ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет54/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102
Хикаялар

Перғауынның өлімі 
Перғауын өлдi. Аллаһ тағала оның иманын қабылдамады. Жан шығып 
бара жатқандағы келтiрген иман ешқашан қабыл болмайды. Оған қаншама 


70 
рет ескертiлдi. Ендi оның иманы өзіне еш пайда бермейді. Нөкерлерiнiң 
барлығы теңiз түбiне батып кеттi. Бiрақ Перғауын өлсе де, денесі суға 
батпады. Неге?!
Сол кездегі адамдар Перғауынның өлетiнiн елестете алмайтын. 
Сондықтан Аллаһ тағала адамдар көрiп, Перғауынның өлгенiне көзін 
жеткiзулері үшiн оның денесiн су бетiне шығарды. Расында, ол өлдi. Бiрақ 
Аллаһ тағала оның қимылсыз, қатып тұрған денесiн осылайша су бетiнде 
қалқытып, оның шектен шыққан күпірлігі мен тәкаппарлығының жазасын 
келер ұрпаққа сабақ, мысал ретінде қалдырып: «Бүгiн сенiң денеңдi 
артыңдағыларға дәлел болуың үшiн қалдырамыз», – деді.
Тәураттың түсуі 
Аллаһ тағала Перғауын және оның әскерлерiн теңiзге батырып, Мұса мен 
оған иман келтiргендердi құтқарғаннан кейiн, жер бетiнде мүміндердің 
жаймашуақ тiршiлiгi жалғасып жатты. Олар өз орталарында үкiм 
шығаратын заң және нұсқауға мұқтаж едi. Сондықтан оларға Аллаһ тағала 
Өз тарапынан «Тәурат» атты кiтапты түсiрiп: «Ей, Мұса! Мен сенi 
пайғамбар етуiм және сөйлеуiм үшiн адамдар iшiнен таңдап алдым. Мен 
саған берген кітапты ал және шүкiрлiк етушi пенделерден бол!» – дедi. Мұса 
Раббысына пайғамбарлық және кiтап нығметтерiн бергендiгiне шүкiрлiк 
еттi. Бiрақ бәну исраил қауымы Раббыларына шүкiрлiк ету және өздерiне 
түсiрiлген кiтап бойынша амал қылуда әлсіздік көрсетті. 
Бұзауға сиыну 
Мұса қауымынан жырақта болып, Раббысынан Тәуратты қабылдап 
тұрған кезiнде қауымында мынадай бiр оқиға болды. Қауымы iшiнде 
Самири есiмдi бір адам әлi ешкiм iстемеген жамандықты жасауды 
ойластырды. Ол қауым адамдарына: «Ендi Мұса бiзге ешқашан қайтып 
келмейдi. Олай болса, бізге жаңа құдай жасап алуымызға тура келедi», – 
дедi. Сөйтіп, Самири оларға дауыс шығаратын бір бұзауды жасап бердi. Ол 
бұзаудың арт жағынан басталып, аузына дейін созылған тесігі бар болатын. 
Артынан кірген ауа аузынан шыққан сәтте бұзау маңырағанға ұқсас 
дыбыстар шығаратын. Қауымның көпшiлiгi бұл бұзауды өздерiне құдай 
етiп, оған сиына бастады. Осылайша Самиридың арам жоспары жүзеге асты. 
Һарун мен азғана адамдар бұзауға табынудың Аллаһ тағалаға күпiрлiк 
екенiн бiлiп, оған жақындамай, иманын сақтап қалды. 


71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет