маңызды екенiн байқаған боларсыңдар.
Шындығында, Яғқубтың өсиетi – әкенің балаларына қалдыратын
өсиеттердiң ең озық үлгісі. Демек, «Үнемi құлшылық қылатын Раббың кiм?»
деп сұрағанда, әрқайсымыз: «Бiздiң Раббымыз – Аллаһ. Бiз ешқашан Одан
өзгеге құлшылық етпеймiз. Әрқашан туысқандарымызға, достарымызға
және ұрпағымызға: «Аллаһ пен пайғамбарларына сенеміз. Оларға
бойсұнамыз және Аллаһ тағалаға ғана құлшылық етеміз» деп түсіндіреміз»,
– дейміз.
Ендеше, бұл өсиеттi орындап, Аллаһ тағалаға нағыз сену шексіз сабырды
талап етедi. Демек, бiз Яғқубтың өсиетiн орындап, Айюб секiлдi сабырлы,
иманды болуымыз үшін қуаныш пен қайғыда, сау кезiмiзде және ауырған
сәтімізде, тіпті кез келген жағдайда Аллаһ тағалаға құлшылық етуіміз шарт.
Бұл хикаялар бiзге Яғқубтың иманды өсиет еткенін үйретсе, Айюбтан
сабырлылықтың дәрежесінің жоғарылығын үлгі етеді. Расында, иман мен
сабырдың адам бойында бiрге болғаны – зор абырой. Бұл жайлы Аллаһ
тағала «Бақара» сүресiнiң 155-157-аяттарында: «Әлбетте, Бiз сендердi қауiп-қатер, аштық, мал-жанды, жемiс-жидектi кемiту сияқты амалдармен сынаймыз. Бiр қайғы келгенде: «Әлбетте, бiз Аллаһтың пенделерiмiз және бiз Оған қайтушымыз», – деп сабыр етушiлерге қуанышты хабар бер. Мiне, осыларға Раббылары тарапынан жарылқау және мейiрiм бар. Және олар – хақ жолды табушылар», – деген.
Бiз, мұсылмандар, Аллаһ тағаланың ризалығына жетуіміз үшiн сабырлы,
иманды болып, Ислам бұйрықтарын орындауымыз керек. Мүмін адам ғана
нағыз сабырға ие бола алады. Әрi иманы бар адамға ғана сабыр пайда
бередi.
Уа, Аллаһ! Бiздiң иманымызды орнықтырып, дiнге шақыру жолында
бізді сабырлы пенделерден етіп, Қиямет күнi Өз нығметтерiңе бөлеген
пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және iзгi кiсiлердің қатарына қоса
гөр! (Әмин).