Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


№10 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған фитиль салу



Pdf көрінісі
бет35/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
№10 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған фитиль салу
Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, Ellipse (Эллипс) құрал- 
сайманын алып, бомбаның суретін саламыз. Бомбаның бір жағы шығыңқы 
болғандықтан, Rectangle (Прямоугольник) құрал-сайманын пайдаланамыз (154- 
сурет).
154-сурет
Салынған Ellipse (Эллипс) және Rectangle (Прямоугольник) объектілерін 
белгілеп, келесі команданы орындаймыз: Arrange → Shaping → Weld 
(Расположение → Изменение формы → Объединить). Нәтижесінде екі объект 
тұтас бір объектіге өзгереді (155-сурет).
155-сурет Пайда болған бомбаны қара түске бояймыз.
Бомбаның шығыңқы бөлігіне аса көңіл бөлу керек: Shape (Форма) құрал- 
сайманын пайдаланып, бұрыштарын дөңгелектейміз.
Бомбаның көлемін көрсету үшін, Ellipse (Эллипс) құрал-сайманының 
көмегімен овал салып, оны сұр түске бояймыз (156-сурет).
Овал мен бомбаны біріктіреміз.
Basic Shape (Простые формы) құрал-сайманын пайдаланып, жұлдызша 
саламыз (157-сурет). Жұлдызшаның түрін жоғарғы панельден аламыз:


156-сурет
157-сурет
Pick (Указатель) құрал-сайманын пайдаланып, жұлдыздың ұштарын 
ұзартамыз. Жұлдызды ақ түске бояп, сыртқы контурын алып тастаймыз (158-сурет).
Interactive Transparency (Интерактивная прозрачность) құрал-сайманын 
пайдаланып, жұлдызшаға мөлдірлік (прозрачность) эффектісін береміз (159- 
сурет).
158-сурет
159-сурет
Осымен бомбаны салу аяқталды, енді оның фитилін салуға көшейік:
Ол үшін Rectangle (Прямоугольник) құрал-сайманын пайдаланып, 
тіктөртбұрыш салып, Ellipse (Эллипс) құрал-сайманының көмегімен екі бірдей 
овал саламыз да суретте көрсетілгендей орналастырамыз (160-сурет).
Arrange → Shaping → Weld
(Расположение → Изменение формы → 
Объединить) командасының көмегімен осы үш фигураны біріктіріңдер.
Пайда болған фигураны екі рет шертіп белгілейміз де шамамен 250 бұрышқа 
бұрамыз.


160-сурет
Pick (Указатель) құрал-сайманының көмегімен фигураны белгілеп алып
Fill (Заливка) құрал-сайманының ішінен Fountain Fill (Градиентная заливка) түрін 
таңдап алып, ашылған сұхбат терезеде төмендегі параметрлерді енгіземіз: Type 
(Тип заливки) – Radial (Радиальный) деп алып, негізгі түс ретінде сұр түсті 
беріңіз (161-сурет).
161-сурет
Боялған фигураның көшірмесін жасау керек. Ол үшін: фигураны белгілеп
тышқанның сол жағымен орнын ауыстырып, қоятын кезде тышқанның оң жағын 
басу қажет.
Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып 
(162-суретте көрсетілгендей) фигураның жиілік санын көбейтеміз.
Енді дайын болған фитиль мен бомбаны біріктіреміз, Interactive Envelope 
(Интерактивная оболочка) құрал-сайманының көмегімен біраз майыстырамыз 
(163-сурет).
Бомбамыз жанып тұрған болғандықтан, оттың суретін салу керек. Ол үшін 
бізге таныс Star Shapes (Звезды) құрал-сайманын пайдаланамыз. Осындай 
жұлдыздың екеуін салу қажет.
Салынған жұлдыздың біреуі - үлкен және түсі - сары болу керек, ал екіншісі 
- кішірек, түсі - қызыл болу қажет және екі жұлдыздың да сыртқы контурын 
алып тастау қажет.


162-сурет
163-сурет
Қызыл жұлдыз сары жұлдыздың үстіңгі жағында орналасуы керек (164- 
сурет).
Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып 
екі фигураның арасына ағым (перетекание) жүргіземіз (165-сурет).
164-сурет
165-сурет
Соңғы кезең барлық объектілерді біріктіру керек. Ол үшін барлығын 
белгілеп: Компоновать → Группа командасын орындау қажет. (165-сурет)
165-сурет (нәтиже).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет