Үлкен дәлел
Бұл хабар жаңа таққа отырған мүмін патшаға да жеттi. Ол бұл жiгiттердi
көрiп, кездесу үшiн үңгiрге асықты. Оларды тiрi күйiнде көрiп қуанып,
олармен құшақтасып амандасты. Патша жiгiттердi өзiмен бiрге еркiн,
жайбарақат өмiр сүру үшiн қалаға шақырды. Ақиқат белгiлi болып, жiгiттер
шындыққа көз жеткiзді. Патша мен адамдарға кезіккеннен кейiн олар ұзақ
өмiр сүрмедi. Оларға өлiм жетiп, қатқан денеге айналды. Патша да,
айналасындағы кiсiлер де жылап, Раббыларына нағыз сенген әрi Оған бар
күш-жiгерiмен, сабырымен дағуат еткен бұл мүмін жiгiттерден айырылып
қалғандарына қатты қайғырды. Бұл қаладағы тұрғындардың баршасы Аллаһ
тағала өлгендердi қалаған кезiнде қайта тiрiлтетiнiне көз жеткiздi. Үңгiр
иелерiн үш жүз тоғыз жылдан кейiн ұйқыдан оятқан Аллаһ тағаланың
Қиямет күнi өлi денелердi қайта тiрiлтуіне күшi жетпей ме?!
Уа, Раббымыз! Саған иман келтірдік. Сенiң уәдең шын. Қияметтiң
болатындығында еш күмәніміз жоқ. Сенiң әр нәрсеге күш-қуатың толық
жетедi.
105
ЖИЫРМА ҮШІНШІ ХИКАЯ
МҮМІН БАЛА
Аса Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын.
«Жұлдызды аспанға. Уәде етiлген күнге. Куә болушы әрi куә
болынғандарға ант. Отын мен жанған отты шұңқыр иелерiн қарғыс
атсын. Олар ол уақытта шұңқырдың басында отыр. Мүміндерге iстеп
жатқан iстерiне өздерi куә болып (тамашалап) тұр. Олар мүміндерден
үстем, мақтауға лайық Аллаһқа сенгендерi үшiн ғана кек алды. Аспан
мен жердiң мүлкi Оған тән. Аллаһ – әр нәрсеге Куә. Әлбетте, мүмін
ерлер мен әйелдерге азап берiп, кейiн тәубе қылмағандар үшiн тозақ
азабы және күйдiретiн азап бар. Иман келтiрiп, жақсы амалдар
жасағандар үшiн астынан өзендер ағатын жаннаттар бар. Бұл – зор
бақыт. Әлбетте, Жаратушының ұстауы, сөз жоқ, қатал. Әлбетте, Ол
Достарыңызбен бөлісу: |