Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


Көп жолдық блокқа мәтін енгізу



Pdf көрінісі
бет43/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Көп жолдық блокқа мәтін енгізу
1. 
құралын таңдаңыз. Курсордың түрі +А түріне айналады.
Курсорды кадр алаңына орналастырып, мәтіндік блок басталатын орынды 
курсормен белгілеңіз. Нәтижесінде көп жолдық мәтіндік блок құрылады.
Мәтін енгізіңіз. Жаңа символдардың қосылуына қарай мәтіндік блок кеңейе 
береді. Enter клавишын басқаннан кейін ғана курсор жаңа жолға көшеді.
Ені шектеулі блокқа мәтін енгізу
1. 
құралын таңдаңыз.
Курсорды кадр алаңына әкеліп, мәтіндік блоктың енін беріңіз. Ол 
тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, курсорды көлденең бағытта 
жылжытыңыз. Нәтижесінде ені шектеулі мәтіндік блок құрылады.
Мәтін енгізіңіз. Енгізілген мәтін оң жақ шекараға жеткенде курсор автоматты 
түрде жаңа жолға көшеді. Бұдан блоктың ені өзгермейді.
Қажетіне қарай мәтіндік блоктың енін өзгертуге болады. Ол үшін маркерді 
көлденеңінен оңға немесе солға қарай жылжытыңыз. Нәтижесінде блок ішіндегі 
мәтіннің орналасуы өзгереді.
Мәтінді форматтау
Мәтінді форматтау үшін объектілер инспекторы терезесінің командалары 
пайдаланылады.
Мәтінді енгізу үшін тышқанның сол жақ батырмасын басып,
пайда болған 
мәтіндік блоктың ішіне мәтін енгіземіз.
Aroow Tool (Курсор) – құралының көмегімен мәтінді ерекшелейміз. Мәтінді 
баптаудың негізгі құралы - баптау құралы болып табылады.
Font (Өлшем, Шрифт) тізімінде мәтін шрифті енгізіледі.
Мәтін блогының өлшемін өзгерту үшін, келесі командаларын орындау керек:
Modіfy (Өзгерту, Изменить)
Трансформация (Трансформация, Transform) Вращение и скос (Айналу және 
қисаю, Rotate and Skew)
Блоктың қисаюын жасау үшін курсорды қоршаудың шетіне
жақындатып, қалауымызша өзгертеміз. Сол кезде блоктың пропорциясы өзгереді.
Мәтін блогын таңдау
1. 
- құралын таңдаңыз.
2. Мәтіннің кез келген әрібін тышқанмен белгілеңіз. Мәтін сол
мәтіндік блоктың қоршауымен бірдей қоршаумен қоршалады (236-сурет).


236-сурет. Мәтін блогын таңдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет