56
шетiнде басқалардан гөрi әлсiз, қойларын суармаққа кезек күтiп тұрған екi
қызға көзі түсті. Мұса оларға барып, көмектесіп, жақсылық жасағысы келдi.
Өйткенi ол тұла бойындағы күш-қуаты зор азамат қой. Ендеше, Мұсаның
бұл күштi пайдаға асырып, көмек беруі қажет.
Расында, күш-қуат Аллаһтың берген үлкен нығметі болып табылады.
Ендеше, оның қадiрiне жетiп, дұрыс пайдалана бiлуiмiз керек. Аллаһ тағала
Мұсаға iрi тұлға, мол күш-қуат берген. Ол үнемi әлсiздерге жәрдем берудi
қалайтын. Алғаш рет ол өзінің қауымдасына жәрдем бермекшi болды. Бiрақ
Перғауын әулетінен болған адамды өлтiруді қаламаған. Ал
бұл жолы екi
қызға қолынан келгенінше жәрдемiн бермек. Мұсаның iске асырамын деп
ойлағандарының бәрi жақсы ой, жақсы iс еді.