ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет52/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102
Хикаялар

Соңғы ескерту 
Бұл мүмін кiсi жалықпастан үгiт-насихатын айтып, дұрыс жолды егжей-
тегжейлi түсiндiрiп бергенiмен, Перғауын жамағатының ешқайсысы оның 
сөзiн тыңдамады. Ақырында оларға ең соңғы насихатын айтып: «Жақында 
менiң айтқандарымды еске аласыңдар. Мен iсiмдi Аллаһқа тапсырамын. 
Аллаһ – пенделерiн көрiп тұрушы», – деп ескерттi. Яғни сендер аз уақытта 
Аллаһтың алдына барғандарыңда менiң қазiргi айтқандарымның хақ екенiн 
бiлесіңдер. Аллаһ тағала сендердi үнемi көрiп, бiлiп тұрады. Егер Мұсаны 
өлтiремiз десеңдер, Мұсаның Раббысы таяуда сендерді азапқа ұшыратып
бұл дүниеде және Ақыретте қиын жағдайға тап болдырады дегенді 
түсіндірді. 
Мүміндердің қоныс аударуы және қуғыншылар 
Перғауын мен оның жамағаты бұл мүмін кiсiге қатты ашуланды. Бiрақ 
Аллаһ тағала оны құтқарды. Мұса Перғауын мен оның қауымына үздiксiз 
уағыз жүргiзгеннен кейiн, Аллаһ тағала Мұсаға бұл зұлымдық жайлаған елдi 
тастап, өзiмен бiрге мүміндерді алып, иманды, тура дiншіл және әдiл 
мемлекет құруы үшiн Мысырдан Палестина елiне қоныс аударуын әмiр еттi. 
Бұл бұйрық Мұса мен мүміндердің қатты азап және көптеген қиындық 
көргендерiнен кейiн келген едi. Мұса Аллаһ тағалаға сенген мүміндерді 
алып, қатыгез де айлакер, кәпiр патшадан құтылу жолына шықты. Хақ 
дiндерін сақтап, әдiл мемлекетте емiн-еркiн өмiр сүру үшiн Аллаһ жолында 
қоныс аударған қандай ғажап?! 
Ал Перғауын нөкерлерiмен бірге елден шығып кеткен мүміндердің ізіне 
түсті. Олардың ниеті мүміндерді түбегейлі жою болатын. Өйткені Перғауын 
Мұсаның Раббысына иман келтіргендерді түгелімен қырып тастауға шешiм 
шығарған-ды. Ол өз билiгiне тосқауыл болушылардың жер бетiнде бiреуiн 
де қалдырмауды қалайтын еді.
Перғауынның нөкерлерімен бірге қуғынға шыққанын мүміндер білсе де, 
тоқтамастан қаша берді. Мүміндердің алдынан үлкен теңіз шықты. Ендi 
олар не iстемек? Ей, мүміндерге жәрдем берушi Аллаһ, оларға Өз 
жәрдемiңдi бере гөр! Бұл кезде Перғауын мен нөкерлерi мүміндердің 
артынан қуып жетіп те қалған еді. Жағдай қиындай түстi. Мүміндер теңiз 
бен дұшпанның ортасында қалды. Алға қарай жүрсе, суға батады, артқа 


69 
шегiнсе, Перғауын мен оның нөкерлерi өлтiредi. Мүміндер амалдары құрып, 
Мұсадан Раббысына дұға етіп, жәрдем сұрауын өтiндi. Мұса оларға: «Бiраз 
күтіңдер. Қазiр, Аллаһ қаласа, Аллаһ тағаланың жәрдемiн көретiн боламыз», 
– дедi. Перғауын мүміндерге өте жақын қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет