Құрастырған: Елеусинова Г. М. Қарағанды 2015 Тақырыптың өзекті мәселесі



бет4/6
Дата12.10.2023
өлшемі292.03 Kb.
#480637
1   2   3   4   5   6
МИкроклимат

Ауаның ылғалдылығын анықтау. Ауаның ылғылдылығы келесі параметрлермен сипатталады:

  • АБСОЛЮТТІ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – зерттеу кезіндегі 1 м3 ауадағы су буының грамдық мөлшері.

  • МАКСИМАЛДЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – берілген температурада 1 м3 ауаны толық қанықтыратын су буларының грамдық мөлшері. Максимальді ылғалдылық температураға байланысты. Температура неғұрлым жоғары болса, оны толық қанықтыру үшін соғырлым көп су булары қажет болады.

  • САЛЫСТЫРМАЛЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – процентпен белгіленетін абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы.

  • ҚАНЫҒУ ТАПШЫЛЫҒЫ – абсолютті және максималды ылғалдылық арасындағы айырмашылық.

  • АУАНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – зерттеу кезінде 37 град. С (адам денесі температурасына тең) температурадағы максималды ылғалдылық пен өлшенген абсолютті ылғалдылықтың айырмашылығы. Ол жұтылатын текше метр ауаның ағзадан қанша грамм суды шығара алатынын көрсетеді.

  • ШЫҚ НҮКТЕСІ - өлшенген абсолютті ылғалдылық максималдыға айналатын температура. Гигиеналық жағынан маңыздысы салыстармалы ылғалдылық пен қанығу тапшылығы.

Ылғалдылықты анықтайтын аспаптарға: стационарлық Август және аспирациялық Ассман психрометрі, гигрометр, гигрографтар жатады.
Ассман психрометрінің көмегі арқылы 3 түрлі әдіспен анықталады:

  1. номограмма бойынша

  2. кесте бойынша

  3. формула бойынша

Ал Август психрометрінің көмегімен кесте бойынша және формуламен есептеу анықталады.
Август және Ассман психрометрлерінің жұмыс істеу принциптері бірдей. Бұл аспаптардан бізге керегі "ылғал" және "құрғақ" термометрлердің көрсеткішін алу.
Стационарлық Август психрометрі екі бірдей сынапты немесе спиртті термометрден тұрады, оларды шартты түрде "ылғал" және "құрғақ" термометрлер деп бөледі. "Ылғал" термометр резервуары жұқа материалмен (батист, мәрлі) оралып, дистиллденген суы бар ыдысқа түсіріп қояды. Ыдыстың жоғарғы шеті термометр резервуарынан 3-4 см қашықтықта орналасуы тиіс. Ылғал материяның сыртынан булану жүреді. Булану процесіне жылу жұмсалады, сондықтан "ылғал" термометр салқындап, "құрғаққа" қарағанда төмендеу температураны көрсетеді. Ауаның ылғалдылығын анықтағанда аспапты сәулелену көзінен және ауаның қозғалысынан оқшаулайды. Аспапты орнықтырғаннан кейін 10-15 минут өткен соң екі термометрдің көрсеткіштерін жазып алады.

Стационарлық Август психрометі Аспирациялық Ассман психрометрі

Аспирациялық Ассмана психрометрі де екі бірдей "құрғақ" және "ылғал" термометрлерден тұрады. Термометр резервуарлары оларды сәулелік жылудан қорғайтын металл түтіктің ішінде орналасқан. Ылғал термометр резервуарының ішінде батист материалы салынған. Аспаптың жоғарғы бөлігінде желдеткішпен жалғанған сағаттық механизмі бар. Желдеткіш термометр резервуарлары бар металл түтік арқылы тұрақты жылдамдықпен ауаны соруды қамтамасыз етеді. Ылғалдылықты анықтар алдында "ылғал" термометр резервуарындағы батисті пипетканың көмегімен дистилденген сумен ылғалдайды. Сағаттық механизмді соңына дейін бұрайды. Бұнда зерттелетін ауа түтікпен сорылады, содан кейін термометрлер арасында тігінен орналасқан металл түтікке түсіп, аспаптың жоғарғы бөлігіндегі тесіктен шығарылады.


Ауа тұрақты жылдамдықпен қозғалатын болғандықтан және "ылғал" термометр резервуары бетінен судың булануы стационарлық психрометрге қарағанда неғұрлым біркелкі болғандықтан және бөлмедегі ауа қозғалысына байланыссыздығынан аспирациялық психрометр неғұрлым жетілген болып табылады.
Термометр көрсеткіштерін алуды механизмді қосқаннан кейін шамамен жазда 5 мин., қыста 15 мин өткен соң жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет