ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет87/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102
Хикаялар

Біз – елшіміз 
Елшiлердiң әдеттерi және сипаттары: олар өздерiне Аллаһ тағаладан 
нәсіп етілген бiлiмi мен даналығына сараңдық жасамайды. Және адамдардан 
шындықты жасырмайды. Қаншалықты қиындыққа, қарсылыққа кездессе де, 
Аллаһ тағаланың бұйрықтарын жеткiзедi. Бұл екi елшi үшiншi елшiмен 
бiрлесiп, үгiт-насихаттарын айтып, ризалықпен шынайы дінге шақыруды 
жалғастырды. Олардың әрқайсысы: «Ей, қауымым! Бiз – сендердi тура 
жолға бастау үшiн жiберiлген елшiмiз. Бiз сендер үшiн жiберiлгенбiз. Бiздiң 
ұстанған жолымыз, дiнiмiз – хақ. Көздерiңдi ашып, тура жолға түсiп, бiзге 
ерiңдер», – дедi. 


110 
Қауым адамдары оларға сенбей: «Сендер де – бiз сияқты адамсыңдар. 
Аллаһ сендерге еш нәрсе де түсiрген емес. Сендер – жалған 
сөйлеушісіңдер», – дедi. Елшiлер: «Раббымыз өздеріңе кімді елші етіп 
жіберуді біледі. Бiздiң мiндетiмiз – тек қана ақиқатты жеткiзу», – дедi. Бiрақ 
қауым адамдары бұл хақ, имандылық сөздерiн тыңдамай, елшiлерге үгiт-
насихаттарын тоқтатып, өздерiн мазалауды қоймаса, қатты азапқа душар 
болатындықтарын ескерттi. Демек, бұл кәпiрлердiң сөздерi бойынша 
елшiлер Аллаһ тағалаға деген шақыруларын тоқтатқандары абзалмыс. 
Осылайша ауыл иелерi елшiлерге қарсы шығып, оларға күпірлік 
сөздермен жауап қайтарып, адасушылықтарын жалғастыра түсті. Ал 
елшiлер шаршамай, үмiт үзбей, керiсiнше, имандары артып, кәпiрлердiң 
көрсеткен қиындықтарына төзе бiлдi. Сондай-ақ кәпiрлерден келген 
қиындықтарға шыдап, қорқытқандарына қайсарлықпен жауап ретінде: «Ей, 
қауым! Сендердiң ақиқаттан шаршап, Аллаһтан бет бұруларың өздеріңе 
жақсылық әкелмейдi. Таяуда нағыз азаптың кiмге түсетiнiн көресіңдер. Сол 
кезде елшiлердiң сөзiнiң растығын мойындайсыңдар. Ей, қауым! Аллаһ 
тағаланың азабы қатты. Аллаһ тағала сендерге зұлымдық жасамады. Сендер 
күпіршілікке ұрынып, өздерiңе зұлымдық жасаудасыңдар», – деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет