Сосын Paint Bucket (Құю, Заливка) құралының көмегімен батырманы басқа
түске бояйық. Мысалы көк түс (R 85, G 140, B 187). Алайда ақ
пен қарадан басқа кез
келген түсті таңдай аласыз.
Дайындамаға қабаттың Bevel and Emboss (Скос және рельеф) стилін
қолданайық: Layer → Layer Style → Bevel and Emboss (Қабат → Қабат стилі → Скос
және рельеф). Оның баптаулары 4-суретте көрсетілген. Осы әрекеттің нәтижесі 5-
суретте көрсетілген.
Осыдан кейін Layer Style (Қабат стилі) терезесін жаппай тұрып, құрылған
стильге 6-суреттегі баптауларды бере отырып Gradient Overlay (Градиентті орнату,
Наложение градиента) әсерін қосыңыз. Егер барлығы дұрыс орындалса, онда
нәтижесі 7-суреттегіге сәйкес келуі керек.
Алдыңғы екі әсерге Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін
қосыңыз (8-сурет). Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін қосқаннан
кейінгі нәтиже 9-суретте көрсетілген.
Жаңа қабат құрыңыз (Shift+Ctrl+N). Жаңадан ерекшелеу енгізіңіз және оны
басқа түске бояңыз (мысалы, R 111, G 176, B 225).
Жаңа элементтің өлшемі мен
формасын 10-суреттен көре аласыз.
Оны Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю) сүзгісінің көмегімен шайыңыз: Filter
→ Blur → Gaussian Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс бойынша шаю, Фильтр → Размытие
→ Размытие по Гауссу) (11-сурет).
Қайтадан жаңа қабат құрыңыз. Бірақ осы
жолы ерекшелеуді батырманың
жоғарғы бөлігіне орнатыңыз (13-сурет). Gradient (Градиент) құралын алып,
ерекшеленгенді қарадан ақ түске өтетін стандартты сызықтық градиентпен бояңыз
(14-сурет).
Layers (Қабаттар) палитрасын ашып градиенті бар қабат үшін Blending Options
(Орналастыру мәндері, Параметры наложения) мәнін - Screen (Экран), ал Opacity
(Мөлдір еместік, Непрозрачность) мәнін – 75% деп алыңыз. Нәтижесі 14-суретте
көрсетілген.
Кез келген мәтін жазып, қабаттың Drop Shadow (Сыртқы көлеңке, Внешняя
тень) стилінің көмегімен оған аздап көлеңке қосыңыз. Layers палитрасындағы мәтіні
бар қабатты градиенті бар қабаттан төмен орналастырыңыз. Соңғы нәтиже 15-
суретте көрсетілген.