«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері»


Өзін -өзі тексеру сұрақтары



бет8/11
Дата16.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#138486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін -өзі тексеру сұрақтары


1. Белдікті берілістердің жұмыс принципі, типтері. Қандай белдікті берілістер кең таралған?

2. Белдікті берілістердің артықшылығы мен кемшіліктері, олардың қолданылу аймағы.

3. Белдіктің орамындағы күштер. Олар қалай есептелінеді?

4. Белдіктегі кернеу. Оларды қалай есептейді?

5. Қандай кернеу берілістің жұмыс істеу қабілеттілігіне және белдіктің шыдамдылығына қалай әсер етеді?
Дәріс 11. Шынжырлы берілістер, артықшылығы және кемшіліктері, қолдану аймағы. Шынжырлы берілістің динамикасы. Шынжырлы берілістің есептелуі.

Дәріс жоспары:

1. Жалпы мәлімет, жұмыс принципі және салыстырмалы баға.

2. Шынжырлы берілістердің артықшылықтарымен кемшіліктері.

3. Қолданылу аймағы.
Жалпы мәлімет, жұмыс принципі және салыстырмалы баға. Ол шынжырмен жұлдызшының ілінісуіне негізделген. Ілінісу принципі белдікті беріліске қарағанда әртүрлі үлкен жүктеме шарттарында болат шынжырдың беріктігін жоғарылатады. Сырғанау мен тоқтаудың болмауы тұрақты беріліс қатынасын қамтамасыз етеді (айналысына орташа) және неғұрлым қысқа уақыттағы жүктелу мүмкіндігін туғызады. Ілінісу принципі шынжырды қосыша тартуды қажет етпейді, себебеі себебі білік пен тіректегі жүктеме азаяды. Жұлдызшаның шынжырды орау бұрышы шкивті белдікті орау бұрышы сияқты сондай маңызды емес. Сондықтан шынжырлы берілістер кіші өс аралық қашықтықта және үлкен беріліс қатынасында да жұмыс істей алады. Сол сияқты қуатты бір жетекші біліктен бірнеше жетектегі білікке бере алады.

Шынжырлы берілістердің артықшылықтарымен кемшіліктері. Негізгі кемшілігі шынжыр әр бөлек қатты звенолардан тұрады және жұлдызшада шеңберленіп емес көп бұрышта орналасуы. Бұл шынжыр шарнирының тозуына, шу және қосымша динамикалық жүктелудің, майлау жүйесін ұйымдастыру қажеттілігене әкелеп соғады.

Қолданылу аймағы. Шынжырлы берілістер өс аралық қашықтықта, бір жетекші біліктен бірнеше жетектегі білікке берілетін жағдайда, белдікті беріліс сенімсіз болған кезде шынжырлы берілістер қолдануға тура келген жағдайда. Шынжырлы берілістер ауыл шаруашылығында, тасымалдау және химиялық машина жасауда, станок жасауда, тау-кен жабдықтарында және көтеру-тасымалдау құрылғыларында кеңінен қолданылады.

Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


1. Шынжырлы берілістің қандай артықшылығы оның кеңінен қолданылуына себеп болды және қандай аймақтарды?

2. Шынжырдың қандай типтері кеңінен таралған?

3. Шынжыр шарнирының тозу қарқындылығы неге байланысты?

4. Шынжырлы берілістің есептелуін қай критерий бойынша жүргізеді?

5. Шынжырлы берілістің құрылымын қандай параметрлер-

мен оптимизациялайды?




Дәріс 12. Муфталар, жалпы мағлұмат, классификациясы, қолдану аймағы.
Дәріс жоспары:


  1. Муфталар, жалпы мағлұматтар.

  2. Муфталардың атқаратын қызметі және олардың түрлері.

  3. Серпімді элементтерді таңдау және тексеру есептері.


Муфталардың атқаратын қызметі және олардың түрлері. Бәрімізге белгілі, машиналар жеке-жеке тораптардан құрастырылады, ал тораптар болса, бір-бірімен муфталар арқылы қосылады және олар тораптар арасындағы күш байланысын қамтамасыз етеді.

Техникада муфта деп, біліктерді жалғастыратын тетікті айтамыз. Муфталар машиналарда көбінесе қозғалтқыш пен редукторды және редуктор мен атқарушы механизмді жалғастыру үшін қолданылады. Машина жасау өндірісінде муфталар көбінесе мынадай жағдайларда қолданылады:

а) біліктерді өзара жалғастыру үшін;

ә) қозғалтқыштар мен жұмыс істейтін механизмдерді қосу және ажырату үшін;

б) жұмыс істеп тұрған машина бөлшектерін шамадан артық түсетін күштен сақтау үшін;

в) динамикалық күштерді азайту үшін;

г) машина тораптарын құрастырғанда пайда болатын қателіктерді жою үшін.

Муфталар өздерінің ішкі кұрылысына және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді:

а) механикалық муфталар;

ә) электрлік муфталар;

б) гидравликалық муфталар.

Машина бөлшектері курсында тек механикалық муфталар ғана қарастырылады.



Механикалық муфталар. Механикалық муфталардың өзі атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөлінеді:

а) баскарылатын;

б) басқарылмайтын;

в) автоматтандырылған (өзін-өзі баскаратын).

Ал басқарылмайтын муфталарға:

1) тұйық муфталар;

2) теңелту муфталары;

3) еркін қозғалыс муфталары жатады.

Муфталар арқылы берілетін айналу моментінің мөлшері олардың негізгі сипаттамасы болып табылады.

Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


  1. Муфталар не мақсатта пайдаланылады?

  2. Муфталар қандай топтарға және түрлеріне байланысты классификацияланады?

  3. Тұйық муфталардың артықшылғы мен кемшілігі, конструкциясының көрінісі.

  4. Тұйық муфта қандай функцияларды атқарады?

  5. Муфталардың динамикалық қасиеттерін қалай сипатталады?



Дәріс 13. Бөлінетін қосылыс. Бұрандалы, клеммалы, шпонкалы және шлицті қосылыстар.

Дәріс жоспары:

  1. Бөлінетін қосылыс. Қолдану аймағы. Артықшылығы және кемшіліктері.

  2. Бұрндалы қосылыстар, негізгі түсініктер мен анықтамалар.

  3. Жүктелудің әртүрлі жағдайындағы бұрандалы қосылысты тәжірибелік есептеу.

  4. Шпонканы таңдау және тексеру есебі.


Бұрандалы қосылыстар, негізгі түсініктер мен анықтамалар. Бұрандалы қосылыстар деп, болттың, винттің, шпильканъщ, гайканын, және т. б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз. Мұндағы винт дегеніміз бұрандалы сырық; болт қалпақшалы винт; гайка — бұран-далы тесігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек; ал шпилькаекі жағы да бұрандалы сырық.

Машиналарда бұрандалы бөлшектер көп кездеседі. Кейбір машиналарда олардың саны барлық бөлшектердің 60%-ін кұрайды. Өйткені бұрандалы косылыстардың ажырамайтын қосылыстарға қарағанда мынадай артықшылықтары болады:

1. Тез жиналып, оңай сұрыпталынады (ажыратылады).

2. Бұранданың сына тәрізді әсер етуінің нәтижесінде және кілт ұзындығының бұранда радиусына қатынасы үлкен болғандықтан қосылыстарды кысатын үлкен осьтік күш пайда болады, сондықтан бұрандалы қосылыстар берік келеді.

3. Бұрандаларды өте дәл әзірлеуге болады және олардың конструкциясы қарапайым келеді.

4. Белгілі жағдайда өздігінен тежелу қасиеті пайда болады.



Бұранда сызығының пайда болуы және оларды дайындау әдістері. Егер цилиндрдің бүйір бетіне тікбүрышты иілгіш үшбұрышты цилиндрдің табаны мен үшбұрыштың катеті беттесетіндей етіп орасақ, онда иілгіш үшбұрыштың гипотенузасы бұранда сызығын сызады.

Өндірісте бұрандаларды әр түрлі әдістермен дайындайды.

а) Қарапайым бұранданы кескішпен қолдан дайындауға болады. Бұл әдіс өнімділігі шамалы болғандықтан шағын өндірістер мен жендеу жұмыстарында ғана қолданылады.

б) Бұранданы кескіш аркылы темір жонатын немесе арнаулы болт өндейтін станоктарда дайындауға болады.

в) Арнаулы фрезерлік станоктарда дайындалады. Бұл әдіспен дәлдікті талап ететін, үлкен диаметрлі винттер дайындалады.

г) Құю әдісі. Мұнда пластмассадан, шойыннан және шыныдан құйылған бөлшектердің бұрандаларын құю процесінде жасауға болады.

д) Сығу әдісі. Жұка кабырғалы каңылтырдан және пластмассадан штамптау немесе үлкен қысыммен қысу арқылы жаса-латын бөлшектерге бұранда сызығын сығу арқылы түсіреді.

е) Арнаулы бұрандалар таптағыш станок автоматтарда да кесіледі.

Мұндай өнімділігі жоғары, әрі арзан әдіспен стандартты козғалыс қажетіне арналған бұрандалар әзірленеді (болттар, гайкалар т. б.).

Бұранданың геометриялың параметрлері. Бұранда темендегідей параметрлермен сипатталады (29-сурет, СТ СЭВ 180-75): d - бұранданың сыртқы диаметрі, яғни бұранда орамынын сыртқы төбелері арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; d1 — бұранданың ішкі диаметрі, бұранда орамының ішкі табандары арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; Н1 —гайка мен винт орамы жанасатын профильдің жұмыс биіктігі; Рһ —бұранда жүрісі, бұл гайканың бір айналу кезіндегі жылжу шамасын керсетеді; Р — бұранда кадамы немесе бұранда аралығы.

Бұранда сызықтарын езара параллель етіп бірнешеуін қатар жүргізуге болады және ондай бүрандаларды көп кірісті бұрандалар деп атайды. Олар бұранда сызығының кіру санына бай-ланысты екі, үш және төрт кірісті болып бөлінеді. Бір кірісті бұрандаларды кесу оңай және арзан, сондықтан олар техникада көп колданылады.

Бекіту бұрандалары көбінесе бір кірісті болып келеді. Ал көп кірісті бұрандалар тек жүк кетеретін винттерде қолданылады, себебі олардың пайдалы әсер коэффициенті жоғары келеді. Дегенмен оларды дайындау технологиясы күрделі.

Бұранда жүрісі: Рһ = п·Р, п — бұранда сызығының кіру саны; — бұранданьщ көтерілу бүрышы. Көп кірісті бұрандалар үшін , ал бір кірісті бұрандалар үшін болады.

Бұранданың параметрлері мен оның дәлдік шектерінің өл-шемдері стандартталған.

Бұранданың негізгі түрлері. Бұрандалы винттер пайдалану қажеттілігіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

1. Бекіту бұрандалары. Бұранданың бұл түрі бөлшектерді қосу қажетіне арналған, ал олардың профилі үшбұрышты етіп дайындалады.

2. Қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар (жүрісті бұрандалар).

Домкраттарда, престерде т. б. жүрісті винттерде колданылады. Бұл бұрандалардьщ профилін үйкеліс күшін азайту мақсатымен трапециялы, кейде тікбұрышты етіп жасайды.

Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді.

Біз жоғарыда бұранда сызығы иілгіш үшбұрышпен цилиндрлі орағанда пайда болады дедік. Егер сол үшбұрышты оңнан солға қарай орасақ сол бұранда болып аталады.

Бұранда сызығының кіруіне байланысты винттер бір, екі, үш және көп кірмелі больіп келеді. Екі кірмелі бұрандаларда винт сызығы екі жерден басталады. Бұранда кадамының өлшеміне байланысты: а) ұсақ қадамды (аралықты) бұранда; б) ірі қадамды (аралықты) бұранда болып табылады.

Ұсақ қадамды бұранда төзімді және берік келеді, сондықтан олар: а) егер бұрандаға динамикалық күш түссе; б) егер бұрандалы біліктер иілу мен бұралуға жұмыс істесе; в) бұранда реттегіш қызметін атқаратын жағдайларда қолданылады.

Ұсақ қадамды бұрандалар төмендегідей болып белгіленеді: М 12X1,5 (1,5 — қадам шамасын миллиметрмен керсетеді), ал ірі қадамды бұрандалар М 24.

Бұрандалар профилі бойынша үшбұрышты, төртбұрышты, трапециялы, жұмыр және т. б. (29-сурет) болып бөлінеді.



Үшбүрышты бұранда. Үшбұрышты басқа бұрандалармен салыстырғанда берік келеді, бірақ мұнда үйкеліс күші көп болады және олардың өздігінен тежеу касиеті жоғары, сондықтан көбінесе бекіту бөлшектерінде, мысалы, болттарда, винттерде, шпилькаларда, гайкаларда және т. б. колданылады.

Үшбүрышты бұранданы кебінесе бекіту бұрандасы деп атайды және ол метрлік, дюймдік болып екіге бөлінеді.



Метрлік бұранда. Мемлекеттік стандарт СТ СЭВ 182-75 бо-йынша метрлік бұрандалар ірі және ұсақ қадамды болып бөлі-неді. Олардың негізгі параметрлері бірдей болады, мысалы, профиль бұрышы а = 60°; үшбұрышты бұранданың профилінің биіктігі ; винт бұрандасының ойыс радиусы

Ал сырық беріктігін ең кіші диаметрі бойынша есептейміз



Метрлік бұрандалар 4; 6; 7; 8 — дәлдік кластары бойынша әзірленеді. Өте жоғары, бірінші класты бұрандалар жауапты қосылыстарда және дәл қозғалатын винттерде қолданылады.

Метрлік бұрандалардың белшектерге кіріп түратын ұзындығы СТ СЭВ 640-77 шектелген.

Дюймдік бұрандалардың айырмашылығы, біріншіден, профиль бұрышы = 55° болса, екіншіден, бұранда қадамы метрлік өлшеммен (мм) емес, бір дюймге келетін орам санымен керсетіледі және олар тек шет мемлекет машиналарына қор бөлшектер дайындауда пайдаланылады.



Трапециялы бұранда. Мұндай бұрандалар негізгі винт-гайка берілістерінде қолданылады.

Трапециялы бұранда станоктардың жүріс винттерінде, су-порттарында, яғни олар күш пен жүріс беретін механизмдерде жиі кездеседі.

Трапециялы бұрандаларда үйкеліс аз болады, оңай дайындалады және олар анағұрлым төзімді келеді. Диаметрі 8-ден 640 мм-ге дейінгі трапециялы бұрандалар стандарттал-ған. СТ СЭВ 838-78 бойынша мұндай бұрандалар бұлай белгілене-ді. Тг 80X10 — мұндағы соңғы саны қадамын көрсетеді. Олардың профиль бұрышы 30° (29, г-сурет). Солға бұрылатын бұрандалар белгісі ТМОХ62Н, ал көп кірмелі бұранда Тг40Х8 (Р4) болып белгіленеді, екі кірмелі, кадамы Я = 4.

Конусты бұранда. Конусты бұрандалар көбінесе трубаларды жалғастырғанда қолданылады. Өйткені олар тығыздықты жақсы камтамасыз етеді. Сондай-ақ, жоғары кысым әсер ететін трубалар конусты бұранда арқылы қосылады.

Мемлекеттік стандарт бойынша конусты бұранданың екі түрі бар: конустылығы 1 : 16 және дюймдік бүрандалар.

Мемлекеттік стандарт СТ СЭВ 304-76 бойынша конусты бұранданың профилі трубалы цилиндрлі бұрандаға сәйкес, профильдің бұрышы 55° болып келеді.

Шпонкалы және шлицті қосылыс. Шпонкалы, шлицті қосылыстар бір бөлшекпен екінші бөлшекті қосу және айналу моментін беру үшін қолданылады. Ондай бөлшектерге шкив, тісті дөңгелек, муфта, маховик, жұдырықша және тағы басқалар жатады. Осы қосылыстарда айналу моменті біліктен тісті дөңгелекке кері берілуі мүмкін.

Негізінде шпонкалы сына тәрізді және призмалы шпонка болып екіге бөлінеді, соған сәйкес шпонкалы қосылыстар тығыз немесе бос қосылуы мүмкін. Сына тәрізді шпонкалар күшпен қондырылады, сондықтан бөлшектер арасында күш кернеуі пайда болады. Ал призма шпонкалар болса, олар күш кернеусіз кондырылады.

Шпонка қосылыстарының елшемдері стандартталған және олар СТ СЭВ 189-75 стандарты бойынша біліктің диаметрі ар-қылы анықталады.

Призмалы шпонкалы қосылыстар. Призмалы шпонкалар кернеусіз қосылысқа жатады, сондықтан олардың жоғарғы бетінде саңылау қалдырылады және айналу моменті біліктен күпшекке шпонканың бүйір қабырғасы аркылы беріледі. Сол себепті шпонканың бүйір қабырғасында жаншылу кернеуі және шпонканың қимасында қиылу кернеуі пайда болады. Ал кернеу шамасын төмендегіше табуға болады:

мұндағы һ – шпонканың биіктігі; d – біліктің диаметрі; b — шпонканың ені; l - шпонканың жұмыс істеу ұзындығы; жш — жаншылу кернеуі.

Шпонканың ені мен биіктігінің өлшемдері қиылу беріктігіне есептеу арқылы табылып, стандартталған. Сондықтан призмалы шпонкаларды тек жаншылу кернеуін есептеуге, сондай-ақ. мұндай қосылыстарды жылжымалы етіп жасауға болады. Бірақ үйкеліс күшінің әсерінен күпшек жылжитын болса, онда шпонканың өзі де орнынан қозғалуы мүмкін, сондықтан шпонканы бі-лікке бұранда арқылы бекітеді. Қейбір жылжымалы қосылыстарда күпшекке бекітілген қысқа шпонкалар қолданылады.

Призмалы шпонкалардың түрлері. Призмалы шпонка конструкциясы бойынша сегментті және цилиндрлі болып бөлінеді. Сегментті шпонканың жұмыс істеу принципі призмалы шпонкаға ұқсас. Сегментті шпонкалар өлшемі СТ СЭВ 647-77 стандартымен шектелген. Сегментті шпонкамегі қосылған (28-сурет) қосылыстардың ерекшелігі, шпонканы отырғызатын ойықтар оңай жасалады және оларды ажыратып, қайта құрастыру да жеңілге түседі. Бірақ тереңірек жасалған ойық біліктің қимасы ауданының кемуінен білікті әлсі-ретеді. Сол себепті сегментті шпонкалар кебінесе біліктің шетіне күш түсетін аздау жеріне қойылады. Сегментті шпонканы да призмалы шпонка сияқты жаншылуға есептейді.

Білік қимасын әлсірету үшін сегментті шпонкалардың пішінің аздап езгертеді немесе сегментті шпонканың доға жақ бетін кесіп, онық биіктігін азайтады.



Шпонкалар жасалатын материалдар және олардың мүмкіндік кернеуі. Стандартты шпонкалардын, беріктік шегі 50 МПа-дан кем болмайды, олар көміртекті және легирленген болаттардан жасалады. Олардың мүмкіндік кернеу мөлшері жұмыс істеу қабілетіне және білік пен күпшектің материалдарыньщ беріктігіне байланысты болады. Қозғалмайтын қосылыстарда мүмкіндік кернеуі [0] =80...150 МПа шамасында алынады. Қебінесе шойын күпшектерді қолданғанда және күпшектер шұғыл өзгергенде мүмкіндік кернеу жоғарыдағыға қарағанда кем мөлшерде алынады. Ал күпшекті білікке нығыздап отырғызғанда, мүмкіндік кернеу шамасы 30...35%-тен артық болады. Жылжымалы қосылыстарда мүмкіндік кернеу жоғарыдағыға қарағанда аз алынады, себебі жылудың әсерінен қосымша қажалады және тозады, сондықтан [а]=20... 30 МПа арасында алынады.

Шлицті қосылыстар. Шлицті қосылыстар деп күпшектің ішкі бетіндегі тістердің дәл сол пішіндес етіп жасалған білік бетіндегі ойықтарына отыр-ғызылған қосылысты айтады. Басқаша айтқанда, оларды көп шпонкалы қосылыс түрінде карастыруға болады. Шлицті қосылыстардың шпонкалы қосылыстарға қарағанда көптеген артықшылығы бар. Біріншіден, шлинті қосылыс шпонкалы қосылыстан берік келеді, сондықтан ол ауыр жүк түсетін қосылыстарда қолданылады. Екіншіден, біліктерге отырғызылған бөлшектер ось бойымен еркін қозғала алады. Мысалы, беріліс қорабындағы тісті дөнгелектер және т. б.

Сонымен қатар олардың кемшіліктері де бар. Атап айтқанда: а) ось бойымен бағытталған күштерді қабылдай алмайды; ә) тістердің бірдей дәлдікте жасалмауынан әсер етуші күштер шлицтердің барлығына бірдей таралмайды.



Шлицті қосылыстың түрлері. Қосылыстар, біріншіден, өздерінің пішініне байланысты, төртбұрышты, үшбұрышты, эвольвентті болып бірнеше түрге бөліне-ді. Екіншіден, білікке отырғызылған бөлшектерді центрлеу амалдарына байланысты бөлінеді. Центрлеу бүйір қырлары, тістердің ішкі және сыртқы диаметрі арқылы іске асырылады. Шлицтердің бүйір кырлары арқылы центр легенде, олардың тістеріне әсер етуші күштер, центрлеудің баска түрлеріне қарағанда бірқалыпты тарайды.

Бұл амал үлкен күштер әсер еткенде және шлиц тістерінің саны оннан аспағанда, ал диаметрі 25...90 мм арасында болғанда қолданылады.

Дәлдікті қажет ететін талаптарға сай шлицті қосылысты тістердің ішкі және сыртқы диаметрлері арқылы центрлеуге болады.

Егер втулка материалының қаттылығы Бренелль шкаласының көрсетуі бойынша НВ 350-ден кем болса, сыртқы диаметрі арқылы центрлеген жөн. Бұл жағдайда тек біліктің жоғарғы беті ғана өнделеді.

Ал егер Бренелль шкаласының керсетуі бойынша НВ 350-ден артық болса, онда центрлеу ішкі диаметрі арқылы орындалады. Бұл жағдайда қосылыс бетінің екеуі де өңделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет