СЫНАПТЫ ТЕРМОМЕТРЛЕР. Сынапты термометрлер неғұрлым дәл температураны көрсетеді. -35 град. С – тан +357 град. С – қа дейін температураны өлшеу үшін қолданылады.
СПИРТТІ ТЕРМОМЕТР - төменгі температураны анықтайды(-130 град. С- қа дейін). Спиртті термометрлер қауіпсіздеу. Жоғары температурада спирт біркелкі кеңімейді, ал 78,3 град. С болғанда қайнайды.
МАКСИМАЛДЫ ТЕРМОМЕТОР – Белгілі бір уақыт кезеңінде ең жоғары (максимальді) температураны анықтауға арналған. Температура жоғарылағанда кеңіген сынап өтетін иілген жерде капиллярдың қосылған жері болады, температура төм ендегенде бұл қысылған жер сынаптың резервуарға өткізбей ұстап қалады және оның капиллярдағы жайы максималды температураны көрсетеді.
МИНИМАЛДЫ ТЕРМОМЕТР - Белгілі бір уақыт кезеңінде ең төмен (минимальді) температураны анықтауға арналған. Ол спиртті және сынапты болуы мүмкін. Неғұрлым кең тарағаны спиртті термометр. Капиллярлы түтіктің ішінде спиртте соңғы жағы жалпақтау қара шыны жылжымалы штиф орнатылады. Байқау алдында термометрдің төменгі жағын жоғары көтереді, сол кезде штиф спирттің менискасына дейін төмен түседі. Термометрді горизонтальді орнатады. Төменгі температура кезінде бағыт бойынша резервуарға көрсеткішті апарады, ал жоғарғы температурада – спиртпен алынған көрсеткіш орнында қалады.
ТЕРМОГРАФ - апта немесе тәуліктегі температураның ауытқуын тіркеп отыратын өзбетінше жазатын аспап. Термографтың екі түрі бар: бір термографта қабылдайтын бөлігі биметалды пластинка болса, екіншісінде қабылдайтын бөлігі толуолмен толтырылған тегіс иілген түтіктен тұрады. Температураның өзгерісін қаламы бар стрелка арқылы барабанға орнатылған лентаға үздіксіз жазып отырады.
ЭЛЕКТРЛІ ТЕРМОМЕТР – температураны өлшеу үшін электрлі ток қолданылады. дің мақсаттары әртүрлі болғанымен, олардың құрылыстарының принциптері әртүрлі. Оның жұмысы датчигі термобу немесе термометр болуы мүмкін және тіркейтін бөлігі градусқа бөлінген шкаласы бар гальвонометрден тұратын электр тізбегінде пайда болатын электр тоғын тіркеуге негізделген.
Температураны шынайы және климаттық деп бөлуге болады. Шынайы температура термометрге жылулық радиация әсер етпеген кездегі температураны көрсетеді. Шынайы температураны өлшеу үшін радиация көзін экрандайды. Климаттық температура ауаның температурасы мен жылулық радиацияның әсерінің қосындысынан тұрады. Кейбір ыстық цехтардың еңбек жағдайын гигиеналық сипаттау үшін және ыстық өтудің алдын алу үшін екі көрсеткішті де алады.
Бөлмедегі температуралық тәртіпті анықтау.
Бөлмедегі температураның ауытқуын анықтау мақсатында температуралық тәртіпті игереді. Бөлменің температурасын конверт ережесі бойынша өлшейді. Тұрғын бөлмелер үшін тігінен (вертикаль) алғанда температура айырмашылығы – 2,5 град., ал көлденеңінен (горизонталь) – 2,5 град. болуы керек. Температураның тәуліктік өзгерісін максималды немесе минималды термометрлермен анықтайды. Кірпіштен қаланған үйлер үшін тәуліктік өзгеріс +/- 2 град., ал ағаш үйлер үшін +/- 3 град. болуы керек.
Температураның тігінен ауытқуын еденнен 10 см, 1,0 м және 1,5 м денгейде жүргізеді. Температураның көлденеңінен ауытқуын анықтағанда сыртқы қабырға мен ішкі қабырғадан 10-20 см қашықтықта және бөлменің ортасының температурасын өлшейді. Температураны өлшеу уақыты 5-10 мин.. Барлық температура көрсеткіштерін қосып, анықталған нүктелер санына бөледі. Орташа тәуліктік температураны таңертең, күндіз, кеште және түнде өлшенген температуралар жиынтығынан алады.
Микроклимат параметрлерін зерттеу үшін заманауи электронды кешенді аспаптар бар. Олардың артықшылығы өте аз уақытта бір аспаппен бірнеше көрсеткішті анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |