73
қарияның олардың қиналғанына жаны ашымайтын. Тіпті оларды өз
туысындай көрмейтін. Жігіттер бар байлықты қолдарына қаратып, оны
қалағандарынша жұмсау үшін көкелерінің ажалын күтетін-ді.
Қария ұзақ өмір сүрді. Ол қартайса да, денсаулығы мықты еді. Оның
ағасының балаларының
бірі өз табиғатында өте дөрекі, мінезі нашар және
тым ұятсыз болатын. Өзінің кедейлігі мен көкесінің байлығын салыстырып
ызаланатын. Түндердің бірінде оған көкесін өлтіру жайлы арам ой келді.
Әлгі жігіт шайтанның азғыруына беріліп, мол мирасқа қызықты. Түнделетіп
қарттың үйіне кіріп, оны өлтіріп, өлі денесін жолға тастап кетті.
Қылмыскер кім?
Ертеңінде адамдар үйлерінен шығып, жұмыстарына бара жатқанда,
жолда жатқан қарттың өлігін көреді. Сәлден соң ол жерге адамдар жинала
бастады. Олардың арасында әлгі қартты өлтірген жігіт те бар еді. Ол асқан
шеберлікпен
жылап-еңіреп, басына түскен қайғының қаншалықты зор
екенін көрсетуге тырысып бақты. Адамдар қылмыскерді табу мақсатында
айналаны түгелімен қарағанымен, ешкімді таппады. Жиналғандардың бірі:
«Аллаһтың елшісі Мұсаға барайық. Бәлкім, ол
осы қылмыстың жасырын
тұстарын ашып беретін шығар», – деді.
Арасында қылмыскердің өзі болған бұл топ Мұса пайғамбарға келіп,
болған жағдайды баяндап берді. Мұса игі ниетте болып, оларға айналаға
тағы бір шолу жасауға ақыл берді. Алайда адамдар: «Ей, Мұса! Іздей-іздей
шаршадық. Жердің әрбір қарысы тінтілсе де, қылмыскердің ізі де табылған
жоқ. Раббыңнан осы жағдай туралы сұра. Бәлкім, ол
бізге ақиқатты
көрсетіп, бізді тура жолға бастар», – деді.
Мұса оған Раббысынан уахи келгенше күте тұруларын өтінді. Олар қайта
айналып келгенде: «Аллаһ тағала сендерге бір сиыр бауыздауды бұйырады»,
– деді. Олар айтылған жауапқа таңырқап, Мұса өздерін мазақ етіп тұрған
болар деп күмәнданды. Өйткені олар нақты мәселе – қылмыс жайлы сұраса,
Мұса оларға сиыр жайлы санаға сыймас жауап айтып тұр. Олар Мұсаға:
«Сен бізді мазақ етіп тұрған боларсың?» – деді. Сонда Мұса: «Аллаһтың
бұйрықтары мен аяндарынан бет бұрушы надандар қатарында болудан
Аллаһқа сиынып, пана тілеймін! Өз әулетім және өз халқымды мазақ етуден
Аллаһ сақтасын. Сендерді Перғауынның
озбырлығынан құтқарған мен
қалайша өздеріңді алдамақпын? Аллаһ сақтасын. Мұнда бір хикмет бар
сияқты», – деп жауап қайтарды.
Достарыңызбен бөлісу: