Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


№11 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған майшамды жасау



Pdf көрінісі
бет36/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
№11 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған майшамды жасау
CorelDraw графикалық редакторын іске қосып, Basic Shapes (Базовые 
фигуры) құрал-сайманының ішінен, тамшыға ұқсайтын фигураны таңдап алып, бұл


фигураның екі көшірмесін жасау қажет. Бірі-үлкен және түсі - сары, ал екіншісі
- кіші, түсі - қызыл болу қажет. Қызыл түсті тамшыны сары түсті тамшының 
үстіңгі бетіне орналастырамыз (166-сурет). Пайда болған фигуралардың сыртқы 
контурын алып тастаймыз (167-сурет).


166-сурет
167-сурет
Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып, 
екі объектінің арасына ағым (перетекание) жүргіземіз (168-сурет).
Оттың суретін салып болдық, енді майшамның фитилін салу қажет. Ол 
үшін төртбұрыш құрал-сайманын пайдаланып, оны градиенттік бояумен 
(Gradient Fill) бояу қажет.
168-сурет
Салынған от пен фитильді біріктіру қажет: Компоновать → Группа 
командасының көмегімен.
Енді майшамның өзін салу қажет. Ол үшін параллель екі овал саламыз да,
Fountain Fill (Градиентная заливка) құрал-сайманын таңдап алып, 169-суретте 
көрсетілген параметрлерді енгіземіз: (а - төменгі овалдың параметрі, б - үстіңгі 
овалдың параметрі).


169-сурет
Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып 
төменгі овалдан жоғарғы овалға ағым (перетекание) жүргіземіз (170-сурет). Ағым 
қадамын 120 деп беріңіз.
Соңғы кезең барлық объектілерді біріктіру керек. Ол үшін барлығын 
белгілеп: Компоновать → Группа командасын орындау қажет (171-сурет).
170-сурет
171-сурет (нәтиже).
№12 Практикалық жұмыс. Ұлғайтқыш лупа жасау
Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, Basic Shapes (Базовые 
фигуры) құрал-сайманының көмегімен лупаның корпусын жасаймыз. Ол үшін ең 
алдымен, Basic Shapes (Базовые фигуры) құрал-сайманының ішінен, трапецияға 
ұқсайтын фигураны таңдап алып, лупаның тұтқасын және лупаның басқы бөлігін 
жасау керек (172-сурет)
Pick (Указатель) құрал-сайманының көмегімен екі объектіні де белгілеп 
алып, келесі команданы орындаңыз: Arrange → Shaping → Weld (Расположение
→ Изменение формы → Объединить). Нәтижесінде осы екі фигура 
бірігеді (173-сурет).


172-сурет
173-сурет
Пайда болған объектіні бояу керек. Ол үшін: Pattern Fill Dialog 
(Диалоговое окно узорной заливки) құрал-сайманын алып, келесі параметрлерді 
беру керек (173-сурет).
173-сурет
Пайда болған объектіге көлем беру керек. Ол үшін: Window → Dockers → 
Extrude (Окно → Докеры → Выдавливания), суретте көрсетілгендей 
параметрлерді береміз (174-сурет).
Параметрлер беріліп болса Applay (Применить) батырмасын басу қажет.
Енді лупаның әйнегінің ұлғаюын келтіру қажет. Ол үшін Ellipse
(Эллипс) құрал-сайманын алып екі дөңгелек сызамыз.


174-сурет
Сызылған дөңгелектің бірін белгілеп алып, Window → Dockers → Lens → 
Manify (Окно → Пристыковываемые окна → Линза → Увелечение) командасын 
орындап, келесі параметрлерді береміз (175-сурет). Сызылған дөңгелектің 
екіншісін белгілеп алып, Window → Dockers → Lens → Fish eye (Окно → 
Пристыковываемые окна → Линза → Рыбый глаз) командасын орындап, келесі 
параметрлерді береміз (176-сурет).
175-сурет
176-сурет
Бірінші дөңгелектің үстінгі жағына екіншісін орналастырып, екі объектіні 
біріктіріңіз (группировка). Дайын болған әйнекті лупаға орналастырып, бүкіл 
объектіні біріктіріңіз (177-сурет.


177-сурет (нәтиже)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет