ҚҰран кәрім хикаялары


көрсетеді  («Бақара» сүресі, 67-73-аяттар)



Pdf көрінісі
бет57/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102
Хикаялар

көрсетеді 
(«Бақара» сүресі, 67-73-аяттар)

Байлық пен сараңдық 
Мұса пайғамбардың заманында Исраил ұрпақтарының арасында бір қарт 
кісі өмір сүрген. Ол өте бай болғанымен, тым сараң әрі қытымыр еді. Тіпті 
ол өзіне де сараңдық жасайтын. Қолындағы малының аз бөлігін де 
жұмсамауға тырысатын. Дүниеге қатты құныққандығы сонша, тоя тамақ 
жеп, дұрыс киінуге ақшасын қимайтын. Жақын туыстарына да 
көмектеспейтін. Әйелі не баласы жоқ жалғызбасты қарт бала-шағасының 
болмағанына қайғырды ма екен?! Бәлкім, оларды асырауға мал-дүниесінен 
шығын шықпағанына қуанатын болар. Алайда оның ағасының балалары бар 
еді. Олар жағдайы нашар, өте мұқтаж жандар болатын. Олар көкелерінің 
көңілін табуға қанша тырысқанымен, ешбір нәтиже шықпады. Сараң 


73 
қарияның олардың қиналғанына жаны ашымайтын. Тіпті оларды өз 
туысындай көрмейтін. Жігіттер бар байлықты қолдарына қаратып, оны 
қалағандарынша жұмсау үшін көкелерінің ажалын күтетін-ді. 
Қария ұзақ өмір сүрді. Ол қартайса да, денсаулығы мықты еді. Оның 
ағасының балаларының бірі өз табиғатында өте дөрекі, мінезі нашар және 
тым ұятсыз болатын. Өзінің кедейлігі мен көкесінің байлығын салыстырып 
ызаланатын. Түндердің бірінде оған көкесін өлтіру жайлы арам ой келді. 
Әлгі жігіт шайтанның азғыруына беріліп, мол мирасқа қызықты. Түнделетіп 
қарттың үйіне кіріп, оны өлтіріп, өлі денесін жолға тастап кетті.
Қылмыскер кім? 
Ертеңінде адамдар үйлерінен шығып, жұмыстарына бара жатқанда, 
жолда жатқан қарттың өлігін көреді. Сәлден соң ол жерге адамдар жинала 
бастады. Олардың арасында әлгі қартты өлтірген жігіт те бар еді. Ол асқан 
шеберлікпен жылап-еңіреп, басына түскен қайғының қаншалықты зор 
екенін көрсетуге тырысып бақты. Адамдар қылмыскерді табу мақсатында 
айналаны түгелімен қарағанымен, ешкімді таппады. Жиналғандардың бірі: 
«Аллаһтың елшісі Мұсаға барайық. Бәлкім, ол осы қылмыстың жасырын 
тұстарын ашып беретін шығар», – деді.
Арасында қылмыскердің өзі болған бұл топ Мұса пайғамбарға келіп, 
болған жағдайды баяндап берді. Мұса игі ниетте болып, оларға айналаға 
тағы бір шолу жасауға ақыл берді. Алайда адамдар: «Ей, Мұса! Іздей-іздей 
шаршадық. Жердің әрбір қарысы тінтілсе де, қылмыскердің ізі де табылған 
жоқ. Раббыңнан осы жағдай туралы сұра. Бәлкім, ол бізге ақиқатты 
көрсетіп, бізді тура жолға бастар», – деді.
Мұса оған Раббысынан уахи келгенше күте тұруларын өтінді. Олар қайта 
айналып келгенде: «Аллаһ тағала сендерге бір сиыр бауыздауды бұйырады», 
– деді. Олар айтылған жауапқа таңырқап, Мұса өздерін мазақ етіп тұрған 
болар деп күмәнданды. Өйткені олар нақты мәселе – қылмыс жайлы сұраса, 
Мұса оларға сиыр жайлы санаға сыймас жауап айтып тұр. Олар Мұсаға: 
«Сен бізді мазақ етіп тұрған боларсың?» – деді. Сонда Мұса: «Аллаһтың 
бұйрықтары мен аяндарынан бет бұрушы надандар қатарында болудан 
Аллаһқа сиынып, пана тілеймін! Өз әулетім және өз халқымды мазақ етуден 
Аллаһ сақтасын. Сендерді Перғауынның озбырлығынан құтқарған мен 
қалайша өздеріңді алдамақпын? Аллаһ сақтасын. Мұнда бір хикмет бар 
сияқты», – деп жауап қайтарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет