терезесінде мәтіннің үлкен блоктарын енгізу қолайлы болып табылады. Сондай-
ақ Ctrl+Shift+T пернелерінің комбинацияларын пайдалануға болады.
Мәтінді енгізуді аяқтағаннан кейін Pick сайманын таңдап алыңыз немесе
пробел пернесін басыңыз.
141-сурет
142-сурет
Жекелеген қатарға көркемдік мәтінді қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Қолайлы масштабта құжат бетінің қажетті орнын таңдап алыңыз.
Саймандар панеліндегі Text Tool (Мәтін) белгісін таңдаңыз немесе F8
пернесін басыңыз. Тышқанның көрсеткіші төменгі оң бұрышында
А әрпі бар
крест түріне айналады.
Тышқанды шертіңіз. Таңдап алынған жерде
мәтінді енгізу тігінен
жыпылықтаған курсор пайда болады.
Шақыру процедурасы жоғарыда келтірілген Edit Text диалогтық терезесінің
көмегімен немесе пернелер тақтасынан мәтінді енгізіңіз.
Көркемдік мәтінді енгізіп болғаннан кейін Pick сайманын немесе пробел
пернесін басыңыз. Мәтін қатарының айналасында ерекшелену маркерлері пайда
болады.
Text → Convert to Paragraph Text (Мәтін → Жай мәтінге түрлендіру)
командаларын орындау кезінде мәтіннің типі ауыстырылады. Сондай-ақ Ctrl + F8
пернелерінің комбинациясын немесе мәтінде
тышқанның оң жақ батырмасын
басу арқылы ашылатын жанама менюден сәйкес команданы пайдалануға болады.