Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


-тақырып. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық



Pdf көрінісі
бет23/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
2-тақырып. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық 
графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы 
түсінік.
№7 Практикалық жұмыс. CorelDRAW векторлық редакторында 
объектілермен жұмыс
Объектіге: сызықтар, фигуралар, графика, мәтін жатады.
Объектілерді ерекшелеу
Объектіні өзгерту үшін алдымен оны ерекшелеп алу керек. Бір ғана 
объектіне немесе бірнеше объектінің тобын ерекшелеуге болады. Ерекшеленген 
объектінің айналасында шектейтін блок, ал оның центрінде «Х» белгісі көрінеді.
Объектіні қиып алу, көшірмесін алу және қою
Объектіні қиып алғанда немесе көшірмесін алғанда, ол алмасу буферіне 
орналасады. Ол жерден оны басқа да қосымшаларға қоюға болады. Қиып алғанда 


объект суреттен алынып басқа жерге қойылады. Ал, көшірмесін алғанда 
түпнұсқа орнында қалады, тек көшірмесі ғана алмасу буферіне орналасады.
Объектінің дубликатын жасау
Дубликат жасағанда объект алмасу буферіне түспей тікелей сурет салу 
терезесінде пайда болады. Дубликат жасау көшірмесін алғаннан және қиып 
алғаннан тез орындалады. Онан басқа, объектіге дубликат жасағанда оның х 
және у осьтері бойында бастапқы қалпы мен дубликат жасалған ара қашықтығын 
көрсетуге болады, Бұл арақашықтық орын ауыстыру деп аталады.
Объектілерді клонировать ету
Объектіні клонировать еткенде оның түпнұсқасымен байланысқан көшірмесі 
пайда болады. Бастапқы объектіге қандай өзгеріс жасалса да, ол клонға 
автоматты түрде әсер етеді. Ал, клонда жасалған өзгеріс бастапқы объектіге әсер
етпейді. Клонда жүргізілген өзгерісті жойып, бастапқы объектіге қайта оралуға 
болады. Клонирование арқылы объектінің бірнеше көшірмесіне объектінің 
шаблонын өзгерте отырып, өзгеріс жасауға болады. Суретте жұлдыз екі рет 
клонировать етілген. Оған әр түрлі бояу және абрис қасиеті қолданылған. Сонымен
қатар клонның формасы өзгерген. Ол үшін адымен объектіні ерекшелеп, Правка –
Клонирование командасын орындау керек. Клонның шаблонын таңдау үшін 
клонның үстінде оң батырманы басып, Выбрать шаблон командасын орындау 
керек. Клон жасалған объектілердің шаблонын таңдау үшін шаблонның үстінде оң
батырманы басып, Выбрать клоны батырмасын басу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет