№5 Практикалық жұмыс . Кемпірқосақ суретін салу
Ең алдымен керек фотосуретті таңдап алыңыз.
Ондағы аспан анық көрінуі
керек және бұлттары жоқ болса тіптен жақсы. Бірақ бұлттар үлкен қиындық туғыза
қоймас, себебі бұлтты аспанды ашық аспанға түрлендіру өте жеңіл. Ол үшін
ерекшелеу немесе бүркемелеу (маскировать) құралдарының көмегімен аспан бөлігін
ерекшелеп алып және оны көк түсті градиентпен бояу жеткілікті.
Төменде таңдалынған сурет көрсетілген (100-сурет).
100-сурет
Бізге жаңа қабат керек (Shift+Ctrl+N). Gradient (Градиент) құралының
көмегімен жаңа үлгі құрыңыз. Оның баптаулары 101-суретте көрсетілген. Біз
радиалды (Radial) градиентті қолданамыз. Себебі, градиентті орналастыру радиусы
үлкен, ал кемпірқосақтың түстік құраушылары онда
айтарлықтай жіңішке жолақты
алып тұратындықтан, оны қолданудың нәтижесінде шындыққа сай кемпірқосақ
саламыз.
Осының нәтижесінде градиенті бар қабат 102-суреттегідей болуы керек.
101-сурет
102-сурет
Енді кемпірқосақты артық қызыл және күлгін түсті (фиолетовый)
аймақтарынан бөліп алу керек. Ол үшін кез келген ерекшелеу құралын
пайдалануға
болады, мысалы, Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое
выделение). Алдымен кемпірқосақтың сыртқы контурын ерекшелеп алу керек
(ыңғайлы болу үшін Shift пернесін басуға болады). Сосын алдын-ала Alt пернесін
басып, күлгін түсті аймақты ерекшелеуден алып тастаңыз. Нәтижесі 103-
суреттегідей болуы керек.
Shift+Ctrl+I пернелерін басу арқылы ерекшеленген аймақты инвертирлейміз.
Сосын артығын өшіріңіз (Delete). Бейне 104-суреттегідей болады. Сосын
ерекшелеуді алып тастауға болады (Ctrl+D).
103-сурет
104-сурет
Енді Gaussian Blur (
Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісін
қолданыңыз: Filter → Blur → Gaussian Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс бойынша шаю,
Фильтр → Размытие → Размытие по Гауссу). Оның баптаулары 105-суретте
көрсетілген.
Free Transform (Еркін тасымалдау) құралының көмегімен қабатты
жылжытыңыз (106-сурет) . Бұл нұсқа көмегімен тек қабаттың орнын ауыстырып
қана қоймай, кемпірқосақтың өлшемін өзгертуге және оны кішкене бұруға болады.
105-сурет
106-сурет
Қазір біз аспанда орналаспаған градиентті алып тастауымыз керек. Оны
өшіргішпен (ластик) өшіру өте қиын. Сондықтан пейзаж орналасқан қабатқа өтіңіз
және Magnetic Lasso (Магнитті лассо) құралын таңдаңыз. 107-суретте
көрсетілгендей етіп бедердің кедір-бұдырларының бойымен жүріп өтіңіз (қалған
бөлікті қалағанынша ерекшелеуге болады,
ең бастысы, оған жойылуы керек
кемпірқосақтың бөлігі кірсе жеткілікті).
Градиенті бар қабатқа қайта өтіп, артық бөлікті өшіру үшін Delete пернесін
басыңыз. Сосын Layers (Қабаттар, Слой) палитрасында Opacity (Мөлдір
еместік, Непрозрачность) баптауының мәнін 30-50%-ға өзгертіңіз. Соңғы
нәтиже 108-суретте көрсетілген.