ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет78/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102
Хикаялар

Ахуалдың ақыры 
Расында да, істің аяғы солай аяқталды. Бұл кәпiр iнi бiр күнi 
өркөкiректiкпен, мақтанышын тағы да асырып, марқайып-масаттанып қайту 
мақсатымен бау-бақшаларына келдi. Сұмдық! Ол көрген көрiнiстiң 
қорқыныштысын айтсаң ғой... Ол бау-бақшасына келген үлкен кесапатты 
көрiп, есiнен тана құлады. Өзендердiң суы тартылған, ағаштардың тамыры 
құрғап, бұтақтары қураған, гүлдер солған, жемiстер төгiлген. Бiрде-бiр 
әрекеттiң, тiршiлiктiң және қуаныштың белгiсi байқалмайды. Екi бауға не 
болды?.. Екі бақшаға тынбастан еңбек еткенде, барлығының зая кеткені ме?! 
Кәпiрдiң таңдайы құрғап, қолдарын аузына апарып, саусақтарын тiстеп, 
өкiнiштен, басына түскен ауыр қайғыдан айқайлап, жылай бастады. 
Расында, сұлулық бiткен, жақсылық кеткен, мал-дүние, байлық таусылған 
едi. Мақтаныш пен өркөкiректiк, күпiрлiк пен сенбеушiлiк қайда қалды? 
Олардың бәрi жоқ болды. Ендi оған айқай, көз жасы пайда бермейдi. Ол 
өзiнiң өкiнiшiн, қайғысын көрсететiн ең соңғы сөздерiн айтты. Бұл сөздерді 
ол бүкiл жақсылықтардан, нығметтерден айырылғаннан кейiн айтты. 
«Әттең, мен Раббыма бiрде-бiреудi серiк қоспауым керек еді…» – дедi. 


100 
Мұны өкiнгеннен айтты. Бiрақ бұл өкiнiш оған пайда бермедi. Оған Аллаһ 
тағаланың жазасынан, азабынан құтқарып, көмек беретiн ешкiм болмады. 
Мiне, тәкаппар жігіттің ахуалы осылай аяқталды. Ол жеңiске жете алмады. 
Жеңiлдi. 
Оқиғаның Құранда келуі 
Бұл оқиға жайлы Құран Кәрімнің «Кәһф» сүресiнiң 32-44-аяттарында 
баяндалады. 
Аса Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын. 
«(Мұхаммед!) Оларға екi адамның мысалын баян ет. Олардың 
бiреуiне жүзiмдерден екi бақша бердік. Әрi екi бақшаның арасын құрма 
ағаштарымен қоршап, (ол екеуінің) арасына егiндер өсiрдiк. Екi бақша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет