мәзірден Rasterise Layer (Қабатты растрлеу, Растрировать слой) командасын
таңдаңыз.
Енді мәтінді ерекшелеңіз. Ең жеңіл әдіс - Layers (Қабаттар) палитрасындағы
осы қабатта тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту. Ерекшеленгенді маска
ретінде жеке каналға сақтаңыз. Ол үшін Channels (Каналдар) палитрасының төменгі
жағында орналасқан, штрихталған сызықтармен шектелген, ақ дөңгелекке шертсе
немесе Select → Save Selection (Ерекшелеу →
Ерекшеленгенді сақтау, Выделение →
Сохранить выделение) командасын орындау жеткілікті.
Жаңа ғана құрылған каналды екпінді күйге келтіріңіз (каналдар палитрасында
оған шерту арқылы) және оны Blur (Шаю, Размытие) бөліміндегі радиусы 2-3
пиксель болатын Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісінің
көмегімен шайыңыз (58-сурет).
RGB каналына қайтып келіп, Layers (Қабаттар) палитрасын ашыңыз. Мәтін
орналасқан қабат екпінді екеніне көз жеткізгеннен кейін, Filter → Render → Lighting
Effects (Сүзгі → Жарықтандыру →
Жарық әсерлері, Фильтр → Освещение →
Эффекты света) командасын орындаңыз. Texture Channel (Каналдың текстурасы,
Текстура канала) бөлімінде шайылған мәтін орналасқан каналды таңдаңыз. Қалған
баптаулар мынадай (111-сурет): Light type (Қайнар көзі, Источник) - Spotlight
(Прожектор), Intensity (Ашықтығы, Яркость) – 35,
Focus (Фокус) – 69, Gloss (Фактура) – 0, Material (Материал) – 69, Exposure
(Ұстап тұру, Выдержка) – 0, Ambience (Орта, Среда) – 8, баптаулардағы екі түс
те – ақ.
58-сурет
59-сурет
Нәтижесі 60-суретте көрсетілген.
60-сурет
Әріптерге металды түр беру үшін түстік қисықтарды пайдалану керек: Image
→ Adjustments → Curves (Бейне → Баптаулар →
Қисықтар, Изображение →
Настройки → Кривые). 61-суреттегідей қисықты салыңыз.
Осы қисықты пайдаланғаннан кейінгі нәтиже 62-суретте көрсетілген.
Енді жазуды жарқыраған алтынға ұқсатып бояймыз. Ол үшін Image →
Adjustments → Hue/Saturation (Бейне → Баптаулар → Түс/Қанықтылық,
Изображение → Настройки → Тон/Насыщенность) командасын немесе Ctrl+U
пернелерін пайдалану керек. Colorize (Түстендіру, Тонирование)-ке белгіше қойыңыз
да, сырғымаларды жылжыту арқылы қажетті мәндерді беріңіз. Ал
біздің жағдайда
63-суретте көрсетілген мәндер қолданылған.
Жазуға аз ғана көлеңке қосу арқылы нәтижені жақсартуға болады. Ол үшін
қабаттың Drop Shadow (Сыртқы көлеңке, Внешняя тень) стилін қолданыңыз: Layer
→ Layer Style → Drop Shadow (Қабат → Қабат стилі → Сыртқы көлеңке, Слой →
Стиль слоя → Внешняя тень). Оның баптаулары 64-суретте көрсетілген.
63-сурет
64-сурет
Егер сіздің бейнеңіз жеткілікті мөлшерде
ашық болмаса, онда оны алдыңғы
мәзірдегі Brightness/Contrast (Ашықтық/Контраст) командасы-ның
көмегімен
жөндеуге болады.
Соңғы нәтиже 65-суретте көрсетілген.
65-сурет (нәтиже)