ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет81/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102
Хикаялар

Үңгірде 
Мүмін жiгiттер кәпiр қауымның иманға келуiнен үмiттерiн үздi. Ендi 
олар өз қауымынан ешқандай үмiт болмаған соң, өз дiнiне, иманына 
шақыруды басқа қауымдарға жалғастырмақ ниетпен өз елiн тастап, басқа 
елге кетуге әзiрлендi. Олар өздерi барып өмiр сүретiн елде де жақсылықтың, 
имандылықтың таралуын үмiт еттi. Өзара ақылдасып: «Аллаһ тағаланың 
жерi кең, адамдары көп. Бұл күпiрлiк жайлаған мекенді тастайық. Дiнiмiздi 
сақтаған қалпымызда басқа елге қоныс аударып, ол жерде үгiт-
насихатымызды жүргiзiп, өзге де болса бір елді шынайы дінмен 
көркемдегеніміз абзал», – десті. 
Сөйтіп, мүмін жiгiттер жолға шықты. Олар жолда әрбiр басқан 
қадамында Аллаһ тағаланың құдiретiн еске алып, Оны дәрiптеп, мадақтар 
айтып, Одан көмек, сабыр беруiн сұрайтын. Бiрнеше күн жол жүрiп, өз 
елiнен алыстаған кезде олар бiр кiшiлеу тау үстiне орналасқан үңгiрдің 
алдынан өттi. Олар сапар машақатынан шаршағандарын сезіп, бiраз 
тынығып алмаққа үңгiрдің iшiне кiрдi. Олардың қастарында иті бар 
болатын. Ол ит үңгiр есiгiнiң алдында қалды. 
Олар ұзақ сапардан қатты шаршағандықтан үңгiрге кiрiп, арқаларын 
сүйеп отырған қалыптарында маужырап, терең ұйқыға кеттi. Күн артынан 
күн, ай артынан ай, жыл артынан жыл, тiптi бiрнеше ондаған жыл өттi. Олар 
әлi ұйқыда едi. Олардың түр-әлпеттерi өзгерiп, қорқынышты болып кеттi. 
Егер бiрер адамның оларға көзi түсетiн болса, олардың келбеттерінің 
сұрықсыздығынан бiр сәт те қарап тұра алмас едi. Шаштары өсiп
иықтарына түстi. Денелерi оңға, солға аударылып тұратын. Бiрақ олар тiрi 
болатын. Жүректерi соғып, тыныс алып тұр. Онда оларға не болды? Күндiз-
түнi үздiксiз ұйқы. Қашанға дейiн ұйықтамақ?.. 
Олар үңгiр iшiнде үш жүз тоғыз жыл ұйықтады. Бұл уақыт iшiнде заман 
өзгерiп, жаңарды. Өздерiнiң қашып шыққан елдерiндегi адамдардың 
барлығы әлдеқашан бұ дүниеден өткен-ді. Бiрақ олар бұл туралы ештеңе 
сезбеді. Үш жүз тоғыз жыл өткеннен кейiн жiгiттер терең ұйқыдан оянып, 
көздерiн ашып, ұзақ уақыт ұйықтағандықтан, денелерiнiң қалжырағандығын 
сезіндi. Олардың жүздерiнен таңданыс байқалып: «Мұнда қанша уақыт 
ұйықтадық екен?» – деп бiр-бiрлерiнен сұрасты. 
Кейбіреулері «бiр күн ұйықтадық» десе, ендi бiрi «жарты күн» деген едi. 
Олар не болғанын бiле алмады. Үңгiр iшiнде жүздеген жыл ұйықтап 
қалғандары ойларына келген де жоқ. Жігіттердің қарны ашты. Олар: 
«Ішімізден біреу қалаға барып, тамақ сатып алып келсiн. Өте абай болсын. 


104 
Өйткенi қауым бiздi өлтiрмек болып iздеп жүрген шығар», – деп қалаға 
жиналғанды сақтандырып ескертіп жатты. 
Қалада 
Қалаға шыққан жігіт ақша алып, өте абай болып, сақтықпен қаладағы ең 
жақын дүкенге барды. Ол бөтен көрiнiстерге таңданды. Қала да, жолдар да 
басқа. Мынау сатушыны бұрын көрмеген. Дүкен де, жүрiп келген жолы да 
өзгерiп, жаңарған. Ол көп ойланып тұрмастан, сатушыдан жейтiн тағам 
беруiн өтiнiп, ақшасын ұсынды. Сатушы бұл ақшаны алмай, «бұл – ертедегі 
ақша. Қазiр қолданылмайды» деп жiгiтке жұмбақ болған сырды ашып, 
айналасындағы жаңа көрiнiстерден, адамдардың бөтендігінен ештеңе 
түсінбей есі шыққан жiгiттi тыныштандырды. 
Сатушы бұл хабарды қуана тарата бастады. Жағдай жiгiт қорқып 
келгендей қауiптi емес екен. Адамдар өзгерген. Кәпiр патша да дүниеден 
өткен. Мүсiндер жойылған. Көпшiлiк бiр Аллаһқа сенiп, Оған ғана сиынады. 
Патшаға, мүсiндерге табыну деген жоқ. Таңданып тұрып қалған жiгiт 
айналасында жиналып қалған адамдарға: «Қазiр менi жiберiңiздер. Мен 
үңгiрдегi серiктерiме барып, оларға бұл қуанышты хабарды жеткiзейiн», – 
деп үңгiрдегi серiктерiне бет алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет