ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет47/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102
Хикаялар

ОН ТӨРТІНШІ ХИКАЯ 
МҰСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) ТУРАЛЫ (3) 
 
Біз – Аллаһтың елшісіміз 
Мұса орындайтын iсi өте ұлы да маңызды болғаннан кейiн, Раббысынан 
жәрдем беруiн сұрап, дұға қылды. Аллаһ тағала оның дұғасын қабыл етiп, 
онымен бiрге бауыры Һарунның да баратынын айтты. Сонымен қатар Аллаһ 
тағала Мұсаға: «Сен бауырың екеуiң Перғауынға барып жұмсақтықпен, 
сыпайылықпен Менiң сөздерiмдi жеткiзiп, хақ дінге кiруiне үндеңдер. Бұл 
дiндi, тура жолды оған жақсы етiп көрсету үшiн онымен жақсы қатынаста 
болыңдар. Әрi оны бәну исраил қауымына жасап жатқан зұлымдығынан 
тыйылуға шақырыңдар», – дедi. 
Мұса мен Һарун пайғамбарлық мiндеттi орындау үшін Перғауынға 
насихат айтуға және оны Аллаһ тағалаға шақыруға барды. Перғауын ол 
екеуiн таныды. Екi елшi оның алдына келіп, Аллаһ тағала бұйырғандай 
жұмсақтық, кішіпейілділікпен: «Ей, Перғауын! Бiз – Раббыңнан жіберілген 
елшiлермiз. Адамдарға зұлымдық жасаудан тыйылуың, өзiң және 
қауымыңның Аллаһқа иман келтiрiп, күпiрлiктерiң мен бұзықтықтарыңды 
тоқтатып, бүкiл әлемнiң Раббысы Аллаһ тағалаға серiк қоспауларың үшiн 
және осыны сендерге баяндап үйретуіміз үшін Аллаһ бiздi сендерге елшi 
етiп жiбердi», – дедi.
Мұса мен Һарунның бұл сөздерiн естiгенде Перғауынның ашу-ызасы 
келді. Ол айналасындағыларға бұл екi елшiнiң сөздерiнің жалғандығын 
дәлелдеп беру үшін олардан: «Ей, Мұса! Раббыларың кiм?» – деп сұрады. 
Перғауын өзiнiң нағыз құдай еместігiн халықтың бiлгенін қаламайтын 
едi. Мұса сабырмен: «Раббымыз әр нәрсенi жаратып, жолға салып қойған», 
– деп жауап бердi.
Перғауын Мұсаның зеректігін әрi оның айтқандарының растығын іштей 
сездi. Бiрақ ол өзінің абырой, мансабынан айырылғысы келмедi. Бұған дейін 
Перғауын өзiн бәну исраилдың тәңiрi етiп алған-ды. Қалайша сондай 
биiктен оңай түсе салмақ?! Ол екi пайғамбардың әңгімесін басқа арнаға 
бұру мақсатында өткендi естерiне салып, Мұсаның пайғамбарлығын мазақ 
ете бастады. Ол: «Ей, Мұса! Жас кезiңде бiзде тәрбиеленгенiңдi ұмыттың 
ба? Бiз сенi бауыздамай, жайлы өмiр сүруiңе мүмкiндiк жасап, сарайда 
қалдырдық. Ей, Мұса! Сен менiң әулетімнен бiр кiсiнi өлтiрiп, қашып 
кеткенiңдi ұмыттың ба?» – деп мiндетсіне бастады. Мұса Перғауынның 
мәселені өзгеше өрбітіп, өткендегi әртүрлi iстердi тiзбектегеніне iшінен 
ашуланып қойды. 
Дегенмен Мұса Перғауынның сұрақтарына, жапқан жалаларына 
тайсалмастан жауап қайтарды. Ол «Ей, Мұса! Раббыларың кiм?» деген 
Перғауынның сұрағына жауап ретінде: «Ей, Перғауын! Менiң Раббым, Ол – 


62 
барлығының Раббысы. Ол – сенiң де Раббың. Ол – аспан мен жердегi және 
олардың ортасында болған әрбiр жаратылған заттың Жаратушысы…» – 
дедi. Перғауын Мұсаның сөздерiн жоққа шығарып, келемеждеп: «Ей, 
қауымым! Оның маған айтып тұрған жауабын естiңдершi. Ол ойланбай 
сөйлеп тұр», – дедi. Сосын өз әрекетін қорғап дәлелдеуге дәрменсiз 
болғанына ашуланып: «Ей, Мұса! Егер менен басқа құдай бар деп сенетiн 
болсаң, сөзсiз сенi қамаймын», – деп қорқытты. 
Мiнеки, Перғауын Мұсаны ақылмен жеңе алмағаннан кейiн күш 
қолдануға кiрiстi. Адамдарды құлдыққа салған әрбiр залым патшаның халi 
осындай болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет